Жұмабеков Ербол Ерғабылұлы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
Аудандық оқушылар үйі
«Балғын суретшілер» үйірмесінің жетекшісі
Сабақтың тақырыбы: Абай өлеңдеріне иллюстрация жасау. «Желсіз түнде жарық ай»
Мақсаты: Абайдың табиғат жайлы шығармалары туралы түсінік беру, графикалық жұмыстың ерекшеліктеріне көңіл бөлу. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің мазмұнын түсіне отырып, иллюстрацияны графика түрінде бейнелеуді үйрету. Әдебиетке деген түсінігін қалыптастыру, өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі. Плакаттар, суреттер, т.б.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: қылқалам, қара тушь, майшам, қарындаш.
Күтілетін нәтиже:
Абайдың табиғат туралы өлеңдерін біліп, түсінігін бейнелей алатын болады;
Иллюстрацияны графика түрінде бейнелеуді үйренеді;
Бірлесе жұмыс жасауды білетін болады.
Негізгі идеялар: Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде табиғат көрінісі суреттелген. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің мазмұнына иллюстрацияны- графика түрінде орындайды. Түнгі табиғат көрінісін әдемі де, мағыналы етіп көрсетеді.
Сабақтың барысы:
Достарыңызбен бөлісу: |