«Тексерілді»
МДОІЖО: З.Абдрасилова
Мектептің атауы: Ә.Молдағұлова атындағы жом
Мұғалім: Г.Қойлыбаева Пәні: әдебиет Сыныбы: 5 «А»
Қысқа мерзімді жоспарлау
Күні: 5 наурыз 2015 ж.
|
Пәні: әдебиет
|
Сынып: 5-сынып
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қ.Аманжолов «Дауыл» өлеңі
|
Сабақтың мақсаты:
|
Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы деректермен таныстыру. «Дауыл» өлеңінің тақырыбы мен идеясын анықтау
|
Оқыту нәтижелері:
|
Қасым Аманжоловтың өмірі және шығармашылығымен танысады. «Дауыл» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасау арқылы тақырыбы мен идеясын анықтайды.
|
Негізгі дереккөздер
|
оқулық,флипчарт,стикер,маркерлер,слайд,бағалау парақтары.
|
Сабақ барысы:
|
Сабақ
бөлімдері
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ресурстар, көрнекіліктер
|
Ұйымдастыру
кезеңі
(3 минут)
|
Ынтымақтастық атмосферасын құрғызамын,мақал-мәтелдер бойынша топқа бөлемін.
|
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден- деген өлең жолдарымен шеңбер болып тұрып,мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлінеді.
|
«Достық», «Еңбек», «Білім», «Ерлік» туралы мақал-мәтелдер
|
Үй тапсырмасын
сұрау
(10 минут)
|
Т.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесінен үзіндісін бөлімдер бойынша мазмұндатамын.
|
Әңгіме мазмұнын өз сөздерімен айту арқылы тілдік нормаларды дұрыс қолдануға үйренеді.
|
|
Ой тастау
(4 минут)
|
Қ.Аманжолов туралы не білесіңдер? Бұрын қандай шығармасымен таныстық? сұрақтары арқылы сабаққа назар аудартамын.
|
Электронды оқулықтан
Қ.Аманжолов туралы аудиожазбаны тыңдайды.
|
Оқулық
|
Қолдану
(10 минут)
|
Оқушыларға топтық тапсырма беріп,жұмыстарын қадағалаймын,бағыт-бағдар беремін.Топбасшыларына топ мүшелерін бағалап отыруды еске саламын.
|
І топ - Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына постер жасайды.
ІІ топ - «Ассоциация» құрады.
ІІІ топ- «Дауыл» өлеңінің мазмұны бойынша сурет салады.
ІV топ – хронологиялық кесте жасайды.
|
Маркер тақталары, маркерлер
|
Сергіту сәті
(3 минут)
|
Оқушыларды интерактивті тақта арқылы бейнероликке қарап, би билетемін.
|
Бейнероликті көріп,мультиктегі балалардың іс-әрекетін қайталайды..
|
Бейнеролик
|
Қорытындылау
(7 минут)
|
«Екі жақты түсініктеме» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын.
|
Жазбаша материалдарын дайындайды, жазғандарын өзара алмасып, талқылайды.
Ойларын жинақтайды
|
А4 парақтары,
оқулық
|
Бағалау
(3 минут)
|
«Өзін-өзі бағалау парағына» бағалау жасауын сұраймын.
|
Әр оқушы берілген критерийлер бойынша өзін-өзі бағалайды.
|
«Өзін-өзі бағалау парағы»
|
Үйге тапсырма
(2 минут)
|
Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармалары туралы тың деректер іздеу, «Дауыл» өлеңін жаттау.Сурет салу.
|
Үй тапсырмасын белгілеп алады.
|
Интернет
|
Кері байланыс
(3 минут)
|
Смайликтер арқылы «Сабақ соңындағы көңіл-күйім» кері байланысын жасатамын.
|
Кері байланыс жазып, тақтаға іледі.
|
стикерлер
|
«Тексерілді» МДОІЖО: З.Абдрасилова
Мектептің атауы: Ә.Молдағұлова атындағы жом
Мұғалім: Г.Қойлыбаева
Пәні: әдебиет Сыныбы: 5 «А»
Қысқа мерзімді жоспарлау
Күні: 11 наурыз 2015 ж
|
Пәні: әдебиет
|
Сынып: 5 – сынып
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ж.Молдағалиев «Ар-ұят туралы» өлеңі
|
Сабақтың мақсаты:
|
Ж.Молдағалиевтің өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен негізгі идеясын ашуға дағдыландыру.Ар-ұят, намыс, т.б адамгершілік қасиеттерді ұғындыру.
|
Оқыту нәтижелері:
|
Тапсырмаларды орындай отырып өлеңнің тақырыбын, негізгі ой түйінін анықтайды, мазмұнын түсінеді, өзін - өзі бағалауға үйренеді.
|
Негізгі дереккөздер
|
Интерактивті тақта,слайдтар,оқулық,флипчарт ,стикер,маркерлер, сөйлемдер жазылған қима қағаздар, түрлі түсті кәмпиттер
|
|
Сабақ барысы:
|
Сабақ бөлімдері
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ресурстар, көрнекілік-
тер
|
Ұйымдастыру кезеңі
(5 минут)
|
1. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастырамын.
2.Түрлі түсті кәмпиттерді таңдату арқылы топтарға бөлемін.
3.«Ауызбіршілік» видеоролигін
көрсетемін.
|
Шеңбер болып тұрады.
Видеоны көріп,
Ынтымақтастықта
жұмыс атқаруға дағдыланады.Топқа бөлінеді.
|
«Ар», «Ұят», «Намыс», «Әдеп» топ аттары жазылған қағаздар, видеоролик
|
Үй тапсырмасын
сұрау
(5 минут)
|
Үйге берілген тапсырманы сұраймын
|
Қ.Аманжоловтың «Дауыл» өлеңін жатқа оқиды.
|
|
Үй тапсырмасын бекіту
(5 минут)
|
«Хат» әдісі арқылы үй тапсырмасын бекітемін.
|
Әр топ өздеріне келген хаттағы сұрақтарға жауап береді
|
Конверттегі сұрақтар
|
Жаңа сабақ
(10 минут)
|
Жаңа тақырыпты «Дөңгелек үстел» әдісін пайдалана отырып «Ар – ұят» туралы біз не білеміз? Кім, қалай ойлайды? –деп,ойларын жаздырамын.
Әр топтың атына байланысты тапсырмалар беремін.
Жаңа тақырып бойынша түсінгендерін флипчартқа түсірулерін сұраймын.
|
Жаңа мәліметтерді интерактивті тақтадан тыңдап, тамашалайды.
Өздеріне берілген тапсырманы топ болып орындайды.
|
Интербелсенді тақта,
флипчарт,
маркерлер,
түрлі-түсті қағаздар.
|
Сергіту сәті
(4 минут)
|
Дене жаттығуларын жасатамын.
|
Музыка ырғағымен дене жаттығуларын жасау барысында бойларын, ойларын сергітеді.
|
Интерактивті тақта
|
Сабақты бекіту
(5 минут)
|
Сабақты бекіту мақсатында адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттер жөнінде Венн диаграммасын жасатамын.
|
А.Құнанбаевтың «Бес асыл іс пен бес дұшпанын» негізге ала отырып,Венн диаграммасын құрайды.
|
Флипчарт, маркерлер
|
Сабақты қорытындылау
(5 минут)
|
«Ар-ұят туралы» өлеңінің мазмұны бойынша рөлдік ойын ойнатамын.
|
Бір топтан ақсақалды, екінші топтан жігітті, үшінші топтан автор сөзін орындаушыны дайындап шығарса, бір топ сарапшы қызметін атқарады.
|
|
Бағалау
(3 минут)
|
«Өзін-өзі бағалау парағына» бағалау жасауын сұраймын.
|
Әр оқушы берілген критерийлер бойынша өздерін бағалайды.
|
«Өзін-өзі бағалау» парағы
|
Үйге тапсырма
(1 минут)
|
«Ар - адамдық өлшемі» тақырыбына эссе жазу
|
Үйде ізденіп,эссе жазып келеді
|
Интернет
|
Кері байланыс
(2 минут)
|
«Бағдаршам» бойынша кері байланыс жасатамын.
|
Кері байланыс жасайды.
|
Смайликтер, стикерлер
|
«Тексерілді» МДОІЖО: З.Абдрасилова
Мектептің атауы: Ә.Молдағұлова атындағы жом
Мұғалім: Г.Қойлыбаева
Пәні: әдебиет Сыныбы: 5 «А»
Қысқа мерзімді жоспарлау
Күні: 14 наурыз 2015 ж
|
Пәні: әдебиет
|
Сынып: 5 – сынып
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қ.Шаңғытбаев. «Сабалақ»өлеңі
|
Сабақтың мақсаты:
|
Ақын өмірі, шығармашылығымен танысып, өлеңнің мазмұнын меңгерту.
|
Оқыту нәтижелері:
|
Аңырақайдағы қазақ – қалмақ соғысының тарихын біледі.
Тарихтағы Абылай мен өлеңдегі Абылай бейнесін салыстыра, сипаттай алады.
Ақын өмірі, шығармашылығы туралы мәліметті айта алады.
Өлеңнің бас кейіпкері қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі екендігін түсінеді.
|
Негізгі дереккөздер
|
Интерактивті тақта, слайдтар,оқулық,флипчарт ,стикер,маркерлер, Абылай хан туралы бейнеролик
|
|
Сабақтың баысы:
|
Сабақ бөлімдері
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ресурстар, көрнекіліктер
|
Ұйымдастыру кезеңі
(3 минут)
|
1. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастырамын.
2.Тарихқа байланысты сөздермен топқа бөлемін.
3.Топ басшыларына бағалау парағын беремін.
|
Шеңбер болып тұрып,ыстық алақан арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтады. «Абылай», «Сабалақ», «Әбілмансұр», «Сардар» деген атаулармен топқа бөлінеді.
|
«Абылай», «Сабалақ», «Әбілмансұр», «Сардар» топ аты, стикерлер
|
Үй тапсырмасын
сұрау
(7 минут)
|
«Желпуіш» әдісі арқылы үйге берілген тапсырманы сұраймын.
|
«Желпуіш» әдісі арқылы топтар бір-біріне сұрақтар қояды.
|
Сұрақтар.
|
Жаңа сабаққа кіріспе
(3 минут)
|
Батырлық,ерлік туралы мақал айтып,бүгінгі сабақтың тақырыбын ашқызамын. Абылай хан туралы видеоролик көрсетемін.
|
Мақал-мәтелдер айтады.Видеоролик көре отырып,тақырыпты ашады.
|
Оқулық, интербелсенді тақта.
|
Жаңа сабақ
(8 минут)
|
1. «Хан» сөзіне ассоциация құрғызамын.
2.Ақын өмірі мен шығармалары туралы презентациямен таныстырамын.
Мәтін мазмұнын түсіну, меңгерту мақсатында «ДЖИГСО» әдісін пайдаланамын.
|
Ассоциация жасайды.
Жаңа мәліметтерді интерактивті тақтадан тыңдап, тамашалайды.
«ДЖИГСО» әдісі арқылы жаңа тақырыптың мазмұнымен танысады.
|
Интербелсенді
тақта
флипчарт,маркерлер,түрлі-түсті қағаздар
|
Жаңа сабақты бекіту.
(7 минут)
|
3. 4топқа түстерді таңдау арқылы талдау тапсырмаларын беремін
|
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.
1-топ.Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашыңдар.
2-топ.Өлеңді композициялық құрылымына талдаңдар.
3-топ.Өлеңнен «Ер қаруы – бес қаруды» табыңдар.
4-топ.Өлеңнен «Сабалақ» бейнесін суреттеген жерін тауып жазыңдар.
|
|
Сергіту сәті
(4 минут)
|
Дене жаттығуларын жасатамын.
|
Музыка ырғағымен дене жаттығуларын жасау барысында бойларын, ойларын сергітеді.
|
Интерактивті тақта
|
Сабақты қорытындылау
(5 минут)
|
«5 минуттық эссе» стратегиясы оқушылар шағын эссе жазады.
|
1-топ. “Абылай ханға тағзым”
2-топ. «Абылай ханға хат»
3-топ. «Тосып келем, сол – ендігі арманым ...»
4-топ «Егер де мен Абылай хан болсам …»
|
А-4 парағы
|
Бағалау
(3 минут)
|
Топ басшыларына «Топ мүшелерін» бағалау жасауын сұраймын.
|
Топ басшылары берілген критерийлер бойынша топ мүшелерін бағалайды.
|
«Топ мүшелерін бағалау » парағы
|
Үйге тапсырма
(2 минут)
|
“Сабалақ” өлеңінен үзінді жаттау. Абылай хан туралы қосымша ақпарат жинап келу.
|
Үйде ізденіп, Абылай хан туралы қосымша деректер тауып келеді.
|
Интернет
|
Кері байланыс
(3 минут)
|
Блоб ағашы бойынша кері байланыс жасатамын.
|
Кері байланыс жасайды.
|
Смайликтер, стикерлер
|
«Тексерілді» МДОІЖО: З.Абдрасилова
Мектептің атауы: Ә.Молдағұлова атындағы жом
Мұғалім: Г.Қойлыбаева
Пәні: әдебиет Сыныбы: 5 «А»
Қысқа мерзімді жоспарлау
Күні: 17 наурыз 2015 ж
|
Пәні: әдебиет
|
Сынып: 5 – сынып
|
Сабақтың тақырыбы:
|
М.Мақатаев «Фантазия» өлеңі
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушыларды сезіммен өлең өрген жыр пырағы - Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таныстырып, жас буынды поэзия нәрімен сусындату. Мұқағали өлеңі арқылы қазақ ауыз әдебиетіндегі қиял - ғажайып ертегілердің қазіргі таңда шындықпен байланысын көрсету.
|
Оқыту нәтижелері:
|
1.Ақын шығармашылығы туралы білгендерін еске түсіреді.
2.Өлеңнің айтар ойын өмірмен байланыстыра алады.
3.Шығарманы басқа өлеңдермен салыстыра алады.
4. Өлеңді талдай алады.
|
Негізгі дереккөздер
|
Интерактивті тақта,слайдтар,оқулық,флипчарт ,стикер,маркерлер, М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты видеоролик.
|
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақ
бөлімдері
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ресурстар
көрнекілік-тер
|
Ұйымдастыру кезеңі
(3 минут)
|
Ынтымақтастық атмосферасын туғызу мақсатында шеңберге тұрғызамын, интербелсенді тақтада жазылған
өлең жолдарын бірігіп оқимыз.
|
Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім? Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзім? Шындық, бірлік, адалдық.
|
Интербелсенді тақта
|
Үй тапсырмасын
сұрау
(7 минут)
|
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.
|
Оқушылар үйден Абылай ханға арнап жазып келген хаттарын топ ішінде талқылап, үздік деп танылған хат оқылады.
|
|
Жаңа сабаққа кіріспе
(5 минут)
|
М.Мақатаев туралы не білетіндерін сұраймын, төменгі сыныпта жаттаған өлеңдерін жатқа айтқызамын.
- «Фантазия» сөзін қайда естіп жүрміз? Ол сөзбен нелер байланысты деп ойлайсың? - деген сияқты түрткі сұрақтарды қою арқылы оқушыларға «фантазия» сөзінің мағынасын жан – жақты түсіндіремін.
|
М.Мақатаев туралы не білетіндерін айтады.
Төменгі сыныптарда жаттаған өлеңдерін естеріне түсіріп, жатқа оқып береді.
«Фантазия» сөзінің мағынасын түсінеді, өлеңді мәнерлеп оқиды.
|
Оқулық
|
Жаңа сабақ
(10 минут)
|
Ақын өмірі мен шығармашылығы бойынша презентацияны тамашалауға шақырамын.
«Ертегіде табысқан ертеңімен
Ғаламаттар туылған ертегіден» деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер. Бүгінгі өмірмен қалай байланыстырар едің?
Топтық тапсырмалар, постер қорғау:
|
Топтық тапсырмалар орындайды
1-топ: Ер Төстік ертегісінде Шалқұйрыққа тіл бітті. Осы құбылысты бүгінгі заманның қандай жетістігімен байланыстыруға болады?
2-топ: Ер төстіктің досы, жер астының атақты тыңшысы, қандай жасырын әңгіме болса да, тыңдап алатын, алыстағы, жақындағына түгел еститін досы кім еді? Оның осы қасиеті бүгінгі нені елестетеді? Бүгінгі заманмен байланыстырып көрші.
3-топ: Кендебай ертегісінде Кендебай құйрықты қойнынан суырып алғанда, үйдің іші жап – жарық болып кетеді. Сол кездегі ғажайып құбылысты неге ұқсатар едіңдер? Ертеде лезде бөлме ішін, даланы, көшені жап- жарық қылатын құрал болған ба?
Берілген сұрақтар бойынша сурет салады.
|
Интербелсенді тақта
|
Сергіту сәті
(4 минут)
|
|
Музыка ырғағымен дене жаттығуларын жасау барысында бойларын, ойларын сергітеді.
|
Интерактивті тақта
|
Сабақты бекіту
(8 минут)
|
|
|
А-4 парағы
|
Бағалау
(3 минут)
|
«Өзін-өзі бағалау парағына» бағалау жасауын сұраймын.
|
Әр оқушы берілген критерийлер бойынша өздерін бағалайды.
|
«Өзін-өзі бағалау» парағы
|
Үйге тапсырма
(2 минут)
|
«Менің қиялымдағы болашақтағы әлем» тақырыбына эссе жазу.
2.Мұқағали өмірінен қызықты мәліметтер, фотосуреттер табу.
3. Өлеңді жаттау.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
Интернет
|
Кері байланыс
(3 минут)
|
«Екі жұлдыз,бір тілек»бойынша кері байланыс жасатамын.
|
Кері байланыс жасайды.
|
Смайликтер, стикерлер
|
Достарыңызбен бөлісу: |