Сабақтың тақырыбы : Аян лирикалық қаһарман әрі трагедиялық бейне (С. Мұратбековтің «Жусан иісі» повесі), 7-сынып



бет1/2
Дата28.06.2017
өлшемі433,27 Kb.
#20404
түріСабақ
  1   2

 Алматы қаласы

«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Камзина Марпуга Слямкановна
Сабақтың тақырыбы: Аян – лирикалық қаһарман әрі трагедиялық бейне

(С. Мұратбековтің «Жусан иісі» повесі), 7-сынып



Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Шығарманың мазмұнын  талдай отырып,идеясын ашу жазушының кейіпкер бейнесін ашудағы шеберлігін таныту, кейіпкерге талдау жасау.



2.Дамытушылық: Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы шығармадағы қажетті үзінділерді таңдап, ой түйінін қорытындылап шығаруға  машықтандыру, өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту, іздендіру, зерттеу жұмыстарына баулу, өзіндік ой-пікір қалыптастыруға жетелеу. Әңгіме мазмұнының тарихилығын, өмірмен байланысын анықтау.

3.Тәрбиелілік: Жазушы көтерген проблемалар тағылымынан өнеге алып, оқушылардың азаматтық бейнесін қалыптастыру, кейіпкер тағдырына ортақтастыра білу, сезімді, төзімді, қайырымды болуға, бауырмалдылыққа, мейірімділікке  тәрбиелеу. Сабақтың типі: Білім мен білік дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: cұрақ-жауап, талдап-жинақтау, проблема тудыру, іздестіру,оқулықпен жұмыс, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, слайд, үнтаспа, кесте, тест тапсырмалары,
интерактивті тақта. «Жусан иісі» бейнефильм, «Айтуға оңай», «С. Мұратбек»аудио-жазба, оқушы шығармашылығынан кітапшалар, суреттер, слайдтар, бір түп жусан өсімдігі, С. Мұратбековтің портреті, кітап көрмесі.
Пәнаралық байланыс: биология, өзін-өзі тану, тарих, ән, сурет
Сабақтың  эпиграфы:  «Жылауды әркім біледі, мықты болсаң, нағыз еркектерше қиыншылықта жыламай бақ». (204 б)

Сабақтың барысы.


І.Ұйымдастыру кезеңі.
Зейіндерін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын  тексеру

Композициялық құрылымы

І. Басталуы

ІІ. Дамуы

ІІІ. Шиеленісуі
ІY. Шарықтау шегі
Y. Шешімі


Алыста қалған балалық шақ, Аянмен алғаш танысу сәті.

Аянның әжесінің өлімі, кісі есігіндегі жетімдік .

Аяғының тобығын тайдырып ала беруі, Тұржанның соққысы.

Ағасынан келген қаралы қағаз


Аянның балалар үйіне кетуі



Слайд-1 Жусан

І.   Қызығушылықты ояту. Ой шақыру

Жусан шөбін иіскету. Иісін сезіндіру (шөпті тарату)

Мұғ: Әңгіменің «Жусан иісі» деп аталу себебі неде? Әңгіменің тақырыбы мен негізгі идеясы не? Ендеше, соғыс кезінде ауыл балаларының тағдыры, ертегі айтқыш Аян тағдыры туралы көріністі көріп, жазушы жусан иісі арқылы қандай қандай ой тастады? Ойымызды айтайық.

«Жусан иісі» бейнефильм

ІІ. Көрініс.

Балалар ойнап жүреді.

-Әй, мынау кім? –деді Садық.

-Кекілін қара, ей өзінің. Жаман әліне қарамай.

- Ә... Мен білдім. Ей, бала, сендер кеше көшіп келдіңдер ғой,ә? Қоңыр сиырларың бар ғой,ә?

-Иә, қоңыр сиырымыз бар.

Атың кім?

-Аян.

Бәрі: Аян. Аян. Аян.Шатаққұмар балалар бір-екі түйіп қалады.

-Менің көкемде жоқ, апам да жоқ. Сондықтан төбелессем әжем ұрсады ғой.

Балалар, бүгінен бастап, дос болайық.

-Жүр кеттік, атыспақ ойнайық.

Балалар Аянның үйіне келеді. Көрісіп отырған әжелер...

-Әжесі өлгеніне неге жыламайды, ей? Бәрі төмен қарап отырады. Бір уақытта:

-Ертегі тыңдайсыңдар ма?

Орнынан тұрады.

-Жүріңдер үйдің сыртында отырайық. Қораға келеді. Отырады. Ол бәріне бір көз сүзіп шығады да: Ертеде бір жетім бала болыпты. Оның қотыр тайы болыпты. Бір күні қотыр тайы оған: «Мынау қоңыр тауда жалғыз көзді дәу тұрады. Бүгін түнде маған қанат бітеді. Мен сені сонда апарамын. Көзіңді жұмып отыр, - дейді. Жетім бала қотыр тайдың айтқанын түгел орындайды. Бір кезде қотыр тай: «Енді көзіңді аш», - дегенде, көзін ашса, шошайған тау тұр екен.

-Жалғыз көзді дәу естіп қоймасын. (Бір-біріне тығылып, дәу естіп қоймасын дегендей, сыбырласып отырады.)

-Жалғыз көзді дәу ойанып кетпесін! Үйімізге қайтайық. (Бәрі орындарынан тұрып, кетеді.)

-Балалар, ертең мен сендерге бұдан да қызық ертегі айтып беремін.



Мұғ: Әңгіме сендерге қандай ой салды? Кім айтады?
ІІІ. Ой-толғаныс:

Шынар:

Менің оқып біткенше көзімнен жас кетпей қойды. Ал достарым суретті бейнесін көрсетіп берді. Енді бұл повесті мен ешқашан ұмытпайтын боламын. Аян жетімдіктің тауқыметін тартты. Бірақ ешқашан жасыған емес, өмірмен күресе білді. Оның осы қасиеті мені қайран қалдырды. Өзі зерек, адал, көп біледі. Ақсақсың деп ойынға да қоспайды. Сонда да ол ренжімейді. Балалардың қасында мұңайып тұра береді. Шолақ қол бригадир Тұржанның Аянды өлімші етіп сабағаны жаныма қатты батты. Соғыс енді болмаса екен. Жетім балалар болмаса екен.

ІY. Оқулықпен жұмыс:
«Ұлы Отан соғысы» бейнефильм

  1. Соғыстың адамдарға салған қиындығын суреттеген жерін тауып оқыймыз. Соғыс салған

қиыншылық жалғыз Аянның басында ғана болған жоқ, сол кездегі мыңдаған бала басынан өткерген тағдыр екендігін айту.)

  1. Аянның қара қағаз алған жерін тауып оқы.


Мұғ: Балалар, әңгімнің басы қалай басталады? Алыста қалған балалық шағым... Аянның өмірінде қуанышты сәттер мүлде болмаған. Көргені қорлық, жетімдік пен соғыстың зардабы болды Ал сендердің балалық шақтарың қалай өтіп жатыр? Бейбіт заманда бақытты өмір сөрудеміз. Бәрі бар, тек оқуымыз керек.Ақшаң болса бәрін сатып алуға болды. Айфон,..

Тамаша! Лайым әрқашанда осылай болғай!

Мұғ: Ал бүгінгі сабағымызда Аянның тағдырына шығармашылық сабақ тұрғысынан тоқталамыз. Аян - қазақ әдебиетінде бұған дейін болмаған, жаңа да дара, теңдесі жоқ әрі қаһармандық, әрі трагедиялық бейне екенін танып білетін боламыз. Үйге көп шығармашылық жұмыс берілген болатын. Дайындықтарыңды сабақ барысында анықтаймын. Оқулық, дәптерді ашамыз. Тақырыпты жазыңдар.

Y.  Мағынаны ажырату.

Жоспар құру. Барлығымыз бірлесіп мінездемелік жоспар құрамыз
1. Аян тағдыры.
2. Аянның қоныс аударуы.
3. Ауыл балаларымен достасуы.
4. Хат тануы.
5. Тобығын тайдыруы.
6. Ертегі айтуы.
7. Әжесінің қайтыс болуы.
8. Бапайдың үйіне көшіп келуі.
9. Интернатқа кетуі.

10. Аянды сағыну
YІ. Топтық жұмыс: (Топқа бөлу) Тапсырма орындау

І топ-Үздік әдебиетшілер. Басшысы – Айғаным

1.Аян бейнесін құрастырады. Портретін сипаттайды. Оқулықтан тауып оқы. Мінездеме береді.

Аян -ақкөңіл, ақылды. Алғашқы күннен-ақ бұрыннан таныс адамдай сіңісіп кетті.

Аян-зерек. Бірінші күннен-ақ зеректігімен, алғырлығымен танылады.

Аян-ұстамды, төзімді. Басына түскен қайғыға мойымай, төзімділікпен көтере білді. Хатты тез таниды. Тапқыр, қиялы жүйрік.



Аян-бұзық емес. Себебі ешкіммен төбелескен жоқ.

Аян- досқа адал, сауатты, алғыр, білімге құштар, көпшіл, сабырлы, жігерлі, төзімді.



Тағдыр тауқыметін арқалаған Аянның қайсар келбеті

мазмұны

1.Кекілі желмен желбіреген сүйкімді Аян
2. Жайдары мінезді , жақсы жолдас


  1. 1-сыныпқа келгенде алғыр, зерек оқушы болды және майдандағы әкесіне (аға деп атайды) хат жазуды тез меңгеріп алады.


4 Үш рет тобығын тайдырып, аяғын ауыртып алады.
5. Әже өлімін қасқайып көтереді


6.Табиғат сырын танығыш
7. Қиялы жүйрік, ертегі мазмұнынан өмірде бұрын көрмеген өнер туындысы туралы айтады.
8. Әкесін сағынғанда әкеден қалған пальтоны иіскейді.

9.Ауыл басқармасы Тұржаннан таяқ жегенде жетімдікті сезінеді
10. Жаз ортасында Аянның ағасынан қара қағаз келді.


12. Аян балалар үйіне аттанады.

13. Аянның ертегісі аяқталмады.

Мұнтаздай тазалығымен балаларға ерекше әсер етті
Балалармен тез тіл табысады, ешкіммен сөзге келмейді

Балаларға хат жазуға үйретті


Сынықшы Асылбек шалға аяғын салдырады

Әже зиратына топырақ салды. Балаларға ертегі айтып, іштегі қайғысын тұншықтырады.
Е, жұлдыздың нуы жиі екен, ертең де күн ашық болады.”

Алдында шамы бар ылди-өрде бірдей сырғанайтын рульді шана туралы айтады.

Әжесі: “Ағаңды Жусанды төбеде мал қайырып жүргенде тапқанмын” дейді екен.

Ағасының пальтосын иіскеп, ағасы келген соң Тұржаннан өш алатынын айтады.

Жылауды әркім біледі. Мықты болсаң жыламай бақ.

Кешке қарай ат қораға кіріп, Аян солқылдап ұзақ жылады. Сыртқа шыққанда “күн ыстық-ақ, ә!” деді

Балаларды көңілсіздік басады.

Жусандытөбеге орала ма екен?


2. Қандай көркем сөз маржандары бар?

ІІ топ –Талантты жазушылар. Басшысы – Сымбат. Шығармашылық тапсырма орындайды.

  1. Аянның «Жалғыз көзді дәу» ертегісін өз ойынан құрастырып аяқтайды Ертегі құрастыру оңай емес, ойы ұшқыр бала бар ма екен арамызда?


«Көңіл толқыны» С.Мқратбеков тур. бейнефильм Жасұлан: Таудың иесі Жалғыз көзді дәуді көреді. Ол оған қаншама арманым болса да бірде-біреуінің орындалмағанын айтып, мұңын шағады. Сонда дәу: «Менің саған бір сиқырлы тас берейін, ол сенің бір-ақ тілегіңді орындай алады»,- дейді. Бала ұзақ ойланып тұрып, жауды жеңіп, достарының әкелері аман оралуын сұрайды. Аян қотыр тайымен ұшып еліне келсе, Жеңісті тойлап жатыр екен. Аян оқуға түсіп, ғалым болып, игілігін еліне жұмсайды.
Мұғ: Ертегі-келешекке үмітіңді алға жетелейді. Рахмет.

  1. Аянға хат жаз .Аянның аянышты тағдырының суретін салады.


«Жусан иісі» бейнефильм (От жанып жатқан жерінен баста) Төлеген:

Аянға хат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет