Сабақтың тақырыбы : Аян лирикалық қаһарман әрі трагедиялық бейне (С. Мұратбековтің «Жусан иісі» повесі), 7-сынып



бет2/2
Дата28.06.2017
өлшемі433,27 Kb.
#20404
түріСабақ
1   2

Аян! Сенің тұрағың дүниенің қай түкпірінде екенін білмесем де, осы хатты өзіңе арнап жазайын дедім. Қолыма қаламымды алдым. Неден бастасам екен? Амансың ба? Қайда болсаң да, қандай қалыпта болсаң да, әйтеуір бармысың? Бұрын жүзің сынық, аяғың ауыратын еді. Енді қалайсың? Біз сені сағындық. Жусанның иісін де. Не жайлы айтсам екен деп бірсыпыра ойландым да. Жетімдер тағдыры қатты ойландырды. Соғыста емес бейбіт күнде баласын тастап кететін аналар көбейіп келеді. Оларға тек мейірім жетіспейді. Адамдар, неге қатыгез. «Адамдар, қаталсыңдар! Одан әлі зардап тартарсыңдар!» деген Фариза ақынның сөзін неге жарнамаламайды? Мүмкін кездесетін де шығармыз. Деніңнің саулығын тілеймін. Жеңістің 70 ж мерейтойына шақырамыз. Сәлеммен 7-сынып оқушысы Төлеген. Алматы қаласы. 17.04.15.


Сымбат: Мен өлеңжазып келдім.
Қиыншылық көрген жастайынан

Қиялшыл бала еді жас шағынан.

Соғыстың зардабынан жетім болып,

Жалғыздықтан интернатқа тасталынған.


Аян деген мықты бір бала болған,

Мөлдіреген көздері жасқа толған.

Ешқашан да жетіммін деп ойламаған,

Ертегі әлеміне ерте қонған.


-Аян қазір қайда екен?

Достары оның бар ма екен? -Ер жетіп, үйлі болып, Ақын болып жүр ме екен? Айым: Мен Аянның прототипі – Науқан Керімовті «Айтуға оңайдан» көрдім.


Науқан атаға хат


Құрметті, ата! Сіз. Мен сізді теледидардан көрдім. Соғыстың ащы дәмін таттыңыз. Сонда да адами қасиетіңізді биік ұстадыңыз. Сондықтан біз сізді мақтан тұтамыз. Мен сізге өзімнің бақытты балалық шағым үшін үлкен алғыс айтамын. Деніңіз сау болсын. Жеңіс күнімен құттықтаймын. Айым 7 «Б» сынып оқушысы


  «Айтуға оңай» бейнебаян   

Прототип – кейіпкерлердің бейнесін жасауға негіз болатын, өмірде болған , яғни өмірде бар бастапқы, түпкі тұлға. Аянның прототипі-Науқан Керімов бүгінде Алматы облысы, Ескелді ауданының Ақын Сара  ауылында тұрады. 1937 жылы туған.  Еңбек ардагері, құрметті зейнеткер. Отбасында 11қыз,4ұлы, 50 шақты немере-шөбересі бар. 

                                                            



ІІІ топ –Әдебиетші ғалымдар. Басшысы – Алуа
1. С. Мұратбеков қандай көркемдік әдеби тәсілді қолданды?

С. Мұратбеков Бұл повесінде:



Алуа:

1. Реализм, яғни Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалардың өмірі, ауылдағы қоңырқай тіршілік шын өмірде болған жағдайлар айтылады. 2. Оптимистік рух баяндалады. Қиындықты жеңе білу жолында өршіл бейненің болашақтан күтетін үміті мен мақсаты, сондай-ақ, шығармашылық қасиеті айтылады. Мысалы: Ылди-өрде бірдей сырғанайтын рульді шана туралыболжай білуі.



Шындығында шананың спортшыларға, мүгедектерге түрі бар ғой. 3. Символды да пайдаланған. Жазушы ойды ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіреді.Соғысқа кеткен пальто— енді елге оралмайтын әке бейнесін тұспалдайды, пальто – жетімдіктің белгісі. Жусан иісі—әкеге деген сағыныш пен қайғы-мұң, туған жерге құрмет сезімді білдіреді. Бір ғажабы, жазушының өзінен де жусан исі бұрқырап тұратындай сезіледі.224-бет. 4. Қиял дегеніміз – өмірде бұрын болмаған, ешкім көрмеген жайтты айту. Биік арман мен бақытқа жетуге ұмтылдырады.

5. Лиризм- Көкше бір таудың биігі-ай, Алыстағы бауырдан хат келудің қиыны-ай!-деп әйелдер ішкі шерлерін ән арқылы жеткізеді.



6. Ертегі –ауыз әдебиетінің бір түрі, Аянның жетім бала туралы айтатын ертегісі аяқталмайды, себебі ауыз әдебиетінде ертегі ешқашан аяқталмайды.

7. Пейзаж тамаша суреттеледі. Ешкіөлмес тауының етегі ..221-бет. Жусандытөбеде жусан көп. Сондықтан да жусан иісі киімімізге сіңіп қалған. Мұғ. сөзі:

Адамның жан тебіренісіне әсер ететін қарама-қарсы сезімдер айтыла ма? Мысалы:

Шыдамдылық пен қайсарлық
Қуаныш пен ... қайғы

Мейірім мен ... қаталдық


Үміт пен торығу

Осындай шынайы сезімдер адамды ғажап сезімге бөлейді.

Мысал келтір. Мысалы:Аянның аяғын салғызудағы ... шыдамдылығы.

Әже өлімін көре тұра қайсарлық танытуы.



Қайғырып жүрсе де ертегі айтып, балаларға қуаныш сыйлауы.

Тұржанның қаталдығына торықса да, болашақтан үміт күтуі. 2.Қандай көркем сөз маржаны бар? Айғаным:



Мақалдар-мәтелдер:

Жаман ит үргіш келеді”(көп сөйлегіш)

Жақсыдан қалған тұяқ”(тегі жақсыұрпақ)

Көркем тіркестер: “Ат қойып, зираттан қайту”—ауыр қайғылы жайт.

“Топырағың торқа болсын” – о дүниелік болған адамға арналған сөз.

“Жер құйқасы майға бөккендей туырылып жатады”-жаңа жыртылған жердің сипаты. (Теңеу)

“Байғұс бала көкпеңбек тұлыптай қозғала алмай жатқан көрінеді”– баланың соққыдан денесі ісінген, көгеріп кеткен келбеті. (теңеу) Мадина:



көз ұшында —жақында
сұлай кетеміз- шаршаймыз
қалғып-мүлгіп отырамыз- шаршау
бас изеу- мақұлдау
құлақ салмау- тыңдамау
көз тігу- қарау
дәті шыдамау- бей-жай қарап тұра алмау
күн ұясына қону-кеш бату
қас пен көздің арасынша -жақын

Дисфемизмдер: жетпегірлер, шойнаңдап, мылжың.

Хат: Аса жаннан артық көретін аға ...”

Повестен өзіңе ұнаған тараудаың суретін салу берілген болатын Сурешілер бар ма?



Болжау стратегиясы: Оқушылар қай кейіпкерлердің қашан, қай жерде айтқанын табады.

1- топ. Сұрақ қоюшылар

1) - Әй, анау кім ,ей?

(Садықтың Аянды ең алғаш атыспақ ойнап жүргенде көрген кезі)
2) – Барлық әріптерді неге тезірек үйретпейді екен?

(Аянның мектепке барып жүргендегі сөзі)


3) - Үйбай, бетім –ай, бұ дүбірлеген не десем, мыналар екен ғой

(Бапайдың кемпірінің ертегі тыңдап отырған балаларға айтқан сөзі)


4) – Тұра ғ ой. Мына жарты күрешкідегі сүтті Аянға апарып берейін

(Есікбайдың анасы, Аянды Тұражан сабап тастағанда сүт апарып беретін кезі)


5) – Иә, неге келдіңдер , балалар?

(Аян аяғын салдыруға барған дағы Асылдбек шалдың айтқан сөзі)


6) - Әй, жетпегірлер , тұрыңдар!

(Тұражанның жер жырту науқанындағы балаларға көрсеткен қорлығы)


3 -топ. Жауап берушілер

2 –топ І-ІІ нұсқада 12сұрақтық тест жұмысын орындайды.

І нұсқаны – 1-топ басшысы, ІІ нұсқаны – 3-топ басшысы тексереді Кілтін беремін.
Қорытындылау: Пікірлесу: Қысқа да нұсқа жауап беру

1-топ: Соғыс зардабын тартқан жетім балалар Бала боп қуанып ойнамады. Жеңісті күтті. Әкелерін сағынды. Тірі келеді деп үміттенді. Тойып тамақ ішпеді. Бүтін киім кимеді. Бәрі тапшы болды. Бір үзім нанның қадірін білді. Бірақ олар мектеп-интернатта жақсы тәрбиеленді. Олар – С. Мұратбеков сияқты тұлғалар.



2-топ: Бейбіт күндегі тастанды балалар Біздің елде балаларын жетімдер үйіне тастап кететіндер көбейіп келеді. Заңды күшейту керек.



3-топ: Шетелдіктер асырап алған жетім балалар Шет елге баланы сатуға тыйым салу керек. Шетелдерде балаларын өткізетін балалар үйі жоқ. Оларда 1-2 баладан артық болмайды. Сондықтан біздің елден асырап алады. Және біздің тегіміз таза.



Тілегіміз: Жетімдер үйі азайса екен.

Бағалау парағы бойынша оқушы білімін еске алу: Жеңген топты марапаттау. Мадақтау. Басшылар топтарының бағасын балмен бағалайды. Оқиды. Мұғалім бақылайды, түзету керек болса, не үшін екенін айтып, дәлелмен бағалайды.






Оқушының аты -жөні

Сабаққа қатысуы

Тестік жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Қорытынды бағасы

1.
















Сабақ соңы: Сендерге Аянның бойындағы ізгілік қасиеттерін үлгі тұтыңдар дегім келеді. Бейбітшілік өмір болсын! Бәріміз бірге ән шырқайық:

Әқрқашан күн сөнбесін,



Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман!




Оқушының аты -жөні

Сабаққа қатысуы

Тестік жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Қорытынды бағасы

1
















2
















3
















4
















5
















6
















7
















8
















9
















10
















11
















12
















13
















14
















15
















16

















С. Мұратбеков «Жусан исі» повесі

Тестің кілті
І нұсқа


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Ә

Ә

Ә

Ә

А

А

Б

А

А

Б

Ә

А



ІІ нұсқа


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Б

А

Б

Б

А

Б




Б

Ә

Б

Б

Ә

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет