Астана қаласы
№68 орта мектептің
тарих пәнінің мұғалімі
Сабанбаева Жанар Мұхаметбайқызы
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар»
Сабақтың мақсаты: Отаршылыдық езгіге қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыстардың негізгі себептерін,мақсатын барысын,жеңілу себептері мен тарихи маңызын анықтау
Білімділік міндеті: көтеріліс туралы білімдерін қосымша ізденіс жұмыстары арқылы, жүйелеп бекіту және тарихи мәліметтерді пайдалана отырып қорытындылау
Дамытушылық міндеті:шығармашылық ойлау,бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеті:туған жерінің бостандығы мен азаттығы үшін жанын берген батырлардың ерлігін таныту,елін құрметтеуге,патриотизмге баулу.
Сабақтың типі: қайталау-жалпылау сабағы
Сабақтың түрі: іздену,зерттеу,қортындылау сабағы
Әдіс-тәсілдері:алдын-ала тапсырма, проблемалық әдіс.
Сабақтың көрнекілігі:АКТ,оқулық,деректер
Пәнаралық байланыстар: әдебиет,география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе.Оқушыларды түгендеу. (сабақтың өтілу барысы, тапсырмаларын түсіндіру). «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» дегендей бүгінгі сабағымыз ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздік жолындағы күрестер,тарихи маңызы,тарихта алатын орнын сипаттау.
Тапсырмалар:
I . Проблемалық тапсырма. /жағдаятты шешу /
II. Тарихыңды танып біл ! Хронологиялық жорық.
III . «Бәсекелесе білесің бе »?- Алғырлықты байқау
IV. «Тарихи көмбе»- зертханалық жұмыс
I Проблемалық тапсырма
1837-47 және 1836-38 жылдардағы көтерілісті салыстыру.Сырым Датұлы көтерілісін талдау.
Сырым кім? Батыр неге жорыққа шықты?.
Сырым Орынбор генерал-губернаторына жазған хатында: «Сіздер түрлі әдіспен қолға түсірген ноғай, башқұрт халықтары секілді бізді де езбекші екендеріңіз белгілі». Сондықтан да мен патша үкіметімен, хан-сұлтандарға наразы шаруаларды төңірегіме топтастырдым. Салық бермесін, ханға сенбесін, сұлтандарға ермесін, халық өзін-өзі қорғасын деген ұранмен патша өкіметіне қарсы шықтым»
-
Қазақ жерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салу.
-
Жалға алынған жер үшін қазақтар ақы төлеумен қатар аманат қалдыруға тиіс болды.
Көтерілістің мақсаты:
-
Орал казак әскерінің қазақ жерін басып алуын тоқтату.
-
Нұралы ханның ашық түрде патша үкіметін қолдауы.
-
Жерді пайдалану жүйесін бұрынғыдай қалпына келтіру.
Тапсырма
-
Бөкей ордасындағы көтерілістің шығу себебі
-
Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліске себеп болған жағдайлар
-
Қасым Абылайұлы мен Саржан Қасымұлы көтеріліске шыққан талаптары мен мақсаты
-
Кенесары көтерілісі себебі мен тарихи маңызы қандай
II Хронологиялық жорық
Бұл тақтаға жазылған жылдарда оқиғаларды тауып,баяндау:
1771, 1838, 1723, 1916, 1917, 1824-1822, 1917, 1921, 1868-69,1870,1979, 1986, 1989, 1991, 1993, 1997, 1998, 2010, 2011,
III Алғырлықты байқау
-
Сырым Датұлы көтерілісі қашан болды? /1783-1797ж/
-
Махамбет пен Исатай көтерілісінің қозғаушы күштері кім болды?/қазақ шаруалары/
-
Исатай қай жерде қайтыс болды? /Ақбұлақ/
-
Кенесары көтерілісі болған уақыт? /1837-1847ж /
-
Орал, Торғай облысындағы көтеріліс болған уақыт? /1868-1869ж/
-
1905ж жазында шаруалар мен кедейлер толқулары қай облыста болды? /Семей,Торғай, Орал, Сырдария/
-
Бірінші дүние жүзілік соғыстың алғашқы үш жылы ішінде Жетісу облысынан қанша жер тартып алынды? /1 млн 800 мың десятина/
-
1916ж патша жарлығына қарсы шыққандар кімдер? /Бокин, Рысқұлов, Жангелдин, Меңдешев, Алманов/
-
Торғайдағы атақты мерген? /Кейкі/
-
Амангелді Иманов қанша жасағымен Торғай қаласын қоршады? /15 мыңдай адам/
-
Боралдайда дарға асылған кім? /Бекболат/
IV «Тарихи көмбе » зертханалық жұмыс
Терминдік сөздердің мағынасын ашып, жылдарда қандай оқиға болғанын айтып,мағынасын ашу
- Жариялылық-1985 ж,
Отар-1731-1990ж,
ұлт-азаттық көтеріліс-1916ж,
Репрессия 1937-1938ж,
Қорытындылау бағалау.Сарапшыларға сөз
VI.Үйге тапсырма.
Алашқа байланысты «Ағалар армандаған қоғам» эссе
Достарыңызбен бөлісу: |