Орта мектептің информатика саба қтар ында «сын тұРҒысынан ойлау» технологиясы н пайдалану



Дата24.04.2017
өлшемі63,17 Kb.
#15023
ОРТА МЕКТЕПТІҢ ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДА «СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ
Бухамбаева М.А.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы

Cool.makpal@mail.ru

Ғылыми жетекші: Информатика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі,

п.ғ.к, доцент. Жанатбекова Н.Ж.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.

ХХІ ғасыр- жаһандану ғасыры. Ол өзімен бірге  қаншама жаңа технологияларды, әдіс-тәсілдерді ала келді.  Соның ішінде кең тарағаны – RWST бағдарламасы. Ағылшын тілінен аударғанда  «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді.  Бұл бағдарлама 60 түрлі стратегилардан: әдістерден тұрады.



Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Мақсаты: шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Мұғалімнің міндеті: баланың   шығармашылық қабілетін дамыту, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Сонымен қатар, сын тұрғысынан ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра отырып,  оқушылардың жеке, топпен,  жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктерін ашуға бағытталған.  Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Оқушылардың ауызша, жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін  дамытады.

Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы:

- әр оқушы сабаққа толық қатыстырылып, деңгейін анықтай алады;

- жеке тұлғаның танымдық  белсенділігін арттырады;

– қызығушылығын оятады;

- сұрақ қойып, өз ойын еркін айтады;

– мазмұнын толық түсінуге жағдай туғызады.



1-кезең - Қызығушылықты ояту. Бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтанда сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңде «Жұпта талқылау», «Топтау», Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау» т. б. стратегияларды қлджануға болады.

Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін, ынта-жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды.

Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның 2-кезеңі «Мағынаны тану». Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары бар. Соның бірі ІNSERT стратегиясы - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыс құруға дағдыландырады.

«Ой толғаныс» бағдарламаның 3-кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білімін үйрен жолына қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн көрсетілімі», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойлану стратегиясы»т. б осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қарай лайықты қолдануға болады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

«Синквейн» тәсілі". Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.

Синквейн жазу ережесі:

1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).

2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).

3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс - әрекет жазылады (етістік, көсемше).

4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.

5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады.

«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тәсілін іс-тәжірибеме енгізу нәтижесі жеткіншектер бойында мынадай іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты.

• Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді;

• Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын оқушы) қабылдауға үйренеді;

• Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді /мағынаны тану кезеңінде/;

Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;

• Өздеріне белгілі пайдалана алады;

• Өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі, яғни «Мен» деген сөзді ұғады.

Оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс-әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, өздік, дербес ізденуге баулимыз. әрбір оқушыны өз беттерімен көркем туындыны оқуға, талдауға, бағалауға жетелейміз. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бойынша алуға тәрбиеленеді. Оқушылардың өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қойғыза білуге үйретеміз.

Информатика сабақтарында проблемалық сабақтарды бөліп алу, әзірлеу, соны талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз беттерімен талдау, синтезге, бағаға жету, өзін-өзі бақылау, жұмыстары балаларды шығармашылыққа, жүйелі білімге жетелейді.

Қорыта келгенде информатика сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша үйрету барысында мынадай қорытыныдыға келдік:

1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін табады.

2. Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап, талқылау (өздері талдайды, бір-бірін тыңдайды)

3. Өзіндік қорытыныдылары, оның қаншалықты ғылыми, шындыққа жақын екенін саралайды.

4. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырамыз.

5. Білім дәрежесі деңгейін саралау /өзіндік анализ, синтез, бағалауының деңгейі қалыптасады/

6. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге дағдыланады.

7. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.

8. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.

9. Оқушылар өз ойымен, іс-тәжірибесімен, пікірелрмен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.



10. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық, жасқандай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді.

ӘДЕБИЕТТЕР


  1. З.У. Имжарова, А.У.Ахметова, Ж.И.Имжарова, А.С.Кушкимбаева 
    "Сын тұрғысынан ойлау- білім алу үдерісінде". Оқу әдістемелік көмек. – 2015


  2. А.А.Давлетлярова Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. - Шымкент 2014

Каталог: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
2016-04 -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
2016-04 -> Баспасөз беттеріндегі фразеологиялық тіркестерді қолдана отырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру 411 штқ студенті
2016-04 -> Кескіндеме өнерінің шығу тарихы
2016-04 -> ЖАҢа технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының Ғылыми танымын қалыптастыру баятбек Жансая Жанатқызы
2016-04 -> ТӘкен әлімқҰловтың ӘҢгімелеріндегі өнер адамдарының бейнесі жайнарбаева Назгуль Нурланқызы
2016-04 -> Өздік жұмыстар арқылы бастауыш сыныпта еңбек тәрбиесін беру тұрсынбай Е. Р
2016-04 -> РӨлдік ұстанымдардағы бейвербалды қарым қатынастың ерекшеліктері г.Ү. Түйебаева
2016-04 -> Қазақ ауыз әдебиеті мен антикалық Әдебиет дәуіріндегі фольклористиканың Өзара үндестігі
2016-04 -> Орта буын оқушыларының диалогтік сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы ауызекі жағдаяттардың рөлі. Мұқан А.Қ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет