«техникалыќ Ѓылымдар жєне технологиялар»



бет1/2
Дата23.10.2020
өлшемі181,5 Kb.
#68695
  1   2



КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДЕ ДУАЛЬДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Абдимомынова М.М., Құрманбаев Н.М.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз


Қазақстандық кәсіптік білім беру жүйесінде қос бағытты білім берудің ғылыми-теориялық негіздері жан-жақты зерттелуде.  Шет елдік тәжірибелерге сүйене отырып, білім берудің жаңа буын  мемлекеттік стандарттарын жасауға жұмыс берушілер қатыстырылып, дуальдық жүйені кәсіптік білім беру үдерісіне енгізудің мүмкіндіктері мен алғышарттары қарастырылуда.

Кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарттарының жаңа буыны құзыреттілік қатынасқа негізделген, соған сәйкес қазіргі заманғы маман  еңбек нарығында және кәсіби салада әлеуметтік қорғалуды, икемділікті, бейімделгіштікті, табыстылықты қамтамасыз ететін әлеуметтік және кәсіби сапалардың жиынтығына ие болуы қажет. Стандарт талаптарына сәйкес кәсіби құзыретті маман даярлау мазмұны білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға ғана емес,  өндіріс  қажеттіліктеріне  сәйкес дамыған кәсіби іс-әрекет дағдыларын меңгертуге  бағытталған.

Қазіргі кезеңде  кәсіптік білім беру саласындағы  әлеуметтік серіктестік  нақты білім беру мекемелерінің  жұмыс берушілермен, жергілікті атқарушы үкімет, еңбекпен қамту қызметтерімен, қоғамдық ұйымдармен жастардың кәсіби қалыптасу, олардың аймақтық еңбек нарығын игеру үдерісіне қатысушы барлық тараптардың мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған өзара әрекеттесуінің ерекше түрі болып табылады.    Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік қарым-қатынасқа қатысушылар мемлекет, өндіріс, кәсіптік  және техникалық оқу орны  болып табылады. Кәсіптік білім берудің әлемдік тәжірибесінде   әлеуметтік серіктестікті   жүзеге асырудың тиімді жолы ретінде Германияның   қос бағытты білім беру – дуальдық жүйесі  кеңінен қанат жаюда.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемде болып жатқан келелі жаңалықтармен ұштастыру мақсатына байланысты еліміздің педагогикалық қоғамдастығының алдында білім беру саласына сапалық өзгерістер енгізу мәселелері тұр. Олар «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» да нақты көрсетілген. Жоғары білім жүйесінің қазіргі қоғамдағы ақпараттану жағдайында оқушылардың жалпы-білімдік және кәсіби даярлық деңгейін арттыруда маңызды рөл атқарады [1].

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі - осы заман талабына сай білімді, білікті және компьютерді еркін түрде меңгере алатын мамандарды дайындау.

«Озық индустриялы елдерде – Германияда, Англияда, АҚШ-та, Оңтүстік Кореяда – жұмысшы кадрларды даярлаудың дуальдық жүйесі өзін жақсы жағынан көрсетті. Осы жүйе бойынша кәсіптік мектептер оқушылары бір мезгілде өндірісте тағылымгер болып табылады. Даярлаудың осындай жүйесін Қазақстанда да кеңінен енгізу қажет. «Самұрық-Қазына» қорына арқаулық кәсіпорындар тізімін белгілеп, дуальдық модельді бірте-бірте енгізудің жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Бұл біздің жаңа индустрияландыру үшін кадрларды даярлауды жаңғыртуымызға жағдай жасайды» – деген Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында алдымызға бірқатар жаңа міндеттер қойды.


Елімізде 600 мыңнан астам адам техникалық және кәсіптік білім берумен қамтылған. Кәсіптік шеберлікті қамтамасыз етудің нақты жолы – жас мамандарды оқытып үйрету, жаңа мамандыққа бейімдеу болып табылады. Бұл мәселе жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы арқылы өріс алып келеді [2].

ҚР Президенті барлық отандық компанияларды дуальдық білім беру жүйесіне атсалысуға шақырды. «Бүгінде бұл жүйе 60 елде жұмыс істеуде. Мен барлық қазақстандық компанияларды осы жүйемен шұғыл айналысуға, ал Үкіметке оны қадағалауды тапсырамын», - деді Елбасы.

Бұл ретте Мемлекет басшысы аталған жүйені енгізген «Қазақмыс», «Кегок», «Самұрық-Қазына» сынды компанияларды атап өтті.

«Онда білім алушы өндірістегі тәлімгер болып табылады әрі оған жалақы тағайындалып, білім алады», – деген ҚР Президенті, сол жерден алған кәсібінің басқа мекемеде жұмыс істеуі барысында мол пайдасы тиетіндігін баса айтты [3].

«Дуальдық оқытудың негізгі артықшылықтарына ең алдымен, түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары пайызын қамтамасыз ететінін жатқызуға болады, өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді. Оқыту өндіріс қажеттілігіне барынша жақын. Есте қалатыны, дуальдық оқытудың қатысушысы ең кіші компания болуы мүмкін. Екіншіден, білім алудың жоғары деңгейіне жетеді, болашақ қызметкердің психологиясы қалыптасады», – деді Б.Жұмағұлов.

Осы орайда жасалынып жатқан колледждердің эксперименттік жұмысы базалық мекемелер тарапынан оң баға алынып, елімізде бұл жүйемен айналысу қажеттілігі мен артықшылығы дәлелденіп, дайындау мен енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде дуалдық оқыту жүйесін қолдану тәжірибесі келесі артықшылықтарды айқындайды:



  • дуалдық жүйе оқытудың дәстүрлі түрлері мен әдістерінің негізгі кемшілігін – теория мен тәжірибенің арасындағы алшақтықты жояды;

  • дуалдық жүйенің механизмінде маманның жеке тұлғасына әсер ету, болашақ маманның жаңа психологиясын жасау жатыр.  Оқушыларда білім алу мен дағдыға ие болуға үлкен мотивация туады, себебі олар білім сапасының жұмыс орнында қызметтік міндеттерін орындауына тікелей байланыстылығын сезінеді;

  • жұмыс берушімен  тығыз байланыста жұмыс жасаушы оқу орны  болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескеріп отырады;

  • жұмыс берушілер өздеріне мамандарды қамтамасыз ету мәселесін шешеді.

Дуальдық  жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен  дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп,  жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп,  түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысы мен әсерін, енгізілу тәжірибесін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттырады.

Дуальдық жүйе, өз мәнінде, білім беру мекемесі мен өндірісте қатар білім алуды білдіреді. Білім беру теория мен тәжірибенің байланысы принципіне негізделеді.  Дуальдық жүйеде  тараптардың қарым-қатынасы  тепе-теңдік және әділдік принциптері негізінде құрылады. Әлеуметтік серіктестікке қатысушылар оқыту нәтижесіне ғана емес, сонымен қатар оқытудың мазмұнына, оның ұйымдастырылуына мүдделі.  Білім алушылардың әлеуметтік кепілдікке ие болуға және бәсекеге қабілетті мамандық алуға, мемлекеттің кәсіби мамандарды даярлауға тапсырыстың қалыптасуына және орындалуына, өндірістің өмірге және жұмысқа жақсы дайындалған білімді мамандардың келуіне, оқу орнының білім беру қызметіне сұраныстың артуына  деген мақсаттары орындалады [4], [5].

Бұл үшін ең алдымен Елбасы Жолдауында көр­се­тілген алғашқы екі бағыт соңына дейін қарастырылуы қажет. Мұның біріншісі, ел ішіндегі жұмыс­сыздықпен күресу. Жұмыссыздық мәселесі еліміздің, қоғам­ның ілгері дамуына өзінің теріс әсерін тигізбей қалмайды. Бүгінде тұрақты жұ­мы­сы, меншікті баспанасы және мамандығы жоқ үлкен әлеуметтік топ пайда бола бастады. Екінші бағыт өз тамырын осы аталған бірінші бағыттан тарта алады [6]. Өйткені, баспанасы жоқ жанның әлеуметтік көңіл-күйі де, мемлекет болашағына деген сенімі де жоғары бола қоймайды.

Осыған орай, біз Инф-28-1,2 тобында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнін дуальдық жүйе бойынша оқытуға бел будық. Сабақ жоспары мен үлгісі қайта қаралып, лекциялық сабақ институт аудиториясында, ал, тәжірибе сабақтары біріктіріліп аптасына 2 рет мектепте өткізілетін болды. Нәтижесінде, келесі оқу жоспары жасалынды (1-кесте):


Кесте 1.

Оқу жоспары





Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia
Konferencia -> Өмірбаяны байбатша Ә. Б
Konferencia -> МҰхаммед хайдар дулати қазақ хандығының тарихын алғаш зерттеуші кәрібаев Б. Б
Konferencia -> С., Алпысбаева Ғ. Б. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Konferencia -> ШӘКӘрім мұрасы – Ұрпақтар мұраты өтеш Ж.Ә., Рахимкулова Д. Т. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
Konferencia -> Өмірбаяны мен еңбектері керімбаева Р.Қ., Сембаева Г. П
Konferencia -> М. Х. Дулатидің «ЖАҺаннаме» поэмасының Ұлттық руханияттағы маңызы тамабаева Қ.Ө
Konferencia -> Әож 81. 1(574) ахмет байтұрсынов және терминология мәселелері
Konferencia -> Әож 809. 434 058 О. БӨкей шығармаларының ерекшеліктері
Konferencia -> Әож 821. 512. 122: 82-96 МҰхамед хайдар дулатидың Әдеби көркемділігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет