Күні: 15.02.2016
Сыныбы: 8
Пән: Биология
Сабақтың тақырыбы: Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тірек-қимыл жүйесін сау күйінде сақтау үшін және түрлі еңбек ету барысында қауіпсіздік техникасы шараларын орындауда жалпы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушылардың бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қасиеттері туралы білімдерін тнреңдету.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, жаңашырлыққа тәрбиелеу
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: жалпы сұхбат, сауалнама, өздік жұмыс
Көрнекілігі: «Бұлшық ет», «Адам қаңқасы кестелері», бұлшық ет ұлпаларыны микропрепараттарцы, микроскоптар.
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
1. оқушылармен амандасу
2. сыныпты түгендеу
3. оқушылар бір-біріне тілектерін айтады
4. оқушыларды суреттер арқылы 3 топқа бөлу
ІІ үй тапсырмасын тексеру
«Миға шабуыл» сұрақтар қою
сіңірдің созылуын қандай белгілері бойынша анықтауға болады?
Буынның шығу белгілері қандай?
Омытрқа жотасы, бас сүйегі,кеуде қуысы, иық белдеуінің сүйектері сынған кезде қандай алғашқы көмек крсетілуі керек?
Бас сүйек пен омыртқа жотасының сынуы не себепті қауіпті?
Сынудың неше түрі бар?
Жаңа тақырып
Бұлшық еттер біздің организмдердің енжар бөлігі – қаңқаны қимыл-қозғалысқа келтіреді. Бұлшық еттер тірек-қимыл жүйесігнің белсенді бөлігін құрайды. Олар біздің денеміздегі тік бағытта ұстайды және денеміздің түрлі қалыпқа келуіне мүмкіндік береді. Құрсақ бұлшық еттері ішкі мүшелерді бірқалыпты жағдайда ұстады және қорғайды. Көкет (диафрагма) кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөледі және тыныс алуға қатысады. Көлденең жолақты бұлшық еттер көз алмасының қозғалуын, жұтуды; қабырғааралық бұлшық еттер тыныс қозғалыстарын, т.б. қамтамасыз етеді. Адамда 600-ден астам қаңқа бұлшық еттері бар және олар көлденең жолақты ұлпадан түзілген.
Бұлшық еттің құрылысы. Бірыңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек (миокард) бұлшық еттері болады.
Бірыңғай салалы бұлшық еттер көптеген ішкі мүшелер, тамырлар қабырғасын құрайды. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы бірядролы, ұршық тәрізді жасушалардан тұрады. Олар арқылы қозу баяу жүреді және жиырылыуы адам еркінен тыс жүзеге асырылады.
Көдденең жолақты (қаңқа) бұлшық еттер көлденең жолақты талшықтардан тұрады. Талшықтар ішінде нәруыз жіпшелері өтеді. Олар бұлшық еттердің жиырылуын қамтамасыз етеді. Талшықтардан бұлшық ет шоғырлары, ал бұлшық ет шоғырларынан бұлшық ет түзіледі.
Бұлшық еттердің негізгі топтары. Бұлшық еттерді орналасуына қарай бас және мойын, тұлға және аяқ-қол бұлшық еттері деп бөлінеді.
Бұлшық еттеріне мимикалық және шайнау бұлшық еттері жатады. Шайнау бұлшық еттері жатады. Шайнау бұлшық еттері үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері арасында орналасады. Олардың жиырылуына байланысты тамақты шайнағанда және сөйлегенде астыңғы жақ сүйектері қозғалады.
тапсырма Мәтінмен жұмыс
1 топқа бұлшық еттердің маңызы
2 топқа бұлшық еттедің негізгі топтары
3 топқа тұлға және аяқ-қол бұлшық еттері
2 –тапсырма
1 топқа өз мәтіндерін Постерге салу
2 топқа Жарнама әдісі
3 топқа Диалог құрастыру
Сергіту сәті. Оқушылар сергіту сәтін жасайды
Сабақты бекіту
Сәйкестігін аңықтандар
ұзын бұлшық еттер
жалпақ бұлшық еттер
қысқа бұлшық еттер
|
а) трапеция тәрізді бұлшық ет;
ә) құрсақтың тура бұлшық еті;
в) құрсақтың көлденең бұлщық еті;
г) иықтың екі басты бұлшық еті;
ғ) балтыр бұлшық еті;
д) ішкі қабырғааралық блшық ет.
|
Үйге: $ 25 мазмұндау
Рефлексия не білдім? Нені білемін? Нені білгім келеді?
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |