Пән: Психология
Сабақтың тақырыбы: Қиял
Мақсаты: Қиял туралы ұғымдарын кеңейту, адамның қиялы мен оның дамуын, түрлерін зерттеу.
Міндеті:
Білімділік: Қиял,оның түрлері,процестері жайлы мәліметтер беріп, сол жайлы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Қиял туралы жалпы биологиялық түсініктерін дамыту, студенттердің қиялы мен қабілеттерін дамыту
Тәрбиелілік: Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Көрнекілігі: Оқулық, С.Т.О.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: Студенттерді сабаққа даярлау, студенттерді тексеру, сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру, зейіндерін сабаққа аудару.
Жылулық шеңбері: «Менің саған тілегім...» 7 мин
«Ән шеруі» әдісі арқылы студенттерді топқа бөлу 3 мин
1-топ: Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын.
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
2-топ: Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып аттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Достарыңызбен бөлісу: |