Қармақшы аграрлы – техникалық колледжі
Тақырыбы: Жүріс бөлігінің жұмысын тексеріп, техникалық қызметін көрсету
Оқу тобы: № 173 топ, ІІІ курс
Мамандығы: 1201000 « Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету»
Біліктілігі: 1201092 «Автокөлікті жөндеуші слесарі»
Өндірістік оқу шебері: Б.Абдулаев
Өндірістік сабақ жоспары №38
Сабақтың тақырыбы: Жүріс бөлігінің жұмысын тексеріп, техникалық қызметін көрсету
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларды жүріс бөлігінің жұмысын тексеріп, техникалық қызметін көрсету әдістерін үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды зеректілікке, ұқыптылыққа, жан – жақты ой – өрісі дамыған саналы азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушыларды жүріс бөлігінің жұмысын тексеріп, техникалық қызметін көрсету әдістерін меңгеруге қалыптастыру.
Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: Жүріс бөлігінің механизмдері, кілттер жиынтығы, техналогиялық нұсқау карта, оқу плакаты.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 14:00 тен 14:05 ге дейін
1.Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру
2.Білім алушылардың арнаулы киімдерін тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау: 14:05 тен 14:45 ге дейін
1. Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау және түсіндіру
2. Өткен сабақ бойынша білім алушылардың білімін тексеру:
Тежеу жүйесінің жұмысын тексеру
Тежеу жүйесінің ақауын анықтау
Тежеу жүйесінің ақауын қалпына келтіру
Тежеу жүйесінің техникалық қызмет көрсету
Білім алушыларға жаңа сабақ бойынша нұсқау беру:
Жүріс бөлігінің жұмысын тексеру
Жүріс бөлігін майлау жұмыстары
Жүріс бөлігіне май ауыстыру жұмыстары
Жүріс бөлігіне техникалық қызмет көрсету
Кіріспе нұсқауды пысықтау:
Оқушыларды жүріс бөлігінің жұмысын тексеріп ақауын анықтап, қалпына келтіру әдістерін меңгеруге қалыптастыру
Оқушыларға жүріс бөлігіне техникалық қызмет көрсету әдістерін үйрету
ІІІ. Ағымдық нұсқау: 14:45 тен 19:00 ге дейін
Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу
Тексеру мақсатында білім алушылардың жұмыс орындарын аралау
Білім алушылардың жаттығу жұмыстарын орындау үшін технологиялық нұсқау картамен жұмыс жасауларын ұйымдастыру
Жұмыс қалпының дұрыстығын тексеру
Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау.
Орындалған жұмыстарды қабылдау.
Жұмыс орнын тазалау және жинастыру.
ІV. Қорытынды нұсқау:
1.Сабақты қорытындылау ,бағалау,.
2. Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігін сараптай отырып білім алушылардың жақсы жұмыстарын атап өту.
3. Үйге тапсырма беру: Автомобиль құрылысы және пайдаланылуы
П.Ж. Жүнісбеков VIII бөлім Жүріс бөлігі.
Өндірістік оқыту шебері: ____________________ Б.Абдуллаев
Достарыңызбен бөлісу: |