Сабақтың тақырыбы : М. Мақатаев «Райымбек, Райымбек»



Дата08.09.2017
өлшемі34,78 Kb.
#30883
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы : М.Мақатаев «Райымбек, Райымбек» поэмасы, тақырыбы, идеясы.

Сабақтың мақсаты : Шығарманың мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашқызу, тіл көркемдігін меңгерту.

Сабақтың міндеті : Шығарманы бөлімдерге бөліп жұмыстандыра отырып, әдеби тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Не арқылы : Үш жақты күнделік, венн диаграммасы, кубизм, семантикалық карта т.б.

Сабақтың барысы : І. Үй тапсырмасын тексеру.

Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Оқушылар үйге берілге ақын шығармашылығының басты тақырыптарына тоқталады.



  1. Ақын өлеңдерінің тақырыптары, ерекшелігі.

  2. Поэмалары.

  3. Мұқағалидың прозалық шығармалары, драмасы.

  4. Аудармалары


ІІ. Қызығушылығын ояту.

Ой қозғау

«Мен бір нәрсеге – поэзияның тіршілікпен бірге, яғни адаммен, табиғатпен бірге өлетініне - кәміл сенемін. Адамзат жаны қатыгез тартса тарта берсін. Қайтсе де бір парасатты адам қалады. Ол – ақын. Ақырғы сөз сонікі» ,- деп өзі күнделігінде жазғандай Мұқағали поэзиясы өмірмен бірге жасасып келеді. Ақын жырларын оқи отырып әркім одан өзінің бүгіні мен өткенін, келешегі мен арманын көреді. Көреді де содан сабақ алады.

Жеткіз жұртқа бүгіні, өткендерін,

Қысын, күзін, жазы мен көктемдерін.

Жадында тұтсын ұрпақ жасырмай айт,

Ақтабан шұбырынды өткелдерін,

Аруды арам жандар өпкендерін,

Боз інген ботасы өлген бой жаза алмай,

«Елім-ай»

Аруана шөккен жерін.

Өлшесін бүгіні мен өткендерін! – ақын өзінің шығармалары арқылы туған жерінің қадыр-қасиетін, тарихын келешек ұрпаққа ұғындырып кетуге тырысады. Соған мысал ретінде «Райымбек» поэмасын алуға болады. (Райымбектің портреті көрсетіледі)
ІІІ.Мағынаны тану.

«Кубизм» стратегиясы бойынша поэмаға жан-жақты талдау жасалады.

Бүгінгі сабақта М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» поэмасына талдау жасай отырып оқимыз. Ақынның терең оймен жазылған бұл шығармасы жоңғар шапқыншылығы кезінде еліне қорған болған Райымбек батырға арналады.

Тақтаға жоспар ілінеді.

1.«Қаратаудың басынан көш келеді» .

2. «-Өзің бала болсаң да, сөзің дана, отты екен,

Ақ күн тусын алдыңнан, басқа айтарым жоқ бөтен».

3. «Дауасы жоқ жан екен, оты жанған,

Ілесіңдер осыған оты барлар!»


Оқушылар бірлесе отырып шығарманың композициялық жоспарын құрады. Осы жопар бойынша шығарманың мазмұны айтылады.

Композициялық жоспар :

Оқиғаның басталуы : Жау шапқан қазақ ауылы.

Оқиғаның байланысы : Жыраудың балаға кездесуі.

Оқиғаның өрбуі : Жырау мен баланың әулиеге барып тәу етуі.

Оқиғаның шиеленісуі : Баланың өз атын ұрандауы, халықтың наразылығы.

Оқиғаның шарықтау шегі : Қатал сын.

Оқиғаның шешімі : Райымбектің қолбасшылыққа қол жеткізуі.
І топ. Талдау. Ақын шеберлігін танытатын көркемдік құралдардың шығарманың идеясын ашудағы рөлін анықтайды. (Үш жақты күнделікке толтырады )

ІІ топ. Сипаттау. Поэмадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасай отырып, өзінше бағалайды, мінездеме береді.

ІІІ топ. Салыстыру. Тарихи деректер мен поэмадағы Райымбектің әдеби бейнесін салыстырады. Осы поэманың тақырыбын, идеясын, кейіпкерлерін өзге шығармалардың кейіпкерлері, идеясы, тақырыбымен салыстырады (Венн диаграммасы).
«Талқылау кестесін» толтыра отырып осы сабақ барысында алған білімдерін жинақтайды.


Поэманың авторы





Поэманың тақырыбы





Поэманың идеясы





Оқиға болған жер





Басты кейіпкерлері





Түйін.





ІҮ. Толғаныс.

«Хат жазу» стратегиясы бойынша авторға, поэма кейіпкерлеріне өз пікірлерін білдіріп хат жолдайды.


Ү. Үй тапсырмасы.

1. Поэмадан үзінді жаттау.



2. «Болар бала он бесінде баспын дер» деген тақырыпта Райымбектің іс-әрекетіне талдау жасай отырып эссе жазу.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет