Сабақтың тақырыбы : Құрақ құрау Сабақтың мақсаты: Құрақ құрау әдісін үйрету. Құрақтың түрлерімен танысу



Дата15.09.2017
өлшемі178,35 Kb.
#33723
түріСабақ
Пәні: Технология

Уақыты:12.02.2016жыл



Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрау

Сабақтың мақсаты:     Құрақ құрау әдісін үйрету. Құрақтың түрлерімен танысу.

Білімділік: Құрақтың тұрмысымыздағы алатын орны жайлы білім беру.

Дамытушылық: Құрақ өнерін жетілдіру, дамытуды үйрету.

Тәрбиелік: Құрақ құрау өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, кез - келген затты қиюластыра білуге, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: Геометрия, сызу, математика, тарих, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекілігі: Құрақтың түрлі үлгілері,түрлі маталар, түрлі-түсті қағаздар,қайшы,бор,өлшегіш,ине-жіп,дәптер,қалам т.б.
Сабақтың әдісі: Зерттеу,жүйелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

.Оқушылармен амандасу.

.Кезекшінің есебі.

.Оқушылардың құрал-жабдықтарын, сабаққа дайындықтарын қадағалау.

.Топқа бөлу (қайшылар арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу)

.Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары

1. Ата – бабамыз мекен еткен қандай үйді білеміз?
2. Үйді жиһаздау дегеніміз не?
3. Қандай жиһаз түрлерін білесіңдер?
4.Киіз үйдегі жиһаздарды атаңдар, қазіргі тұрғын үйдегі жиһаздар қалай аталады?
5. Жиһаз үйлесімділігі дегеніміз не?
6. Түстер үйлесімділігі дегенді қалай түсінесіңдер?


II. Жаңа сабақ . Бейне баян арқылы жаңа сабақты ашу.

Құрақ—мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі.Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье» деп аталады. Орыс халқының құрақ құрау өнері өте ерте заманнан келе жатыр. Шығыста, Мысырда, Каир төңірегінде үш мың жыл бұрын тігілген құрақ бұйымдар табылған. Ағылшын тілінде құрақ құрау  «Pachwork» деп аталады. Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады.

 

Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен баурап алып, тарих қойнауына жетелейді.шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұсталардың, зергерлердің, кілемші мен тігіншіледің суретшілік қасиетімен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған. Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріп, асыл дүниелерге айналып отырған. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ», деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қас шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлік пен шыдамдылық керек. 



 

Қолөнердің алатын орыны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі құрақ құрау. Бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер.

 

Құрақ дегеніміз не? Біздің қазақ   тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200 ден аса түрі бар. Соның ішінде төртбұрыш, сегіз сай, мүйіз құрақ, қиықша құрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүл құрағы, жұлдызша құрағы ел ішінде кеңінен тараған. Құрақ құрау техникасы екі бағытта дамып келеді:



 

Құрақ түрлері өзінің қиюласу өрнегіне қарай мынандай түрлерге бөлінеді. .Геометриялық



.Зооморфты

.Өсімдіктектес

.Тұрмыстық

.Космогоникалық
I. Тапсырма: әр топ құрақ өнері туралы білетіндерін ақ қағазға жазып, оны қорғау

Әр топ бір бірін критериалды түрде баға беру


II. Сарамандық жұмысы: Т.Қ.Е еске түсіре отырып, жұмысты бастау

                              Технологиялық карта





Жұмыстың орындалуы


Қажетті заттар

 


1

Материал дайындау

Мата қиындысы

2

Үлгіні дайындау

Картон, қайшы

3

Құрақты қырқып дайындау

Қайшы, бор, үлгі

4

Арнайы мата желімі (ПВА)

Ине-жіп, тігін машинасы

5

Әр топ өз қалауынша құрақ

құрау


Мата қалдығы

Әр топ жасаған бұйымдарымен таныстыру. Топтар бір-бірінің жасаған жұмыстарына баға беру.


IIІ. Тапсырма құрақтарға венн диаграммасын құру

 

Әр ұлттың өзіне тән тіл өнері, дәстүрі болатынын, құрақ өнері жайлы білдік. 



Қандай өнер болса да оған  шеберлік, іскерлік, білгірлік бір сөзбен айтқанда,  

«Көңілсіз жұмыс өнімсіз».  Көңіл қойсаң қолдан келмейтін іс жоқ. Құрақ құрау да өнер. Қарап тұрсақ өзіндік сыры бар. Құрақтардың түрлерін көрсете отырып, сабақты мынадай жыр жолдарымен қорытқым келеді.


Қас шебердің қолы ортақ,
Ұрпақтарға жалғасқан.
Зердеңде болса – сол атақ,
Болашақта жетер қалмастан.
Әже менен анадан,
Мирас болған – бұл өнер.
Ұрпақтан озып ұрпаққа,
Кете берер бұл өнер.


IY. Үйге тапсырма: құрақ көрпелерді үйден аяқтап тігіп келу
Y. Кері байланыс.

Не білдім?

Не үйрендім?

Нені білгім келеді?


YI. Бағалау.

«Қарақұм орта мектебі» мемлекеттік мекемесі



Тақырыбы: Құрақ құрау

(ашық сабақ)

Өткізген: Оразалиева Ш

Сыныбы 8 «Ә» (қыз балалар)

2015 – 2016 оқу жылы


Ертең 12.02.2016ж сағат 10:40 4-ші сабақ 8 «Ә» сыныбына технология пәнінен

Құрақ құрау тақырыбында ашық сабақ өтеді.

Пән мұғалімі: Оразалиева Ш

«Тырнақтар» құрағын құрастыруға арналған технологиялық картасы

Құрастыру реті. 

Керекті құрал-жабдықтар нобайы.

1.Үлгі бойынша екі түрлі матадан 10х10 және 7х7 шаршы қиып ал, тігіске 0,5-1см қосымша   қалдыр, екі түрлі мата, қарындаш,, үлгі, қайшы.

2.шаршыларды диагональ бойынша екі үшбұрышқа бөл. Екі түрлі мата, қарындаш, үлгі, қайшы.

3.Үлкен үшбұрышқа екі кіші үшбұрышты қосып көкте, ине жіп, мата, қайшы, тгін машина. 

4.Екі қатардың арасына 3-4 см екі түсті жолақ көктеп тік: ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина.

5.Екі жағынан сән үшін екі түсті жолақтан 3-5 см жүргіз: ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина.

6.Құрақ бетіне сәйкес астарлық мата қиып ал, бір жағынан 10х12 см қалдыра отырып, 

 Көкте және тік, бұрыштары



5. Құрақ барысында адам неге үйренеді?
А) үнемділікке, шыдамдылыққа
Ә) ептілікке, жылдамдыққа
Б) іскерлікке, әсемдікке
В) тапқырлыққа ұшқырлыққа

VІІІ. Оқушыларды бағалау.
Құрақ құрау да өнер. Қарап тұрсақ өзіндік сыры бар. Құрақтардың түрлерін көрсете отырып, сабақта мынадай жыр жолдарымен қорытқым келеді.
Қас шебердің қолы ортақ,
Ұрпақтарға жалғасқан.
Зердеңде болса – сол атақ,
Болашақта жетер қалмастан.
Әже менен анадан,
Мирас болған – бұл өнер.
Ұрпақтан озып ұрпаққа,
Кете берер бұл өнер.

1. Ата – бабамыздың мекен еткен қандай үйді білеміз?
2. Үйді жиһаздау дегеніміз не?
Қандай жиһаз түрлерін білесіңдер?
Киіз үйдегі жиһаздар
Қазіргі тұрғын
үйдегі жиһаздар
1. Жиһаз үйлесімділігі дегеніміз не?
2. Түстер үйлесімділігі дегенді қалай түсінесіңдер?

II. Жаңа сабақты түсіндіру.
Әр адамның әдемілік пен ыңғайлық туралы түсінігі әр түрлі. Жиhаздың сапасы тұтынушының жеке талабына сай болуы тиіс. Жұмсақ жиhазды сатып алу адам өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Жақсы жұмсақ жиhаз өмірін жайлы әрі әдемі етеді, үйіңді әрлендіріп айрықша стил де көрсетеді. Осындай жиhаздар үй иесінің ерекше талғамына хабар беріп үйдегі интерерьерлерге еріксіз назар аудартады.
Бүгінгі заманғы жиhаз топтамалары алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Көбіне жиhазды жайлап, жылдар бойы сатып алады. Кез келген нәрсені арзандығына, ерекшелігіне қарай қызығып алуға болмайды. Алдымен бөлме жиhаздарын бірін - бірі құрып толықтыратындай етіп, көз алдарыңа келтіріп алу керек. Жиhаз сатып алмастан бұрын бөлмедегі басқа жиhаздармен үйлесімділік таба ма әлде тіпті ерекшеленіп тұрама, соған мән беру қажет. Еліміздегі жиhаз бизнесінің айналымында жүрген қаржы 1млрд долларды құраған болатын.
Бұл күндері жатын бөлме, Ас үй жиhаздары, парталар, жұмыс үстелі мен орындықтар, орынтақтар, компьютерге арналған үстелде, мектептер мен балабақша жиhаздары аса сұранысқа ие.
Пәтерді жабдықтаған кезде бөлменің ішін қалыптастырудың негізі болып табылатын пәтерді жоспарлауды бөлмелер санының, көлемін және олардың өзара байланыс схемасының маңызы зор.
Жиһазды іріктеп орналастыру, пәтерді жиһазбен жабдықтау. Бөлмені көркейтудің маңызды шарты. Бөлмеге жиһазды орналастырғанда олардың дұрыс үндестік табуын және табуын және қолдануға ыңғайлы болуын есте ұстаған дұрыс.
Пәтер бөлмелері

Қонақ бөлме
Жатын бөлме
Балалар бөлмесі
Ас үй бөлмес

  1. Құрақ түрлері өзінің қиюласу өрнегіне қарай қандай топқа бөлінеді ?

ІІІ. Кіріспе бөлімі

Құрақ түрлері:



  • Геометриялық

  • Зооморфты

Өсімдіктектес

  • Тұрмыстық

  • Космогоникалық



 

        4. Матаны үлгі қағаз

мөлшерімен қию






     1.Өрнек сызбасын қағаз

бетіне түсіру



1.Өрнек сызбасын қағаз                                        4.Матаны үлгі қағаз

бетіне түсіру.                                                            мөлшерімен қию



     Құрақ құрау

технологиясы



 

 


5.Төртбұрыш,үшбұрыш

тарды қиғанда тігіске кететің өлшемдерді дұрыс есептеу






 

2. Түс таңдап бояу



2.Түс тандап бояу

 

 



 

 


3. Геометриялық пішінде үлгі

қағаз даярлау






6. Өрнек бойынша рет- ретімен

бөліктерді тігу.



 

 

 



 

Құрақтың түрлері:

 

  



Құрақтан жасалатын бұйымдар

 

                                       Технологиялық карта





Жұмыстың орындалуы

Қажетті заттар

 


1

Материал дайындау

Мата қиындысы

2

Үлгіні дайындау

Картон, қайшы

3

Құрақты қырқып дайындау

Қайшы, бор, үлгі

4

Көктеп тігу

Ине-жіп, тігін машинасы

5

Тұмарша дайындау

Мата қалдығы

6

Құрақ  көрпешені астарлау

Мата, ине-жіп

7

Бұйымды мақта салып аяқтау

Ине-жіп, мата

Жұмыс басталмас бұрын оқушыларға қауіпсіздік ережесін есіне түсіру.

Техникалық қауіпсіздік ережелері

Құрақ құрау әдісі туралы қазақша ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: «Құрақ құрау әдісі». (8 сынып) Сабақтың мақсаты: құрақ құрау әдісін үйрету,құрақтың түрлерімен танысу. Білімділік: құрақтың тұрмысымыздағы алатын орны жайлы білім беру, жалпы көрпе-жастықтың қажеттілігіне тоқталу. Дамытушылық: құрақ өнерін жетілдіру, дамытуды үйрету. Тәрбиелік: құрақ құрау өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, кез келген затты қиюластыра білуге, үнемділікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дамыта оқыту. Пәнаралық байланыс: Геометрия, сызу, математика, дүние тану, бейнелеу өнері. Сабақтың көрнекілігі: құрақтың түрлі үлгілері, түрлі маталар, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, бор, өлшегіш, ине, жіп, дәптер, қалам т.б. Сабақтың әдісі: зерттеу, жүйелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Жаңа сабақты түсіндіру а)шығу тарихы; ә )құрақ түрлері; б )қолданылуы; в )құрақ құрау әдісі; Құрақ – мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье»деп аталады. Орыс халқының құрақ құрау өнері өте ерте заманнан келе жатыр. Шығыста, Мысырда, Каир төңірегінде үш мың жыл бұрын тігілген құрақ бұйымдар табылған. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады. Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады. Америкада әр түрлі ұлт өкілдер тұрғандықтан құрақ құрау өнері пайда болған. Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұсталардың, зергерлердің, кілемші мен тігіншілердің суретшілік қасиетімен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған. Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріп, асыл дүниелерге айналып отырған. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ», деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қас шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлік пен шыдамдылық керек. Қолөнерінің алатын орыны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі құрақ құрау. Бұл аса шеберлікті , шыдамдылықты қажет ететін қолөнер. Құрақ дегеніміз не? Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни, құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200-ден аса түрі бар. Соның ішіндегі төртбұрыш, сегіз сай, мүйіз құрақ, қиықша құрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүл құрағы, майда құрағы, жұлдызша құрағы ел ішінде кеңінен тараған. Құрақ құрау техникасы екі бағытта дамып келеді: 1.Құрақ құрау (құрақ мозайкасы); 2. Жапсырмалау (аппликация). АҚШ ,Германия, Швеция сияқты елдердің мұражайларында құрақ техникасы сәнімен орындалған бұйымдардың коллекциялары бар. Мұндай қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен хабар беретін бірқатар бұйымдар Қастеев мұражайына да қойылған. Материалдардың түстер үйлесімділігін, геометриялық шешемін тауып орналастырып, қайталанбас колорит алуға болады.Құрақтардан жасалған заттар өзінің ерекшелігімен, түстерінің әр түрлі болуымен бізді өзіне ерекше тартады. Құрақ құрау технологиясы тұрмыс бұйымдарын дайындауда қолданылады. Құрақтан жасалған бұйымдар: жастық тыс, көрпе (орыс, қазақ, ағылшын), дастарқан, майлық, ұстағыш қолғап, жапқыш, кілем, дорба, баскиім, киімдер, сувенир немесе аксессуар ретінде –сәнді сөмке, кошелек т.б Жасалу жолдары: а ) композициялық орналасуы, симметрия сақтауы; ә )түстерінің үйлесуі, жарасымды болуы; б ) қағазға геометриялық элементтерін түсіру, дұрыс және бірдей орналасуын қадағалау. III. Сарамандық жұмыс. Қ.С.Е еске салу. Кіріспе нұсқау. Құрау технологиясы: 1.Қандай өрнекті құрасақ та сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз. 2. Матаның түр түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояп аламыз. 3. Геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз. 4. Қиылған матаны өрнек бойынша рет-ретімен: - әулі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді тігіп аламыз. Біз алдымен бұйымды жасау үшін алғаш жобасын сызамыз. Ал, енді жоба бойынша геометриялық пішіндерді түрлі-түсті қағаздан қиып алып, оларды көрпеше тәрізді қатырма қағаз бетіне дұрыс орналастырып, желімдейміз. Нәтижесінде түрлі-түсті әсем құрақтар пайда болады. «Тырнақтар» құрағын құрастыруға арналған технологиялық картаны қолданып құрақ құрау. IV. Сабақты бекіту:оқушы түсінігін сұрақ беру арқылы байқау, бағалау. 1. Қандай ұлттық құрақ түрлерін білесіңдер? 2. Құрақ дегеніміз не? 3. Құрақ түрлері қандай топқа бөлінеді? 4.Орыс тілінде құрақ құрау қалай аталады? 5. Ағылшын , Жапон тілінде құрақ құрау қалай аталады? 6. Қандай құрақ бұйымдарын білесіңдер? Әр ұлттың өзіне тән тіл, өнері, дәстүрі болатынын, құрақ өнері жайлы білдік. Қандай өнер болса да оған шеберлік, іскерлік, білгірлік бір сөзбен айтқанда технологияны білу қажет. Мақал: «Көнілсіз жұмыс өнімсіз». Көңіл қойсаң қолдан келмейтін іс жоқ. V. Үйге тапсырма. Үйге құрақ көрпешелер тігудің технологиялық картасына қарап көрпеше тігу тапсырылады. «Тырнақтар» құрағын құрастыруға арналған технологиялық картасы № Құрастыру реті Керекті құрал-жабдықтар нобайы 1. Үлгі бойынша екі түрлі матадан 10*10 және7*7 шаршы қиып ал, тігіске 0,5-1см қосымша қалдыр.екі түрлі мата, қарындаш, үлгі, қайшы. 2. Шаршыларды диагональ бойынша екі үшбұрышқа бөл. екі түрлі мата, қарындаш, үлгі, қайшы. 3. Үлкен үшбұрышқа екі кіші үшбұрышты қосып көкте. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина 4. Екі қатардың арасына 3-4см екі түсті жолақ көкте,тік. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина 5. Екі жағынан сән үшін екі түсті жолақтан 3-5см жүргіз. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина 6.Құрақ бетіне сәйкес астарлық мата қиып ал, бір жағынан 10*12 см қалдыра отырып, көкте және тік, бұрыштарын қиып аударып үтікте. ине, жіп, мата, қайшы. 
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/kz/sabak/tehnologiya/527-ra-rau-ds.html

ІІІ.Жаңа сабақ: Ой қозғау стратегиясы арқылы оқушыларға жаңа сабақты аштырту. Тақтадан суреттер көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту. Сұрақтар қойылады. –Балалар, экраннан не көріп тұрсыңдар? Қазіргі тұрғын үйдегі жиһаздарды ата? Үйді жиһаздау дегеніміз не? Бүгінгі сабағымыз не жайында болмақ? Жарайсыңдар балалар! Дәптерімізді ашып, бүгінгі жаңа тақырыбымызды жазып қояйық. Бүгін сіздер үй интерьерімен танысасыңдар. Балалар интерьер дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар? Интерьер француз тілінен алынып, « ішкі» деген мағынаны білдіреді. Үйдің ішін безендіру деген сөз. Біздің тұратын, жұмыс жасайтын және демалатын пәтеріміз ыңғайлы, жайлы, әдемі болуы керек. Интерьер-орынжайлардың ішкі кеңістігін,әсемдік жайы мен түрлі жабдықтарды біртұтас үйлесімді жинақтауға мүмкіндік беретін жоспарлаудың сәтті шешімі. Композиция –бұл құрастыру, жалғастыру, байланыстыру мағынасын білдіреді. Тұрғын үй интерьерінің композициясы-тұрғындардың талаптарына сәйкес келетін барлық элементтердің өзара үйлесімділігі. Ол компоненттерді (жиһаз,шам,тұрмыстық жабдықтарды) бір-біріне біртұтас бағындырып үйлестіреді. Пәтердің белгілі бір өмірлік процестері өтетін жекелеген учаскелері функционалдық аумақ деп аталады. Жалпы бөлме, ас үй, балалар бөлмесі, жатын бөлме және т.б. арналған аумақтар болады. Интерьерде жарықпен әсемдеу, сәндік жабдықтар, көгалдандыру, жабдықтардың формасы, сыртқы беттерді әсемдеу, заттарды орналастыру болып табылады. Эстетикалық әсемдеу –заттар мен кеңістік үйлесімділігі болып табылады. Пәтер ішінде ауа жақсы тазартылып , қалыпты жылу –ауа ортасы жасалуы керек. Ойластырылып жасалмаған жарықсыз үйдің жайлы болуына қол жеткізу мүмкін емес. Шамдар таңдауға ерекше көңіл бөлінеді. Шамдар жалпы, жергілікті, құрамдастырылған, бағыттап жарық түсіретін және декорациялық болады. Жапқыштар интерьерде біршама рөл атқарады. Олар пәтердің , бөлменің алғашқы әсерін береді. Жалпы бөлме үшін қанық түсті, айқын суретті, маталар жақсы көрінеді. Жатын бөлме үшін жұмсақ реңкті, жайлы түстер үйлесімді. Балалар бөлмесі үшін қанық ашық түсті, жылы реңкті маталарды таңдаған жөн. Ас үй пердесі үшін тор, жолақты, гүлді суретті материал қолданылады. 
IV. Сергіту сәті «Жалғасын тап»ойыны ( Оқушыларға мақалдың басын айтамын ,соңын тауып жалғастырыңыздар.) 1.Ұяда не көрсең.....(ұшқанда соны ілесің). Балалы үйдің....(ұрлығы жатпайды)....3.Үй иесі мейірлі отырса..... (қонақ иесі көңілді отырады.). 4..Өз үйің.......(өлең төсегің)

5Талаппен бастап..........(талғаммен аяқта)

V.Шығармашылық жұмыс

Балалар,берілген тақырыпқа сәйкес үй интерьерін қызықты етіп композиция құру. Оқушылар тапсырманы топ болып орындайды. Орындаған жұмыстарын қорғап шығады.

VІ Бекіту. «Сәйкестендіру кестесі» арқылы оқушылардың сабақ бойынша білімін тексеру.
VІІ Бағалау. Стикер үлестіру арқылы бағалау.
VІІІ Үйге тапсырма беру

Өз бөлмеңіздің интерьерін бейнелеңіз.

 

 



 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет