Сабақтың тақырыбы: 1-қыркүйек-Білім күні. Сабақтың мақсаты



бет8/14
Дата04.07.2018
өлшемі2,91 Mb.
#46435
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

4. Жазылым.

Жазу дәптерінің 29-беті, жазу.


IV. Сабақты бекіту:

  • Сен ойнайсың ба?

  • Саған бассейнге бару ұнайды ма?

  • Суда жүзе аласың ба? – деп сұрай отырып бүгінгі сабақты қорытамын.


V. Үйге тапсырма: 1. 134-135 беттер. Оқу, қайталау.

2. 5-тапсырма. Диалог арқылы сөйлесу.


Рефлексия: Сендерге сабақ ұнады ма? Бүгін не білдіңдер, не үйрендіңдер?

1 - сыныптар. Қазақ тілі

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Бассейнде

Сабақтың мақсаты: Сурет бойынша әңгімелей білуге, сұрақтарға дұрыс жауап беруде, диалог арқылы сөйлесуде өз ойын еркін айта алуға үйрету. Төл дыбыстарды дұрыс айта білуге жаттықтыру.

1. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерту, сол сөздермен сөз тіркестерін құру және оқушылармен сұхбаттасу, диалог және сызба арқылы ауызекі сөйлеу тілін дамыту, мәтінді оқу және сұрақтарға дұрыс, тиянақты жауап беруге жетелеу. Бассейнде қалай жүзетіндері жайлы әңгімелесуде логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Жазу дәптері бойынша жұмыс жасату арқылы сауаттылыққа үйрету.

2. Оқушылардың белсенділіктерін арттырып, сөздік қорларын байыту. Сауатты жазуға дағдыландыру.

3. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас, ойын

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген тапсырманы сұрап, пысықтап қорытамын.



  • Бір аптада неше күн бар?

  • Бүгін қай күн?

  • Бүгін сейсенбі ме?

  • Сен бассейнге қай күні барасың?

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Суретке қараңдар. Тыңдаңдар, қайталаңдар.

1) Жаңа сөздерді оқу.

Жүзу – плавать

Жүзе аламын – умею плавать

Жүземін - плаваю
2) Осы сөздермен сөз тіркестерін құру.

Мен жүземін, сен жақсы жүзесің, ол жүзе алады, т.б.
3) 138-бет, 1-тапсырмада берілген суретке қараңдар, тыңдаңдар, қайталаңдар, оқыңдар.

А) Оқушылар суреттегі берілген сөйлемдерді түсіне оқиды, қайталайды.

Ә) Суреттегі сөйлемдерді пайдалана отырып, бір-бірімен сөйлеседі.

4) 2-тапсырма. Толықтырып оқыңдар, қайталаңдар.

Мен бассейнде жүземін.

Сен бассейнде жүзесің.

Ол бассейнде жүзеді.

2. Оқылым.

1) 3-тапсырма. Тыңдаңдар, оқыңдар.

Оқушылар мәтінді түсініп оқиды.

2) Сұраққа жауап беріңдер.

- Бассейнде кімдер жүзеді?

- Кім жақсы жүзеді?



3. Сөйлесім.

4-тапсырма. Суретке қараңдар. Кім жақсы жүзеді?

- Арман, бассейнде жақсы жүзеді.

4. Жазылым.

Жазу дәптерінің 32-беті, жазу.


IV. Сабақты бекіту:

  • Саған бассейнге бару ұнайды ма?

  • Суда жүзе аласың ба?

  • Сен жақсы жүзесің бе? – деп сұрай отырып бүгінгі сабақты қорытамын.


V. Үйге тапсырма: 1. 138-139 беттер. Оқу, қайталау.

2. 1-тапсырма. Диалог арқылы сөйлесу.


Рефлексия: Сендерге сабақ ұнады ма? Бүгін не білдіңдер, не үйрендіңдер?


1 - сыныптар. Қазақ тілі

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Жаз мезгілі. Менің туған күнім

Сабақтың мақсаты: Сурет бойынша әңгімелей білуге, сұрақтарға дұрыс жауап беруде, диалог арқылы сөйлесуде өз ойын еркін айта алуға үйрету. Төл дыбыстарды дұрыс айта білуге жаттықтыру.

1. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерту, сол сөздермен сөз тіркестерін құру, оқушылармен сұхбаттасу, диалог және сызба арқылы ауызекі сөйлеу тілін дамыту, мәтінді оқу және сұрақтарға дұрыс, тиянақты жауап беруге жетелеу. Оқушыларға жыл мезгілдері жайлы әңгімелесуде логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Жазу дәптері бойынша жұмыс жасату арқылы сауаттылыққа үйрету.

2. Оқушылардың белсенділіктерін арттырып, сөздік қорларын байыту. Сауатты жазуға дағдыландыру.

3. Адамгершілікке, табиғатты қорғауға, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас, ойын

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген тапсырманы сұрап, пысықтап қорытамын.



  • «Ә» әрпінен басталатын қандай сөздерді білесіңдер? – деп барлық төл дыбыстарды қайталатып, ол әріптері бар қандай сөздер білетіндерін сұрап, үй тапсырмасын пысықтаймын.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Тыңдаңдар, қайталаңдар.

1) Жаңа сөздерді оқу.

Жаз – лето

Мезгіл - время

Маусым – июнь

Шілде – июль

Тамыз – август

Піседі – зреет (-ют)


2) Осы сөздермен сөз тіркестерін құру.

Жаз мезгілі, маусым айы, шілде айы, тамыз айы, алма піседі, т.б.
3) 148-бет, 1-тапсырмада берілген суретке қараңдар, тыңдаңдар, қайталаңдар, оқыңдар.

А) Оқушылар суреттегі берілген сөйлемдерді түсіне оқиды, қайталайды.

Ә) Суреттегі сөйлемдерді пайдалана отырып, бір-бірімен сөйлеседі.

4) 2-тапсырма. Сұраққа жауап беріңдер.

Маған көктем мезгілі ұнайды (ұнамайды).

Маған жаз мезгілі ұнайды (ұнамайды).

Маған күз мезгілі ұнайды (ұнамайды).

Маған қыс мезгілі ұнайды (ұнамайды).



2. Оқылым.

1) 3-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.

Оқушылар мәтінді мәнерлеп, түсініп оқиды.

2) Сұраққа жауап беріңдер.

- Жаз айлары қандай?

- Жазда күн қандай болады?

- Жазда нелер піседі?

3. Сөйлесім.

1) 4-тапсырма. Суретке қараңдар. Кім не жейді, не жемейді?

Мысалы: - Әсет өрік жейді, алмұрт жемейді.

2) 151-бет, 1-тапсырма. Үлгі бойынша сөйлесіңдер.

- Сенің туған күнің қашан болады?

- Менің туған күнім жазда болады.

3) Оқылым. 3-тапсырма. Мәтінді оқу.

4) Толықтырып айтыңдар. 4тапсырма.



4. Жазылым.

Жазу дәптерінің 38-41 беттері, жазу.



IV. Сабақты бекіту:

  • Саған жаз мезгілі ұнайды ма? Не үшін? – деп сұрай отырып бүгінгі сабақты қорытамын.


V. Үйге тапсырма: 1. 148-152 беттер. Оқу, қайталау.

2. 152-бет, 5-тапсырма. Диалог арқылы сөйлесу.



Рефлексия: Сендерге сабақ ұнады ма? Бүгін не білдіңдер, не үйрендіңдер?

4 - сыныптар. Қазақ тілі

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім

Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырып аясында сөйлесім құрып, сұхбаттаса алуға үйрету.

Білімділік: Сабақта оқушылардың қызығушылық қабілетін арттыруға жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, бірлесе әрекет етуге жағдай жасау. Пайдалы және сүйікті істері туралы айтуға, сурет бойынша сөйлемдер құрастыруда, диалог арқылы өзара сөйлесуде сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтауға үйрету, жағдаят туғызу арқылы дұрыс сөйлеуге, өз ойын жинақты түрде дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру. Өткен сабақтар бойынша игерген білімдерін еске түсіру, жинақтау. Грамматикалық тапсырмаларды орындату арқылы орфографиялық қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сыни ойлауға, топтық жұмыста өз ойын еркін жеткізуге, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға үйрету. Лексикалық тақырып бойынша өз сөздерімен айта алу мүмкіндігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: пайдалы, сүйікті істерімен айналысуға, жаманнан жақсыны айыра білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас, жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, топпен жұмыс,

әңгімелесу.



Сабақтың көрнекілігі: Көңіл-күй парағы, бағалау парағы, стикерлер, бояулар (маркерлер).

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

Сыныптағы психологиялық ахуалды реттеу.

Көңіл-күй парағын белгілеу.

Сыныпты топқа бөлу.


1-әрекет. Қызығушылықты ояту.

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін «Менің көңіл күйім» жаттығуын орындатамын. Оқушылар өздерінің көңіл күйлеріне қарай смайликтерді таңдап тақтаға іледі.


2-әрекет. Топқа бөлу.

1-ден 3-ке дейін санату арқылы топқа бөліп, көшбасшы сайлап, бағалау парақтарын таратамын. Оқушылар топқа бөлініп отырады.


3-әрекет. Үй тапсырмасын пысықтау.

Сұрақтар:

  1. Сенің отбасыңдағы адамдар немен айналысады?

  2. Олардың сүйікті істері бар ма?


4-әрекет. Ой қозғау.

  • Балалар, мына суреттен не көріп отырсыңдар? (Тақтада бишінің, суретшінің, торт пісірушінің, әншінің, домбырашының, суда жүзушінің суреттері).

  • Ендеше, бұл кісілердің сүйікті ісі екен.

  • Ендеше балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ? (Менің сүйікті ісім)
    - Мақсатын анықтайық.



5-әрекет. Мағынаны тану.

А) Жаңа сөздерді оқып, аудару, жазылуы мен айтылуын меңгерту.

Әуес - склонный
Әуестік - склонность
Әуестену - увлекаться чем либо, пристраститься
Әуесқой - любитель
Ермек – хобби

Ә) Сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.

Осы сөздермен сөз тіркесін жасап, дәптерлеріңе жазып алыңдар.

Б) Мәтінмен жұмыс.

1. Суреттерге қараңдар, Мына адамдардың сүйікті істері қандай екен? Немен әуестенетінін білейік? Болжаңдар. (Балалар ауызша суретке қарап болжамдарын айтады).
Үлгі: Меніңше, Меруерттің сүйікті ісі - би билеу,
Михаилдың сүйікті ісі -........................
Салтанаттың сүйікті ісі -.......................
Тыңдаңдар. Болжамдарың дұрыс па? Болжамдарын салыстыру.
1. Меруерттің сүйікті ісі – сурет салу, теннис ойнау, би билеу
2. Би билеу өте жақсы, қызық, қиын
3. Михаил гольфті, дойбыны, теннисті жақсы көреді
4. Михаил әдетте теннисті сенбіде, демалыста, жексенбіде досымен, ағасымен ойнайды
5. Салтанаттың сүйікті ісі - сурет салу, домбыра тарту, би билеу. Салтанат атақты әнші, биші болғысы келеді.

2. Оқылым. Берілген мәтінді түсініп оқыңдар.

А) Мәтінді іштей оқыңдар,
Ә) Кезек - кезек дауыстап оқыңдар

Менің сүйікті ісім сурет салу. Мектептен кейін мен сурет үйірмесіне барамын. Үйірмеге аптасына 2 рет барамын. Үйірмеде біз пейзаж, натюрморт салуды үйренеміз. Мен мектеп мерекелеріне әрдайым газет шығарып сурет саламын.
6-әрекет. Сөйлесім.

Әр топ өз диалогтарын құрастырып, екі оқушыдан шығып айтады.


7-әрекет. Флипчартпен жұмыс.

Барлық топ «Менің сүйікті ісім» деген тақырыпта кластер құрастырып, сипаттап жазып қорғайды.


8-әрекет. Сабақты бекіту.

Мен не білдім?

Нені түсінбедім?







9-әрекет. Оқушыларды бағалау.

Бағалау парақшасына қойылған бағаларын қорытындылап, журналға қоямын.


10-әрекет. Үйге тапсырма:

1) Өздеріңнің отбасы мүшелеріңнің сүйікті істері туралы әңгіме құрастыру.



11-әрекет. Рефлексия.

Сендерге сабақ ұнады ма? Не қиын болды?




Әуес - склонный
Әуестік - склонность
Әуестену - увлекаться чем либо, пристраститься
Әуесқой - любитель
Ермек – хобби

Менің сүйікті ісім

Менің сүйікті ісім сурет салу. Мектептен кейін мен сурет үйірмесіне барамын. Үйірмеге аптасына 2 рет барамын. Үйірмеде біз пейзаж, натюрморт салуды үйренеміз. Мен мектеп мерекелеріне әрдайым газет шығарып сурет саламын.



Мен не білдім?

Нені түсінбедім?








Әуес - склонный
Әуестік - склонность
Әуестену - увлекаться чем либо, пристраститься
Әуесқой - любитель
Ермек – хобби

Менің сүйікті ісім

Менің сүйікті ісім сурет салу. Мектептен кейін мен сурет үйірмесіне барамын. Үйірмеге аптасына 2 рет барамын. Үйірмеде біз пейзаж, натюрморт салуды үйренеміз. Мен мектеп мерекелеріне әрдайым газет шығарып сурет саламын.



Мен не білдім?

Нені түсінбедім?








4 - сыныптар. Қазақ тілі

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Менің үйім

Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырып аясында сөйлесім құрып, сұхбаттаса алуға үйрету.

Білімділік: Сабақта оқушылардың қызығушылық қабілетін арттыруға жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, бірлесе әрекет етуге жағдай жасау. Өз үйі, бөлмесі туралы білімдерін кеңейте олтырып сөздік қорларын байыту, сөйлеу мәдениетіне, сөйлемдер құрастыруда, диалог арқылы өзара сөйлесуде сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтауға үйрету, жағдаят туғызу арқылы дұрыс сөйлеуге, өз ойын жинақты түрде дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру. Өткен сабақтар бойынша игерген білімдерін еске түсіру, жинақтау. Грамматикалық тапсырмаларды орындату арқылы орфографиялық қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сыни ойлауға, топтық жұмыста өз ойын еркін жеткізуге, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға үйрету. Лексикалық тақырып бойынша өз сөздерімен айта алу мүмкіндігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, өз отбасын, қоршаған ортасын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас, жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, топпен жұмыс,

әңгімелесу.



Сабақтың көрнекілігі: Көңіл-күй парағы, бағалау парағы, стикерлер, бояулар (маркерлер).

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

Сыныптағы психологиялық ахуалды реттеу.

Көңіл-күй парағын белгілеу.

Сыныпты топқа бөлу.



1-әрекет. Қызығушылықты ояту.

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін «Менің көңіл күйім» жаттығуын орындатамын. Оқушылар өздерінің көңіл күйлеріне қарай смайликтерді таңдап, тақтаға іледі.



2-әрекет. Топқа бөлу.

Нөмірлер жазылған парақшаларды таңдату арқылы топқа бөліп, көшбасшы сайлап, бағалау парақтарын таратамын. Оқушылар жабық тұрған парақшаларды таңдап алып, топқа бөлініп отырады.



3-әрекет. Ой қозғау.

  • Балалар, мына суреттен не көріп отырсыңдар?

  • Бөлмелер қайда орналасады? – дей отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын тапқызып, жаңа сабақтың мақсатымен таныстырамын.

5-әрекет. Флипчартпен жұмыс.

1) Жаңа сөздерді оқып, аудару, жазылуы мен айтылуын меңгерту.

Қабат – этаж

Бірінші қабатта – на первом этаже

Екі қабатты – двух этажный

Жеке үй – частный дом

За городом – қаланың сыртында

2) Барлық топ «Сендер қандай үйде тұрғыларың келеді?» деген тақырып бойынша флипчартта жұмыс істеп қорғайды.



6-әрекет. Мағынаны тану.

  1. Мәтінді іштей оқу, түсіну.

Менің үйім

Менің атым Әлібек. Мен отбасыммен Алматы қаласында тұрамын. Біздің үйіміз Құрманғазы көшесінде орналасқан. Біздің үй тоғыз қабатты. Мен бесінші қабатта тұрамын. Үйде төрт бөлме бар. Үйдің алдында үлкен аула бар. Ол өте таза. Біз аулада ойнаймыз.

Менің досым бар. Оның аты Қуаныш. Ол қаланың сыртында жеке үйде тұрады. Оның үйі екі қабатты. Үйі өте әдемі. Оларда алты бөлме бар. Біз бір-бірімізге қонаққа барамыз.


  1. Мәтінге байланысты сұрақтар:

  • Әлібек қайда тұрады?

  • Ол қандай үйде тұрады?

  • Қуаныштың үйі қайда орналасқан? Ол неше қабатты?


7-әрекет. Жұптық жұмыс. Сөйлесім.

Оқушылар жаңа сөздерді пайдалана отырып, өз үйлері туралы диалог құрастырып, сөйлеседі.



8-әрекет. Жазылым.

1-топ. Мына сөздерден сөйлем құрастырып жазыңдар: «үй, бөлме, биік, бес қабатты, аула».

1______________________________________________________________.

2______________________________________________________________.

3. ______________________________________________________________.

4.______________________________________________________________.

5.______________________________________________________________.


2-топ. «үй, көше, бөлме» сөздерін тәуелдеңдер.

Жекеше түрі

І. Менің

ІІ. Сенің

ІІ. Сіздің

ІІІ. Оның


Көпше түрі

І. Біздің

ІІ. Сендердің

ІІ. Сіздердің

ІІІ.Олардың
3-топ. Кестені толтырыңдар.

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес























Керекті сөздер: үйге, бөлме, аулада, бесінші қабаттың, досыммен, үйдің, шатырды, ас үйден, қонаққа бару, көшені, отбасыммен.

9-әрекет. Сабақты бекіту.

«ҮЙ» сөзін кеңейтіңдер.

Үй.

Үлкен үй.



Үлкен үйде тұрамын.

Мен үлкен үйде тұрамын.



10-әрекет. Оқушыларды бағалау.

Бағалау парақшасына қойылған бағаларын қорытындылап, күнделіктеріне қою.



11-әрекет. Үйге тапсырма:

1) Жаңа сөздерді жаттау.

2) Үйде сен не істейсің? деген тақырыпта диалог құрастыру.

12-әрекет. Рефлексия.

Сендерге сабақ ұнады ма? Бүгін не білдіңдер, не үйрендіңдер?

1). Жаңа сөздерді оқып, аудару, жазылуы мен айтылуын меңгерту.

Қабат – этаж

Бірінші қабатта – на первом этаже

Екі қабатты – двух этажный

Жеке үй – частный дом

За городом – қаланың сыртында

2). Мәтінді іштей оқу, түсіну.

Менің үйім

Менің атым Әлібек. Мен отбасыммен Алматы қаласында тұрамын. Біздің үйіміз Құрманғазы көшесінде орналасқан. Біздің үй тоғыз қабатты. Мен бесінші қабатта тұрамын. Үйде төрт бөлме бар. Үйдің алдында үлкен аула бар. Ол өте таза. Біз аулада ойнаймыз.

Менің досым бар. Оның аты Қуаныш. Ол қаланың сыртында жеке үйде тұрады. Оның үйі екі қабатты. Үйі өте әдемі. Оларда алты бөлме бар. Біз бір-бірімізге қонаққа барамыз.

1). Жаңа сөздерді оқып, аудару, жазылуы мен айтылуын меңгерту.

Қабат – этаж

Бірінші қабатта – на первом этаже

Екі қабатты – двух этажный

Жеке үй – частный дом

За городом – қаланың сыртында

2). Мәтінді іштей оқу, түсіну.



Менің үйім

Менің атым Әлібек. Мен отбасыммен Алматы қаласында тұрамын. Біздің үйіміз Құрманғазы көшесінде орналасқан. Біздің үй тоғыз қабатты. Мен бесінші қабатта тұрамын. Үйде төрт бөлме бар. Үйдің алдында үлкен аула бар. Ол өте таза. Біз аулада ойнаймыз.

Менің досым бар. Оның аты Қуаныш. Ол қаланың сыртында жеке үйде тұрады. Оның үйі екі қабатты. Үйі өте әдемі. Оларда алты бөлме бар. Біз бір-бірімізге қонаққа барамыз.

1). Жаңа сөздерді оқып, аудару, жазылуы мен айтылуын меңгерту.


Қабат – этаж

Бірінші қабатта – на первом этаже

Екі қабатты – двух этажный

Жеке үй – частный дом

За городом – қаланың сыртында

2). Мәтінді оқу, түсіну.



Менің үйім

Менің атым Әлібек. Мен отбасыммен Алматы қаласында тұрамын. Біздің үйіміз Құрманғазы көшесінде орналасқан. Біздің үй тоғыз қабатты. Мен бесінші қабатта тұрамын. Үйде төрт бөлме бар. Үйдің алдында үлкен аула бар. Ол өте таза. Біз аулада ойнаймыз.

Менің досым бар. Оның аты Қуаныш. Ол қаланың сыртында жеке үйде тұрады. Оның үйі екі қабатты. Үйі өте әдемі. Оларда алты бөлме бар. Біз бір-бірімізге қонаққа барамыз.


Жазылым.

1-топ. Мына сөздерден сөйлем құрастырып жазыңдар: «үй, бөлме, биік, бес қабатты, аула».

1____________________________________________________.

2____________________________________________________.

3____________________________________________________.

4____________________________________________________.

5____________________________________________________.


Жазылым.

2-топ. «үй, көше, бөлме» сөздерін тәуелдеңдер.

Жекеше түрі

І. Менің

ІІ. Сенің

ІІ. Сіздің

ІІІ. Оның


Көпше түрі

І. Біздің

ІІ. Сендердің

ІІ. Сіздердің

ІІІ.Олардың
Жазылым.

3-топ. Кестені толтырыңдар.

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес























Керекті сөздер: үйге, бөлме, аулада, бесінші қабаттың, досыммен, үйдің, шатырды, ас үйден, қонаққа бару, көшені, отбасыммен.

4 - сыныптар. Қазақ тілі

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Біз бүгін қонақ күтеміз

Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырып аясында сөйлесім құрып, сұхбаттаса алуға үйрету.

Білімділік: Сабақта оқушылардың қызығушылық қабілетін арттыруға жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, бірлесе әрекет етуге жағдай жасау. Қонақ күту туралы білімдерін кеңейте олтырып сөздік қорларын байыту, сөйлеу мәдениетіне, сөйлемдер құрастыруда, диалог арқылы өзара сөйлесуде сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтауға үйрету, жағдаят туғызу арқылы дұрыс сөйлеуге, өз ойын жинақты түрде дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру. Өткен сабақтар бойынша игерген білімдерін еске түсіру, жинақтау. Грамматикалық тапсырмаларды орындату арқылы орфографиялық қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сыни ойлауға, топтық жұмыста өз ойын еркін жеткізуге, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға үйрету. Лексикалық тақырып бойынша өз сөздерімен айта алу мүмкіндігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, өз отбасын, қоршаған ортасын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас, жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, топпен жұмыс,

әңгімелесу.



Сабақтың көрнекілігі: Көңіл-күй парағы, бағалау парағы, стикерлер, бояулар (маркерлер).

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

Сыныптағы психологиялық ахуалды реттеу.

Көңіл-күй парағын белгілеу.

Сыныпты топқа бөлу.



1-әрекет. Қызығушылықты ояту.

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін «Менің көңіл күйім» жаттығуын орындатамын. Оқушылар өздерінің көңіл күйлеріне қарай смайликтерді таңдап, тақтаға іледі.



2-әрекет. Топқа бөлу.

Нөмірлер жазылған парақшаларды таңдату арқылы топқа бөліп, көшбасшы сайлап, бағалау парақтарын таратамын. Оқушылар жабық тұрған парақшаларды таңдап алып, топқа бөлініп отырады.



3-әрекет. Ой қозғау.

  • Балалар, мына суреттен не көріп отырсыңдар?

  • Бұл қандай бөлме?

  • Дұрыс, бұл қонақ бөлме. Онда сенің ата-анаң қонақ күте ме? – дей отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын тапқызып, жаңа сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Ой шақыру.

Сұрақтар

Иә

Жоқ

Қонаққа барғанды жақсы көресің бе?







Қонақ күте аласың ба?







Үйлеріңе жиі қонақ келе ме?







Қонақ күту қиын ба?








4-әрекет. Оқушыларды лексикалық сөздермен таныстырып, мағыналарын түсіндіремін.

  • Төрлетіңіз! Құрметті қонақтар;

  • Тәтті тағам;

  • Астан алу,

  • Қонақжайлылық,

  • Қарсы алу.

Проходите, пожалуйста – төрге шығыңыздар

Уважаемые гости – құрметті қонақтар

Угощайтесь, пожалуйста – астан алыңыздар

Благословите – бата беріңіздер

Қонақты қарсы алу – встречать гостей


5-әрекет. Флипчартпен жұмыс.

«Қонақ келген қалай қарсы аламыз?» деген тақырыпта кластер құрастырып қорғайды.


6-әрекет. Мағынаны тану.

Мәтінді іштей оқу, түсіну.



Қонақ күту

Бүгін менің әкем үйге қонақтар шақырды. Анам екеуіміз таңертең тұрып, дүкенге азық-түлік алуға бардық. Сосын үйге келіп дәмді тамақ дайындадық. Анам бауырсақ пісірді. Кешке қонақ бөлмеге үлкен дастарқан жасадық. Қонақтар төрде отырады.


7-әрекет. Топтық жұмыс. Сұрақ-жауап.

Әр топ бір-біріне сұрақтар қойып, жауап алады.


8-әрекет. Жағдаят. Сөйлесім.

«Сен қонақ келгенде қандай тәтті тағам дайындайсыңдар?» деген тақырыпта әңгіме құрастыру.


9-әрекет. Сабақты бекіту.

«Қонақ» сөзін кеңейтіңдер.


10-әрекет. Оқушыларды бағалау.

Бағалау парақшасына қойылған бағаларын қорытындылап, күнделіктеріне қою.


11-әрекет. Үйге тапсырма:

1) Жаңа сөздерді жаттау.

2) Өз отбасыларыңда қонақты қалай күтетіндерің туралы әңгіме құрастырып, жазып келіңдер.

12-әрекет. Рефлексия.

Сендерге сабақ ұнады ма? Бүгін не білдіңдер, не үйрендіңдер?




  • Төрлетіңіз! Құрметті қонақтар;

  • Тәтті тағам;

  • Астан алу,

  • Қонақжайлылық,

  • Қарсы алу.

Проходите, пожалуйста – төрге шығыңыздар

Уважаемые гости – құрметті қонақтар

Угощайтесь, пожалуйста – астан алыңыздар

Благословите – бата беріңіздер

Қонақты қарсы алу – встречать гостей
Мәтінді іштей оқу, түсіну.

Қонақ күту

Бүгін менің әкем үйге қонақтар шақырды. Анам екеуіміз таңертең тұрып, дүкенге азық-түлік алуға бардық. Сосын үйге келіп дәмді тамақ дайындадық. Анам бауырсақ пісірді. Кешке қонақ бөлмеге үлкен дастарқан жасадық. Қонақтар төрде отырады.




  • Төрлетіңіз! Құрметті қонақтар;

  • Тәтті тағам;

  • Астан алу,

  • Қонақжайлылық,

  • Қарсы алу.

Проходите, пожалуйста – төрге шығыңыздар

Уважаемые гости – құрметті қонақтар

Угощайтесь, пожалуйста – астан алыңыздар

Благословите – бата беріңіздер

Қонақты қарсы алу – встречать гостей
Мәтінді іштей оқу, түсіну.

Қонақ күту

Бүгін менің әкем үйге қонақтар шақырды. Анам екеуіміз таңертең тұрып, дүкенге азық-түлік алуға бардық. Сосын үйге келіп дәмді тамақ дайындадық. Анам бауырсақ пісірді. Кешке қонақ бөлмеге үлкен дастарқан жасадық. Қонақтар төрде отырады.



4 - сыныптар. Қазақ тілі

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қолғанат

Сабақтың мақсаты: жаңа тақырып аясында сөйлесім құрып, сұхбаттаса алуға үйрету.

Білімділік: Сабақта оқушылардың қызығушылық қабілетін арттыруға жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, бірлесе әрекет етуге жағдай жасау. Қолғанат сөзінің мағынасын түсіндіру, жаңа сөздермен таныстыру, сөздік қорларын байыту, сөйлеу мәдениетіне, диалог арқылы өзара сөйлесуде сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтауға үйрету, өз ойын жинақты түрде дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру. Өткен сабақтар бойынша игерген білімдерін еске түсіру, жинақтау. Лексикалық тесті орындау, сөздерді сәйкестендіру, жіктік жалғаулы сөздерді дұрыс орындарына қою сияқты грамматикалық тапсырмаларды орындату арқылы орфографиялық қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сыни ойлауға, топтық жұмыста өз ойын еркін жеткізуге, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға үйрету. Лексикалық тақырып бойынша өз сөздерімен айта алу мүмкіндігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас, жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, топпен жұмыс, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: Көңіл-күй парағы, бағалау парағы, түрлі-түсті қағаздар, стикерлер, бояулар (маркерлер).

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

Сыныптағы психологиялық ахуалды реттеу.

Көңіл-күй парағын белгілеу.

Сыныпты топқа бөлу.



1-әрекет. Қызығушылықты ояту.

Сыныптың психологиялық ахуал тудыру үшін «Менің көңіл күйім» жаттығуын орындатамын. Оқушылар өздерінің көңіл күйлеріне қарай смайликтерді таңдап, тақтаға іледі.



2-әрекет. Топқа бөлу.

Оқушылардың қаламдарын жинап алып бөліп тастап, өз қаламдарын таптыру арқылы топқа бөліп, көшбасшы сайлап, бағалау парақтарын таратамын. Оқушылар партаның үстінен қаламдарын тауып, қай партада жатса сол топқа бөлініп отырады.



3-әрекет. Үй тапсырмасын пысықтау.

Сұрақтар:

  • Сендер ата-әжелеріңе де көмектесесіңдер ме?

  • Көмектескендерің үшін сендерге ата-әжелерің не айтады?


4-әрекет. Ой қозғау.

  • Балалар, мына суретке қараңдар, не көріп отырсыңдар?деп оқушылармен сұхбаттасып, бүгінгі сабақтың атын тауып, мақсатын түсіндіремін.

5-әрекет. Мағынаны тану.

А) Жаңа сөздерді оқып, аудару, жазылуы мен айтылуын меңгерту.

Қолғанат – помощник (ца)

Күнде – каждый день

Киім ауыстыру – переодеться

Шаңсорғыш – пылесос

Үнемі – постоянно

Риза болу – быть доволен

Қоқыс - мусор
Ә) Сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.

Б) Фонетикалық жаттығу: жіктік жалғауын қайталау

І. Мен қолғанатпын І. Біз қолғанатпыз

ІІ. Сен қолғанатсың ІІ. Сендер қолғанатсыңдар

ІІ. Сіз қолғанатсыз ІІ. Сіздер қолғанатсыздар

ІІІ. Ол қолғанат ІІІ. Олар қолғанат



В) Мәтінді оқу, түсіну.

Қолғанат

Менің атым – Алтынай. Мен төртінші сыныпта оқимын. Күнде мектептен келген соң, киімімді ауыстырып, түскі асымды ішемін. Содан соң ыдыстарды жуамын, өз бөлмемді жинаймын. Кітаптарды өз орындарына қоямын. Шаң сүртемін. Шаңсорғышпен кілемнің үстін тазалаймын. Қоқысты шығарамын. Мен үнемі анама көмектесемін. Анам маған риза болып, «Қолғанатым менің» деп айтады.


6-әрекет. Сөйлесім.

Оқушылар мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, бір-біріне қояды, жауаптарын тыңдайды.



7-әрекет. Кластермен жұмыс.

«Қолғанат бала не істейді?»



8-әрекет. Диалог құру.

3-жаттығуда берілген диалогты оқып, осының негізінде өз диалогтарын құрастырып сөйлеседі.



9-әрекет. Жазылым.

1-топ. Лексикалық тестті орындау.

1

Үй жинау


Әкеге көмектесу

Бөлмені жинау

Жайлау

2

Кітаптарды орнына қою

Шаң сүрту

Волейбол ойнау

Кілемді тазалау

3

Кітап оқу


Анаға көмектесу

Ыдыс жуу

Қоқыс шығару

4

Киімді ауыстыру


Әңгімелесу

Ас үйді тазалау

Қолғанат болу


2-топ. Сәйкестендіріңдер.

1. шаң


А) ауыстыру

2. қоқыс


Ә) жинау

3. киім


Б) сүрту

4. үй


В) шығару

3-топ. Кестені толтырыңдар.

Мен

Сен

Сіз

Ол













Керекті сөздер: үй жинайсың, кілем тазалаймын, ыдыс жуады, тамақ жасайсыз, қоқыс шығарамын, қолғанатпын, киімді ауыстырады, шаңсорғышпен тазалайсың, анаға көмектесесіз, кілемді тазалаймын.

10-әрекет. Сабақты бекіту.

  • Балалар, біз бүгін қандай жаңа сөздермен таныстық?

11-әрекет. Оқушыларды бағалау.

Бағалау парақшасына қойылған бағаларын қорытындылап, оқушылардың білімдерін бағалап күнделіктеріне қою.



12-әрекет. Үйге тапсырма:

1) Жаңа сөздерді жаттау.

2) Мәтінді оқу, мазмұнын қысқаша айту.

14-әрекет. Рефлексия.

Сендерге сабақ ұнады ма? Бүгін не білдіңдер, не үйрендіңдер?



Жаңа сөздер:

Қолғанат – помощник (ца)

Күнде – каждый день

Киім ауыстыру – переодеться

Шаңсорғыш – пылесос

Үнемі – постоянно

Риза болу – быть доволен

Қоқыс - мусор


Қолғанат

Менің атым – Алтынай. Мен төртінші сыныпта оқимын. Күнде мектептен келген соң, киімімді ауыстырып, түскі асымды ішемін. Содан соң ыдыстарды жуамын, өз бөлмемді жинаймын. Кітаптарды өз орындарына қоямын. Шаң сүртемін. Шаңсорғышпен кілемнің үстін тазалаймын. Қоқысты шығарамын. Мен үнемі анама көмектесемін. Анам маған риза болып, «Қолғанатым менің» деп айтады.


1-топ. Лексикалық тестті орындау.

1

Үй жинау


Әкеге көмектесу

Бөлмені жинау

Жайлау

2

Кітаптарды орнына қою

Шаң сүрту

Волейбол ойнау

Кілемді тазалау

3

Кітап оқу


Анаға көмектесу

Ыдыс жуу

Қоқыс шығару

4

Киімді ауыстыру


Әңгімелесу

Ас үйді тазалау

Қолғанат болу



2-топ. Сәйкестендіріңдер.

1. шаң


А) ауыстыру

2. қоқыс


Ә) жинау

3. киім


Б) сүрту

4. үй


В) шығару



3-топ. Кестені толтырыңдар.

Мен

Сен

Сіз

Ол












Керекті сөздер: үй жинайсың, кілем тазалаймын, ыдыс жуады, тамақ жасайсыз, қоқыс шығарамын, қолғанатпын, киімді ауыстырады, шаңсорғышпен тазалайсың, анаға көмектесесіз, кілемді тазалаймын.

4 сынып 


Сабақтың тақырыбы: Аңдар.

Сабақтың мақсаты: Жабайы аңдар туралы толық мағлұмат беру, аңдар атауларын үш тілде меңгерту.


Сабақтың міндеттері:
♦ Білімділік: Жануарлар тірі табиғаттың негізгі бөлігі, олардың да алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру, жабайы аңдардың түрімен таныстыру. Осының ішінде Қазақстанда мекендейтін жабайы аңдар атауларын үш тілде меңгерту.
♦ Дамытушылық: Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, жабайы аңдардың атауларын қазақша, ағылшынша, орысша меңгерту.
♦ Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық көрсету жайында сөйлесе отырып, оларға қамқор болуға бағыт беру.

Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ.


Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Көрнекілігі:
1) Интерактивті тақта ( жануарлар топтамасының сызбасы, суреттер).
2) Жануарлардың жеке топтама суреттері.
Пән аралық байланыс: Әдебиет. Орыс тілі. Ағылшын тілі. Жануартану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себептерін сұрау.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
4. Тіл дамыту сәтін өткізу.

ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру, жалпылау:


1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау. 4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.

ІІІ. Жаңа сабақты қалыптастыру: «Жабайы аңдар»


1. Сөздік жұмыс. Тақырып бойынша оқулықта берілген жаңа сөздермен жұмыс.
Бөрене – бревно
сақтану – опасаться
тасқын су – пловодье
ыңғайлы – удобный
ойпат жер – низменность
қателеспейді - не ошибаются
үңгірін кездестірдік - здесь увидели берлогу
болжағыш - превидящий
күрке - палатка
а) сөздерді тізбекпен оқу;
ә) әр түрлі сөз тіркестерін құрастыру;
б) жабайы аңдары бар суреттер бойынша сөйлемдер құрастыру.

2. 2. Сұрақ - жауап.


1 - тапсырма бойынша мына төмендегі сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
1. Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?
2. Олардың мінездері қандай? (ақылды, айлакер, қорқақ, сақ, төзімді, т. б.)
3. Жабайы аңдар қай жерледе тіршілік етеді? 4. Жабайы аңдар немен қоректенеді?
Арыстан – лев – lion
Жолбарыс – тигр – tiger
Қасқыр – волк - wolf
Маймыл - обезьяна – monkey
Түлкі – лиса – fox
Піл – слон - elephant
Қабылан – леопард – leopard
Аю – медведь - bear

3. Оқылым, мәтінмен жұмыс. 2 - тапсырмадағы «Болжағыш аю» мәтінін оқу.


3. Деңгейлік тапсырмалар.
Осы 2 - тапсырмадағы мәтін бойынша 3 - тапсырманы орындаймыз. ІІІ деңгей.
1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
2. Болжағыш сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.
ІІ деңгей. 1. Мәтіннен септік және жіктік жалғауы бар сөздерді теріп, жалғауларын ажыратыңдар.
Үлгі: аңшының (І. с.), күркесіне (ІІІ ж. т. ж.., Б. с.)
2. Мәтіндегі аю неге болжағыш аю аталған? Сендер қалай ойлайсыңдар?
І деңгей.
1. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.
2. Бөренелерді, аңдар, көктемде сөздеріне сатылы кешенді талдау жасаңдар.

4 – тапсырма. Суреттегі жануарларды атауларымен сәйкестір.


Қоян
Суыр
Қабылан
Маймыл
Тиін

5 - тапсырма. Тірек сызба бойынша сөз тіркестерін құраңдар.


Айлакер түлкі, Ақылды түлкі, Қу түлкі, Сұр қасқыр
Қызыл түлкі, Сары түлкі, семіз түлкі, әдемі түлкі
Жыртқыш аң орманда мекендейді

Рефлексия.


Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер? Не білдіңдер? Не білгілерің келеді?
Оқушылар білімі бағаланады.
Үйге тапсырма: 1. «Маған ұнайтын жабайы жануар» тақырыбына эссе жаз.

4 сынып

Сабақтың тақырыбы:Жолбарыс. 
Сабақтың мақсаты :Оқушылардың Қазақстанда мекендейтін жануарлар туралы білім-біліктерін арттыру. 
Міндеттері: 
1.Біліктілік:Қазақстанда мекендейтін жануарлар туралы білімдерін жинақтау, бір жүйеге келтіру.Білгендерін қайталау,тереңдету,дүниетанымдарын кеңейту. Септіктерді қаншалықты деңгейде меңгергенін тиянақтау. 
2.Дамытушылық:Сауатты жазуға, сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жануарлардың мінезін сипаттауға үйрету. Ойлауға, салыстыруға, ізденуге баулу. 
3.Тәрбиелік: Туған өлке табиғатына, онда өмір сүретін жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, табиғатты, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ. 
Сабақтың әдістері: интерактивтік тақта, компьютермен жұмыс, диалог, ой қозғау. 
Пәнаралық байланыс: дүниетану, информатика,жаратылыстану. 
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі: 
1. Оқушылармен сәлемдесу. 
2. Оқушыларды түгендеу. 
3. Сабаққа кіріспе. 
Психологиялық дайындық. 
- Бүгін кезекші кім? 
- Бүгін нешесі? 
- Аптаның қай күні? 
- Жылдың қай мезгілі? 
- Бүгін сабаққа деген көңіл-күйлерін қандай? (смайлик көрсету) 
- Сабаққа дайынбыз ба? 
II. Үй жұмысын тексеру. 
- Оқушылардың дайындап әкелген жануарлар туралы қысқаша мәліметтерін тыңдау. 
- Жануарлар туралы жаттаған өлеңдерін тыңдау. 
III. Негізгі бөлім. Сабақтың мақсатын және тақырыбымен таныстыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі: 
- Бүгін қазақ тілі сабағы күндегіден өзгеше, әрі ерекше өтпекші. Себебі, бүгін бізде кіріктірілген сабақ, яғни ресурс орталығы оқытушысымен байланыстырып отырмыз.

IV. Ой қозғау. Ассоциация. 

Су Құрлық Орман Хайуанаттар бағы 

Адам досы Жыртқыш Табиғат 
а. Сөз тіркестерін құру. Жыртқыш аң, әдемі табиғат, хайуанаттар бағы, қу түлкі, орман қожасы,қорқақ қоян. 
б. Сөйлем құрау. Аю-орман қожасы. Қазақстанның табиғаты әдемі.Мен хайуанаттар бағында болдым. 
V. Сөздік жұмыс. 
Жолбарыс-тигр жыртқыш- хищник 
Күшті-сильный Ірі-крупный 
Зіл-бегемот Мекендейді- обитают 
Керік- жираф Қабан- дикая свинья 

Оңай-легко

Өлтіреді-убивает

Қамыстың жағасында в прибрежных местах


VI. Мәтінмен жұмыс. 
Жолбарыс – өте күшті жыртқыш аң. Ол 9-10 метр жерге секіреді. Жолбарыс қабанды, сиырды, жылқыны оңай өлтіреді. Ол аюды да өлтіре алады. Жолбарыс сағатына 120 км жүгіреді. Ертеде Қазақстанның Іле, Балқаш, Шу, Сырдария сияқты өзен, көлдерінің қамысты жағасында жолбарыс көп болған.
1-тапсырма.Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрастырып жаз.

Өте,күшті, жолбарыс, аң, жыртқыш.

Орманда, жүреді, ол, тауда.

Хайуанаттар,мен, көрдім, жолбарысты, бағынан.



Аюды, жолбарыс, қабанды, өлтіреді.


2-тапсырма 
Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғандар. 
Жолбарыс...., аң......, жыртқыш......, көл......, өзен......, орман...., тау......., сиыр....., қабан........ 

3-тапсырма. Сөзжұмбақ шешу.
1. Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбатты жан шыдамас үндері бар. (жолбарыс)
2. Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен. (аю)
3. Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі де қорыққан. (жылан)
4. Ай астында ақ мамық,
Жатыр суды жастанып. (аққу)
5. Торпаң - торпаң тарбиған,
Түрі жаман жарбиған. (тасбақа)
6. Торын құрып қояды,
Шыбындарды жояды. (өрмекші)

«Сен білесің бе?»
Кенгуру артқа қарап жүре алмайды
Төрт тізесі бар жалғыз аң - піл
Бегемоттар су астында туады
Керіктің тілі қап - қара
Басымен тұра алатын жалғыз аң - піл
Жыландар қоректенбей 3 жыл ұйықтай алады
Ұлудың тістері тілінде орналасқан
Құмырсқалар ешқашан ұйықтамайды
Кесіртке судың бетімен де жүре алады
Пілдер бір - бірімен өзара 50 шақырымға дейінгі қашықтықта ұғыса алады.

IX. Сабақты бекіту. (Рефлексия) 
1.Бүгін сабақта қандай жұмыс жасадық? 
2.Не білдік? 
3.Ең жүйрік қандай аң? 
4.Қоянның неше түрін білесіндер? 
Көңіл-күйлерін қалай? (смайлик көрсету) 
X. Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуына, білімдеріне байланысты бағалау. 
XI. Үйге тапсырма. «Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың ортақ қасиеттерін жазу», сөздік жаттау.

Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет