Сабақтың тақырыбы §18. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық азаттық көтерілісі Мақсаты



Дата12.04.2017
өлшемі36,96 Kb.
#13692
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары 10.12.2014.


Сыныбы

8 «в»

Сабақтың тақырыбы

§18. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық азаттық көтерілісі

Мақсаты

Исатай мен Махамбет бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі тарихын меңгерту

Күтілетін нәтиже

А. Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің алғышарттары мен себептерін біледі;

В. Кіші жүз қазақтарының соғысына қатысуының себептерін айқындай отырып, көтеріліс барысын және көтерілісшілердің жеңілу себептерін біледі.

С. Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің тарихи маңызына баға беріп, талдайды.

Керекті жабдықтар

Оқулық, интер белсенді тақта,слайдтар,флипчарт, жапсырмалар, маркерлер, түрлі-түсті қарындаштар, рефлексия парағы.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Оқушылармен амандасу;

Оқушыларды сергіту сәті арқылы топқа бөлу;

«Махамбет, Исатай, Жәңгір хан» топтары арқылы бөлу.

Сабақ мақсаты мен критерийлерімен таныстыру



Сергіту сәті арқылы топқа бөлу.

Жеке, топтық жұмыс

Топ ережесімен танысады, зейінін шоғырландырады.


Тұсаукесер



Өткен сабақ пен бүгінгі сабақты байланыстыру.

Өткен білімді еске түсіреді, қорытындылайды.

Негізгі бөлім

Жеке , топтық жұмыс

Үй тапсырма: Миға шабуыл

«Тұлғаны таны» /ассосация құру/

Топтарға Жәңгір хан, Исатай, Махамбет суреттерін беру және тұлғаларға ассосация дайындату.

Жаңа сабаққа ассоциация, арқылы оқушыны жаңа сабаққа әкелу.

«Исатай мен Махамбет көтерілісі туралы» бейнеролик



Жаңа сабақ

Мәтінмен жеке жұмыстанады.Берілген тақырыпшаға классификация жасайды.

/Оқушыларға үлестірме мәтіннің бөліктерін бере отырып, тақырыпшаларға классификация жасату.

1/ Көтерлістің шығу себептері, барысы.

2/Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алуы. Тастөбе түбіндегі шайқас.

3/Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары.Ақбұлақ шайқасы. Көтерілістің тарихи маңызы.

Топта талқылайды, нәтижесінде«интелект карта» жасайды және қорғайды.


Үй тапсырмасын тексеру

Талантты және дарынды оқушыларға кеңейтілген тапсырмалар(шығармашылық қолдау идеясы )бойынша презентация.
Оқушылар тұлғаларға тарихи сипаттама береді, таныстырады.

Жаңа сабақта әр топ өзіне бөлінген тақырыптың мәтінін оқиды. Бөлінген тақырыпшаларын постерге тірек-сызба арқылы түсіреді. Соңында әр топ өзінің тақырыпшасын қорғайды.

Қорытынды


Бекіту:

«Серпілген сауал» Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтыру:

  • Көтеріліс қалай басталып еді?

  • Көтерілістің жеңілу себептерін айтыңыз?

  • Көтеріліс жетекшілері мен Жәңгір ханның арасындағы қарым-қатынас қалай қалыптасып еді?

  • Бұл көтерілістің қандай тарихи маңызы бар?

Кері байланыс:

«Бүгінгі сабақ ұнады ма?»

Үйге тапсырма:


  • Көтеріліс жетекшілері туралы қосымша мағлұматтарды оқу;

  • Көтерілістің тарихи маңызын жазу.



Кері байланыста «Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?» атты рефлексия парағын толтырады.

Бағалауда: өзін-өзі бағалау және топта өзара критерий бойынша бағалау; ынталандыру, мадақтау, уәж айту,кеңес беру, «Жарайсың!»

Топтық бағалауда екі жұлдыз,бір ұсыныс » тәсілін қолдану.

Тлегенов Есенжан Улыкпанович –



Орал қаласы

М.Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектеп

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет