Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы, себептері мен сипаты



Дата28.07.2017
өлшемі23,24 Kb.
#22239
  • Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы Қазақстандағы желтоқсан
  • оқиғасы, себептері мен сипаты
  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік:
  • 1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін, сипатын, қозғаушы күштерін, маңызын білдіру, ұлттық қатынастағы жылдар бойы қордаланған шиеленіс пен жүйенің ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігін таныту,
  • 80- жылдардағы пленумдар мен конференциялардың мазмұн-мағынасы, мәніне талдау жасау, қоғамдық саяси өмірдің іріп-шіріп бара жатқан принціптерімен таныстыру;
  • Тәрбиелік:
  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20жыл, 1986 желтоқсан оқиғасына – 25 жыл толуын оқушыларға айта отырып, Отанын сүюге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; Желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлес ағаларымыздың батылдығын дәріптеу.
  • Дамытушылық:
  • Тақырыптың себеп-салдары байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білуге және өз пікірін дәлелдей алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.
  • Сабақтың түрі: аралас сабақ
  • Сабақтың әдісі: СТО технологиясы бойынша құрылды.
  • Сабақтың көрнекілігі: тірек – сызбалар, кесте, интерактивті тақта,
  • бейне таспа.
  • Сабақтың барысы:
  • І. Сабақ мына үш саты бойынша ұйымдастырылады:
  • Қызығушылықты ояту («1986жылғы желтоқсан оқиғасын» интерактивті
  • тақта бойынша көрсету, сұрақтар қою)
  • Мағынаны тану ( жауаптар іздеу, мәселені зерттеу)
  • Ой – толғаныс немесе рефлексия ( ойлау үрдісінің ең жоғарғы сатысында мәселені
  • талқылау)
  • Кіріспе: Жаңа дерек
  • «Бетбұрыс алдындағы қалыптасқан жағдай»
  • 80 - жылдардың басында КСРО – да аса ауыр әлеуметтік – экономикалық жағдай қалыптасты. Ел күрделі дағдарыс алдында тұрды. Қазақстанның халық шаруашылығының құрылымы келеңсіз сипат алды.
  • Халық шаруашылығындағы тоқырау құбылыстары, онда орын алған қарама-қайшылықтар мен кемшіліктерді айқын көрсетті, олар негізінен әміршіл-бюрократиялық жүйенің жоспарлау мен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберген қателіктеріне байланысты болды.
  • Мәселен, орта машина жасау, тиісті металдар, энергетика, металургия, суландыру және қорғаныс министрліктері республика аумағында өздерін нағыз «қожайын» есептеді, олар республика мен оның еңбекшілерінің мүдделерімен санаспады.
  • Экономикалық отарлық бағытта қалыптасуына байланысты қажетті тауарлардың 60% республикаға КСРО – ның басқа аймақтарынан әкелінді.
  • Рухани мәдениет құлдырады. Ұлттық мәдениетке менсінбей қараушылық қазақ тілінің жағдайына кері әсер етеді. Ана тілін білмейтін, тіліне, діліне, ұлтына менсінбей қарайтын мәңгүрттер тобы пайда болды.
  • Бұрынғы – экономикалық жүйенің арнасымен алға қоғамды түбегейлі өзгерту қажеттігі туындады.
  • Қызығушылықты ояту . (1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан үзінді интерактивті тақта арқылы көрсетіледі) слайд №2
  • Білемін._Білгім_келеді._Білдім.»'> «Білемін. Білгім келеді. Білдім.»
  • - Балалар, желтоқсан оқиғасы туралы бұрыннан қандай хабарыңыз бар, толығырақ нені білгіңіз келеді? Ортаға ойымызды сала отырып, кестені толтырайық.
  • Білемін
  • Білгім келеді
  • Білдім
  • Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. 1986ж. Желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді. Бүкіл ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды.
  • Шеруге қатысқандарды басып тастау үшін билік иелері жүргізген шаралар.
  • М.Шаханов туралы
  • Тәуелсіздік монументі туралы
  • Осы оқиғаға қатысқан жерлес адамдар туралы.
  • ІІ Мағынаны тану. Оқушылар тақырып бойынша белгілі бір ой қалыптастырғаннан кейін топтарға бөлініп болжам кестесін толтырады.
  • 1 топ. ( тақырып бойынша себеп – салдарын анықтау)
  • Жылы
  • Себебі
  • Сипаты
  • Тарихи маңызы
  • 1986 ж. 16-17 желтоқсан
  • КОКП Орталық комитетінің нұсқауымен 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан КП Орталық комитетінің пленумы болды. Жиналысты КОКП Орталық комитетінің хатшысы Г.Разумовский жүргізді. Күн тәртібінде бір ғана ұйымдастыру мәселесі тұрды. Д.Қонаевтың орнына орталық өкіметінің ұсынысы бойынша Г.В.Колбинді сайлау ұсынылды. Шұғыл жиналған пленумға кеткен уақыт небәрі 18-ақ минут
  • Ондаған жылдар бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер қоғамдық - әлеуметтік және мәдени салаларды қамтып өрескел кемшіліктер ұлт мәселелерінің қатты шиеленісуі республика жастарының ызасын келтіріп, оларды күрес жолына түсуге еріксіз алып келді.
  • Әлемді елең еткізген 1986 жылғы Алматы оқиғалары қазақ топырағында ұлттың санасын, намысын жетелеген қайсар буынның келгенін әйгіледі. Желтоқсан оқиғалары Қазақстан тарихындағы естен кетпес аса-ауыр және қайғылы беттердің бірі. Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес одағына еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды.
  • ІІ топ. Берілген қосымша құжат деректері бойынша талқылап, төмендегідей қорытындыға келеді.
  • 105 адам жауапқа тартылды, 99 – ы сотталды. 99-дың ішінде екі адам өлім жазасына кесілді, (Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов) кейін олардың ісі қайта қаралып 20 жыл бас бостандығынан айырумен алмастырды. Алматы қаласы бойынша 8500 адам ұсталып, 1720 адам жарақат алған. ІІМ жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылған. 12 ЖОО – ның ректорлары орындарынан алынған. 246 студент оқудан шығарылды.
  • Алматыға арнайы жіберілген КОКП ОК саяси бюросының мүшесі М.С. Соломенцевтің нұсқауы байынша, КСРО-ның ақпарат құралдары бұл оқиғаларды «маскүнемдер мен нашақорлардың бұзақылық, ұлтшылдық арандату әрекеттері» деп түсіндірді. Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхамеджанова, Е.Сыпатаев сынды боздақтар, есіл ерлер мәңгілікке көз жұмды.
  • 1986 жыл
  • 16-17 желтоқсан
  • М.Шахановтың 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 23 жылдығына орай «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбайдың сұрақтарына жауабынан үзінді келтіреді))
  • 1996 жылы 16 желтоқсан күні Республика алаңына Тәуелсіздік монументі ашылды. Оның биіктігі 28 метр. Авторы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шот – Аман Ыдырысұлы Уәлихан.
  • М.Шаханов бастаған комиссия желтоқсанның 17- сі Демократиялық жаңару күні деп жариялады. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасын есте сақтау үшін Республика алаңына ескерткіш тақта орнатылды.
  • Шарттары
  • Тапсырма
  • Білім
  • Жаңадан қандай білім алдың?
  • 1986 желтоқсан оқиғасы туралы қосымша мәліметтер арқылы білімімді толықтырдым.
  • Түсінік, ұғу
  • Берілген білімді түсіндің бе? Немен дәлелдейсің?
  • Түсіндім. Қоғамдық - әлеуметтік және мәдени салаларды қамтыған өрескел кемшіліктер мен ұл мәселелерінің қатты шиеленісуі және республика бірінші басшысының ауыстырылуы пісіп-жетіліп тұрған жаппай наразылықтың ашық қарсылық білдіруіне түрткі болды.
  • Қолдану
  • Алған біліміңді неге қолданар едің?
  • «Отан үшін отқа түс күймейсің» дегендей Қайрат, Ербол ағаларымдай ел намысын қорғайтын азамат боламын.
  • Анализ
  • Қабылдаған біліміңді саралай біл, маңызын дәлелде?
  • Желтоқсан оқиғасы Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Бұл оқиға Қазақстанда жаңа еніп келе жатқан күрестің басы болды.
  • ІІІ. Ой – толғаныс.
  • 1. Алған білімдерін қорытындылау, жинақтау, жүйелеу мақсатында «Блум жүйесі» бойынша талқылаймыз.
  • Синтез
  • Алған біліміңді жинақта
  • Наразылық бейбіт шеру түрінде өтіп, саяси сипат алды, ол мемлекеттік құрылысты құлатуға бағытталған жоқ, бірақ республика басшылығы жастардың пікірлерімен санасуды жөн деп таппады. Сондықтан саяси наразылықты өкіметке қауіп төндіру деп бағалап, арандатушылық әрекеттерге жол берілді
  • Баға
  • Өзіндік баға бер
  • Отаршылдыққа қарсы Қазақстан тарихындағы азаттық күрестің соңғы нүктесі деп айтуға болады. Тәуелсіздікке түрткі болған оқиға.
  • Каррекция
  • Нені ұға алмадың, жете түсінбедің, соны сарала.
  • М.Шаханов туралы қосымша мәліметте орталық биліктің арнайы «Метель» атты жауыздық операциясы әзірленді делінген.. Не үшін? Мақсаты не? Әлде республика басшыларының саяси мәдениеттерінің төмендігі, күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолдарын таба алмауы, тек қара күшке сүйеніп үйренген әдетіне басуы себеп болды ма?
  • 2. Жерлес апалармен сұхбат. (Желтоқсан оқиғасына қатысушы жерлес апалармен
  • сұхбат көрсетіледі)
  • 3. Оқушылар “Қасіретім, қасиетім, ар-намысым Желтоқсан! » тақырыбында «Эссе» әдісі бойынша тапсырманы орындайды. «Автор орындығынан оқу» әдісі арқылы мазмұнды шыққан эссені оқытамын.
  • 3. Желтоқсан оқиғасы – халқымыздың бастан кешкен тарихының бір кезеңі. Ол тарихта мәңгі қалады, ұмытылмайды. Сондықтан желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алайық. Интерактивті тақтадан «Желтоқсан желі» әні желісімен бейне клип орындалып тұрады.
  • 4. Оқушылардың білімі бағаланады.
  • 5.Үйге тапсырма: Параграфты оқу, «Білемін. Білгім келеді. Білдім.» кестесінің соңғы бөлімін толтырып келу.
  • Желтоқсан – 86, ызғарлы күн,
  • Қар мен мұз жылжығандай құздан бүгін,
  • Өттің де астан – кестен ойда жоқта
  • Артыңа ұмытылмас із қалдырдың,-деп ақын Ақұштап Бақтыгереева жырлағандай кешегі тарих қойнауына кеткен ХХ ғасырдың 1986 жылдың желтоқсанында болған оқиға ұлт тарихындағы азаттық үшін өткен күрестердің ең соңғысы еді.
  • Желтоқсан деген бір ой бар,
  • Шабынтып мінген үлекті.
  • Шаңылтыр күнде шырай бар
  • Жылытар ма екен жүректі?
  • Ия, сол кездегі желтоқсанның 17-18 күнгі бет қаратпас таулы өңірдің ылғалды аязы да, жалдамалы жендеттердің (насоспен) сүсорғышпен атқылағанда тиген жерін қанжардай тіліп түсер мұздай сулары да азаттық аңсаған жастардың жалындаған жүректерін суыта алған жоқ. Олар ұлтын сүйді. Жетпіс жыл кеңестік тотолиторизмнің қыспағында булыққан сезімдер бір сәтте бұрқ етті. Тіпті қажет десеңіз, олар күллі адамзат баласының жанын, тәнін жеңгенімен рухын ешбір озбыр күш жеңе алмайтынын дәлелдеп шықты.
  • Тағдырлары қыстың алғашқы үсігіне тап болған сол кездегі жастар, түрлі оқу орындарының көкөрім студенттері, Исатай мен Махамбеттің, Қабанбай мен Бөгенбайдың, Кейкі мен Кенесарының ұрпақтары екенін көрсетті. Қалай десек те, бүгінгі тәуелсіздікке бастаған сара жол сол бір жылғы Алматыда өткен жастар көтерілісінен бастау алғаны белгілі. Ия, бізге еркіндік оңай келген жоқ.
  • Қайраттай қайсар ұлдарың
  • Қанымен келген еркіндік
  • Сәбира менен Лаззаттың
  • Арымен келген еркіндік
  • Желтоқсанның алғашқы
  • Қарымен келген еркіндік
  • Алтынайдай ананың
  • Зарымен келген еркіндік
  • Алаңда салған Шәмшінің
  • Әнімен келген еркіндік
  • Қиындықтың осындай
  • Бәрімен келген еркіндік!
  • Желтоқсан оқиғасына - 25 жыл


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет