Сабақтың тақырыбы №31 Менің көшем Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата22.10.2023
өлшемі351,54 Kb.
#187417
түріСабақ
Байланысты:
Дүниетану 31 сабақ 26.04.23ж
2нұсқа

Мектеп

№124 мектеп

Бөлім:Қоршаған орта
Пәні:дүниетану




Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты

Сатиева Т.Ж

Күні 26 .04 .23 ж




Сынып: 2

Қатысушылар саны:17

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

31 Менің көшем

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.4.1 туризмнің негізгі түрлерін ажырату

Сабақтың мақсаты

Туризмнің негізгі түрлерін ажыратады

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
7 минут



Психологиялық ахуал
Қазақстан-туған жер,
Сені қатты сүйемін.
Көлдер, таулар, даламды,
Отаным деп білемін!
Жаңа тақырыпты ашу.
«Менің көшем»
«Ой қозғау» әдісі
Мұғалім тақтаға «Тақырып» сөзін жазып, біраз кідіріп,
балалардан «Қалай ойлайсыңдар, сабағымыз қандай тақырыпқа арналады?» деп сұрайды («Тақырып» тәсілі).
–Дұрыс! Біз бүгін өз үйіміз орналасқан көшеміз жайлы айтамыз.
«Туған үй» және «Менің көшем» сөздерін қайталап, сөз қорына қосады.
«Менің көшем»

Психологиялық тренинг
-Сұраққа жауап береді.

Жарайсыңдар!
Бағалау парақшасы: «Білім тамшысы»
.
Әр алған балға бір тамшы белгілейді





Сабақтың ортасы 10 мин

ҚБ 1-тапсырма Топтық жұмыс
ОДД Білу.Түсіну
Оқулықпен жұмыс
Дидактикалық ойын: «Менің көшем»
Нұсқау: Қала – бірнеше элементтерден тұратын ерекше кеңістік: көшелер, желекжолдар, даңғылдар мен алаңдар, тұрғын аудандар мен индустриалды аймақтардан тұрады.
Көше – бұл көліктердің өтуі мен адамдардың өтуі үшін
аралықтары бар екі параллель . Онда міндетті түрде көлік жүретін жол мен жаяу жүргіншілердің жолы бар.

  • Балалар! Сендер Ақмарал мен Арманның өздерінің көшелері туралы әңгімелегенін білдіңдер. Сендер олардың әңгімелерін жалғастыруларың керек, бірақ алдымен топ ішінде

дайындалыңдар. Бір көшеде тұратын балалар бір топта жұмысты орындайды. Осы сабаққа дайындаларда сендер ата- аналарыңмен үлкен жұмыс атқардыңдар:

  • көшелеріңнің аталу себебін анықтадыңдар;

  • көшелеріңдегі үйлер мен ескерткіш нысандарды суретке түсірдіңдер.

ЕББҚ ететін (ойлау деңгейі төмен ) балаға тапсырма Мәтінді оқиды



Сұрақтарға жауап береді.
Сабақ тақырыбын әңгіме орайына қарай анықтайды.

Бағалау критерийі Туризмнің негізгі түрлерін ажыратады Дескриптор Мәтінді оқиды 1 балл
Өз көшесін біледі 1 балл

оқулық

10 мин

ҚБ 2-тапсырма Топтық жұмыс
ОДД Білу.Түсіну
А
А деңгейі *сенің үйің қай көшеде орналасқан?
*көшенің аталу себебі?
*қашан салынды?
*көшеде қандай үйлер орналасқан?
*қандай мекемелер бар?
*көшең басқа қандай көшелермен қиылысады?
*сенің көшеңде тұратын сыныптастарың бар ма?


В деңгейі
Төмендегі параққа көшең туралы фотоәңгімеңді ұсын. Оған деген қарым- қатынасыңды сурет және жазбалармен жеткізуге тырыс
С деңгейі Үлкендердің көмегімен көшеңнің тарихы туралы әңгімеге дайындалып жаз.

Дәптермен жұмыс орындайды



Бағалау критерийі
Туризмнің негізгі түрлерін ажыратады Дескриптор
Сұрақтарға жауап береді2 балл

дәптер

3 мин

Сергіту сәті

Хормен айтады

Жарайсыңдар!




10 мин

ҚБ 3-тапсырма Өзіндік жұмыс
1). Адам тіршілігіне ең қажетті жағдайлар?
А) Ауа, су, тамақ, жылу, жарық.
В) Доп, машина, компьютер, телефон, велосипед.
С) Кітап, дәптер, қалам, сызғыш, бор.
Д) Су, топырақ, қалам, бор
2). Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік не деп аталады?
А) Көкжиек
В) Жазық
С) Табиғат
Д) Ауа
3). Көкжиектің қанша тұсы бар?
А) 2
В) 3
С) 5
Д) 4
4). Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құралды не дейді?
А) компьютер
В) тұсбағар
С) Сағат
Д) термометр
5) Темірқазық жұлдызы қай бағытты көрсетеді?
А) шығыс
В) Оңтүстік
С) Батыс
Д) Солтүстік
6) Ауаның түсі туралы не айтуға болады?
А) көгілдір
В) ақ
С) түссіз
Д) сары



Өзіңді тексер тапсырмасын орындайды.

Сұрақтарға жауап береді.





Дескриптор
Өзіңді тексер тапсырмасын орындайды. 6 балл

дәптер

Сабақ
тың соңы
5 мин



Рефлексия Термометр
Бүгінгі сабақта өздерің үшін жаңадан не аштыңдар?
− Сабақта орындаған жұмысына кімнің көңілі толады?
− Нақты неге көңілдерің толды?
− Ал қазір әрқайсысыларың шартты белгілерді пайдалана отырып, сабақтағы өз жұмыстарыңды бағалайсыңдар.
Үйге тапсырма.мәтінді оқу



Тақырып бойынша түйген
білімдерін жазады.

Мадақтау сөздер!





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет