Сабақтың тақырыбы А. Құнанбаев «Жетінші қарасөзі»



бет1/4
Дата18.12.2019
өлшемі402,71 Kb.
#53725
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
ашық сабақ Абай
тәрбие сағаты құқық, 5-сабақ қазақ тілі 4-тарау ҚМЖ 1-нұсқа (1)

Бөлім: Абайды оқы, таңырқа

Мектеп: Қ. Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия

Күні : 11.12.2018ж.

Мұғалім: Усерова Н.А.

Сынып: 6 «Ә»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

А. Құнанбаев «Жетінші қарасөзі»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж2. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Барлық білім алушылар: Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай алады.

Көптеген білім алушылар: Әдеби шығармада көтерілген мәселені анықтай алады.

Кейбір білім алушылар: Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіре алады.


Бағалау критерийлері:

Қарасөзде көтерілген мәселені анықтайды

Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.

әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді


Тілдік мақсаттар:

Пәндік лексика мен терминология: автор үні, оқырман сезімі, шығармадағы құндылық.Оқушылар түсінеді және сипаттайды.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:



Менің ойымша..., Қорытындылай келе...

Шығармадағы тірек сөздер: ішсем,жесем, ұйықтасам деп, бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ.



Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық құндылықтар:

Тіл және мәдениет;

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

Қарым-қатынас жасау қабілеті;

Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

Отбасы құндылықтары;

Өмір бойы оқуға дайын болу

Құндылықтарға баулу адамгершілік, төзімділік, еңбекқорлық, адалдық, жауапкершілік, жалпы адамдардың әлеуеті және қоршаған адамдардың әлеуеті туралы көзқарасымыздың қалыптасуына негіз болады. Сондай-ақ құндылықтар дегеніміз біздің сенетін дүниеміз, олар біздің қоршаған ортаға деген қарым-қатынасымызды және мінез-құлқымызды анықтайды.


Пәнаралық байланыс

Музыка, өзін-өзі тану

Осыған дейін меңгерілген білім

А.Құнанбайұлы «Бірінші қарасөзі »

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер



Сабақ


тың басы
5 – 7 минут


1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жағымды ахуал орнату. Оқушылар өз бойындағы 1 жақсы және 1 жаман қасиетін жазады. Шеңбер бойына тұрып қасиеттерді оқиды да, жақсы қасиет жазылған қағазды қалтасына салып, жаман қасиет жазылған сөзді жыртып қоқыс шелегіне тастайды.

Топқа бөлу: Абайдың өлеңдерінің жолдарын құрастыру арқылы «Жан», «Тән», «Таңдау» атты үш топқа бөлінеді.

Ғылым таппай мақтанба,  

Орын таппай баптанба, 

Құмарланып шаттанба 

Ойнап босқа күлуге. 

Бес нәрседен қашық бол, 

Бес нәрсеге асық бол, 

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де - бір кірпіш, дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан! 

Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да, қуғанға.

Әділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

Дүние ойдан шығады,

Өзімді өзім ұмытып,

Көңілім әнді үғады,

Жүрегім бойды жылытып.

Қызығушылықты ояту кезеңі.


І топ: Тамақ, ұйқы, демалыс дегеніміз не?

ІІ топ: Білім, ғылым, еңбек дегенді қалай ұғасыңдар?

ІІІ топ: Сәуле, сенім, жақсы дегенді қалай ұғасыңдар?

Бүгінгі сабақтың оқу мақсатымен таныстырылады.



http://bilimsite.kz/kazakh_tili/2565-abay-kara-sozderin-adam-tarbiesinde-paydalanu.htm


Сабақ

тың ортасы


5 – 7 минут

5 минут

7 минут

Ауызша кері байланыс

3 мин

10

минут


2-минут



Мағынаны тану кезеңі .

«Bilim Land» порталынан «Жетінші қарасөзді» тыңдайды.

«Визуалды айғақтар» әдісі.

Оқушыларға әртүрлі суреттер және өлең атаулары таратылады. Оқушылар суреттерді мағынасына қарай топтастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет