Атырау облысы
Атырау қаласы
М.Әуезов атындағы №7 орта мектеп
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
Даирбаева Сания Сатыбалдықызы
Пәні: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: А.Сейдімбек «Әйел –Ана» әдеби ертегісі
Сабақтың мақсаты:
1.Ертегінің негізгі ойын анықтау.
2.Өз ойларын дәлелдей білуге,түсініктерін көркем де жүйелі жеткізуге дағдыландыру,таным деңгейлерін арттыру,шығармашылыққа баулу.
3.Ананы сыйлауға, қадірлеуге тәрбиелеу,елге,туған жерге деген патриоттық сезімдерін ояту,адамгершілікке,қайырымдылыққа,үлкенді сыйлай білуге баулу.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,түсіндіру,ой қорыту,шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтелдер, суреттер,интерактивті тақтада слайд.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Жақсы білім аламыз,
Толысады санамыз.
Тәуелсіз ел ұланы-
Біз бақытты баламыз!
ІІ. Үй жұмысын сұрау.
Ә.Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі
«Ер есімі -ел есінде» тақырыбында жазған эсселерін оқыту.
Батырлық,ерлік туралы мақал-мәтелдер айтқызу.
Халқы әрдайым ардақтайды батырын,
Өтсе де талай жылдар менен ғасырың.
Өлмейтұғын артында іс қалдырған,
Бағалайды баға жетпес асылын.
ІІІ. «Ой қозғау»
Интерактивті тақтадан сурет көрсетіледі.
-Балалар, осы көріп отырған суреттер мазмұнын ашатын негізгі ойды тауып, оны мақал-мәтел түрінде айтып, мағынасын ашып беріңдерші?
Балалар берілген сурет мағынасына қарай мақал-мәтел ойластырып, оның мағынасын ашу барысында жұмыс жасайды.
Әр бала өз ойын, шешімін ортаға салып, бірге талдап, бірлесіп нақты шешімге келеді.
Түйін сөз:Әйел-ана әлемнің тірегі.
ІV.Мағынаны тану. Бүгінгі жаңа сабағымыз А.Сейдімбек «Әйел-Ана» әдеби ертегісі
Автор туралы қықаша мағлұмат беру.
Слайд арқылы көрсету.
«Әйел-ана» мәтінін оқып шығу.
Мәтінмен жұмыс.Жоспар құру.
1.Күншуақ еліне жаудың тұтқиылдан шабуыл жасауы.
2.Әміршінің жарлығы.
3.Ақ шашты Ананың тапқырлығы.
Осы жоспарға сай 3 қатар өз ойларын,түсінгендерін айтады.
Сөздікпен жұмыс:
Қапа болды-уайымдады,қайғырды.
Мұнара-мұсылмандарды намазға шақыруға арналған мешіттің биік күмбезі.
«Ана» сөзін топтастыру
V.Ой-толғаныс.
1-қатар: Отан-Ана тақырыбында ой толғайды.
2-қатар:Ана тілі туралы ой толғайды.
3-қатар: Жер-Ана туралы ой толғайды.
VI.Сергіту сәті «Ана туралы жыр»
ҮІI.Шығармашылық тапсырма.
1.Әйел-Анаға мінездеме жазу.
2. Әйел-Анаға хат жазу.
3.Ана туралы шағын эссе жазу.
ҮІІI.Қорытынды
Топтастыру. Әйел-Ана
«Менің сабақтан алған әсерім» смайликтер арқылы көрсетеді.
IX.Үйге тапсырма. Түсініп оқу, Ана туралы мақал-мәтел жаттау.Ертегіні жалғастыру.
Бағалау.
М.Әуезов атындағы № 7 орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: А.Сейдімбек «Әйел-Ана» әдеби ертегісі
Сыныбы: 5 А
Пәні: қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Дайрабаева Сания Сатыбалдықызы
Атырау-2014
Достарыңызбен бөлісу: |