Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы – ұлы ойшыл (жалғасы).
2. Сабақ мақсаттары:
8.2.3.2 – Абай Құнанбайұлы ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретінде қызметіне баға беру.
3. Оқулықтар мен электронды ресурстарға сілтемелер:
Оқулық: Қазақстан тарихы, 8 сынып. Алматы: «Мектеп», 2018.
https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/7-synyp/abaj-qunanbajuly-uly-ojshyl?mid=a450:b4c30b14:new
https://www.youtube.com/watch?v=ADbK1nInNjw
4. Оқу тапсырмалары: «Абай Құнанбайұлы – ұлы ойшыл» тақырыбы бойынша оқулықтан қарап оқып, жұмыс жасау. Тапсырманы рындап, дәптерге түсіру.
Тақырып бойынша түсінік.
«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұранғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ».
А. Байтұрсынұлы
|
«Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның,
Әлемнің құлағынан әні кетпес!»
М. Жұмабаев
|
1890–1898 жылдар аралығында Абай«Ғақлия»прозалық шығармасын жазды. Бұл «даналық маржан сөздер» 50-ге жуық қарасөзден тұрады. «Ғақлия» шығармасына қанатты сөздер мен ойлар, аңыздар мен диалогтер кірді.
БІРІНШІ СӨЗ: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керектісін тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».
Абай өлеңдер, проза тілімен өсиет-қара сөздер, «Ескендір», «Масғұт», «Әзім туралы аңыз» поэмаларын жазды.
«Қалың елім қазағым, қайран жұртым» өлеңінде қазақ халқының сол кездегі мүшкіл халін қинала сипаттады.
Сонымен бірге «Ғылым таппай мақтанба ...» өлеңімен жастарды адал еңбек етуге, өнер-білімге, ғылымға шақырды. «Адам баласына адам баласының бәрі дос» деп мәлімдеген ақын ел ішінде татулық пен бірлік болғанда ғана озық идеялар іске асып, ғылым, мәдениет дамып, халыққа игілік әкеледі деп санады
«Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жыңғырып, жаңа өріс алып тұр».
М. Әуезов
|
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге!»
С. Торайғыров
|
Тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |