Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы
Кенбай орта мектебінің қазақ тілі пәні және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Әділова Гүлдана Қалыбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»
5 сынып (екінші сағат)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: «Қозыкүрең» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, білім көкжиегін кеңейту. Қазақ-қырғыз халықтары арасындағы тарихи қалыптасқан қарым-қатынастың, адал көңіл-ниеттің, шынайы бауырластығы туралы әңгімелеу. Табиғат перзенті жылқы малына деген сүйіспеншілік көзқарасты ұғындыру.
Дамытушылығы: Оқушының өз бетінше іздене білу, қорытынды, тұжырым жасаудағы машығын дамыту, ой-өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелілігі: Адами сезімді қастерлеу, ортақ пікір, тиянақты тұжырымдама жасауға баулу, оқушыларды адамгершілік, қайырымдылық, бірлік, достық, отанды сүюге, бауырластық рухында тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді жүйелеу
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау,
ой қозғау .
Сабақтың көрнекілігі: Қ.Жұмаділовтың портреті, кесте-сызба,
интерактивті тақта, слайдтық көріністер
Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (өмірі мен шығармашылығына тоқталу)
ІІІ. Жаңа сабақ.І. Қызығушылығын ояту. Ой қозғау.
1. Қ.Жұмаділов туралы не білеміз ?
-
Қандай шығармаларын оқыдыңдар ?
3. Мәтін жоспары.
-
Қонаққа бару.
-
Қонақта.
-
Қызық әңгіме.
-
Майданға ат апару.
-
Қозыкүреңнің қашуға дайындығы.
-
Қозыкүреңнің елге оралуы.
-
Қозыкүреңді арулап көму.
-
Сыйлық.
Әр бөлімді оқушылар мазмұндап, мәтіннен тауып оқиды. Мәтінді дәптерлеріне жазып, ұнаған бөлімге «+» белгісін қояды.
Түсініктеме күнделігін толтырады
Әңгіме аты (бөлімі)
|
Әсер еткен тұсы
|
Үзінді жайлы өз пікірің
|
|
|
|
Мәтінді талдау
-
Повестен алынған үзіндіні не себепті «Қозыкүрең» деп атаған ?
-
Шығарманы оқи отырып, қай кейіпкердің іс-әрекетіне сүйсіндіңдер ?
-
Қазақ пен қырғыз халқының достығы, ортақ салт дәстүрі туралы не білесіңдер ? (Мәтіннен Ержанның ойларын тауып оқу).
-
Қозыкүреңнің елге қашатынын Саяқбай қайдан білді ?
-
Қозыкүрең елге оралғанда Саяқбай неге жылады ?
-
Төреқұл досы Ағыбайға «Қоянкөк» дөненді сыйға тартуы, оны Ағыбайдың қабылдап тұрып «Берген жомарт емес, алған жомарт» деуі неліктен ?
-
Параллелизм дегеніміз не ?
ІІ. Мағынаны тану. Топтық жұмыс
1 топ. Кейіпкерлерін ата?
2 топ. Әңгімедегі Саяқбай жылқышы қандай адам?
3 топ. Ағыбайға Төреқұлдық сыйы. Екі достың диалогін оқу.
«Кім көп біледі» ойыны.
Жылқыға байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
-
Жылқы – малдың патшасы,
-
Түйе – малдың қасқасы.
-
Жүйрік атқа жел қамшы.
-
Жүйрік ат – бірде ат, бірде қанат.
-
Жылқылы елде жау көп,
-
Жатақ елде дау көп.
-
Жүйрікті кекіл қағысынан байқайды.
Семантикалық карта.
№
|
Үзінді
|
Саяқбай
|
Төреқұл
|
Ағыбай
|
1
2
3
4
5
6
| -
Пәлі, мына қазақтарды қарай гөр!
-
Бұлар менің жиендерім....
-
Жігіттер, мен бірдеңе білсем, сендер осы қозыкүреңнен айырыласыңдар,-деді.
-
Жануарым – ай, аман-есен келген екенсің ғой! Айшылық жолды алты аттап, Алатауыңа жеткен екенсің- ау!....
-
«Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын...»
-
Мынауың баға жетпес сый болды – ау, Төреқұл!
|
+
+
|
+
+
|
+
+
|
ІІІ. Ой толғаныс. Сөздікпен жұмыс (кесте бойынша)
-
Ақалтеке –
-
Бесті –
-
Қу мүйіз –
-
Өрелеу -
|
Түркімендік жүйрік жылқы тұқымы
Бес жастағы жылқы
Көп нәрсені бастан кешірген, ысылған, төселген.
Аттың алдыңғы аяқтары мен арты бір аяғын шалып байлау, өре (шідер) салу.
|
Шығармашылық тапсырма.
-
«Менің тұлпарым», «Туған жерге келе жатқан Қозыкүрең» тақырыбында сурет салу, сурет бойынша әңгімелеу.
Қорытынды.
Үйге тапсырма:
«Туған жерді сағындың ба, Қозыкүрең ?» әңгіме желісі бойынша ертегі жазу.

Достарыңызбен бөлісу: |