Сабақ жоспары
Уақыты: 20.11.15 ж
Сынып: 6 «А»
Өтетін орны: ағаш шеберханасы.
Сабақтың тақырыбы: Ағашты аралау, сүргілеу және бұрғылау әдістері мен өңдеу, технологиялық карта бойынша бұйым жасау.
Сабақтың мақсаты:
Біліміділігі: ағаштың түрлеріне, қасиеттеріне мағлұматтар бере отырып, ағашты өңдеу арқылы бұйым жасап шығару.
Дамытушылығы: бұйым жасау үшін технологиялық картаны пайдалануға дағдыландыру, ұқыптылыққа, шеберлікке баулу.
Тәрбиелілігі: бұйым жасау кезінде «қауіпсіздік» ережесін ескертіп, құралды дұрыс пайдалануын қадағалау және бейімділікке, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: практикалық, топтық, репродуктивті.
Көрнекілігі: технологиялық карта, бұйым.
Құрал-жабдықтар: ара, сүргі, балға, стусло, т.б.
Пәнаралық байланыс: сызу, физика, т.б.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын бекіту.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақты бекіту (сарамандық жұмыс).
Қортынды нұсқау беру.
Үйге тапсырма беру.
Бағалау.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау.
А) Бұйымды құрылымдау дегеніміз не?
Ә) Технологиялық картаны не үшін пайдаланамыз?
Б) Тұрмыста жиһаз бұйымын құрылымдауды байқадың ба?
III. Үй тапсырмасын бекіту.
Бұйым жасау үшін ағаштың қасиеттерін біліп таңдау.
IV.Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабағымыздың мақсаты технологиялық картаны пайдаланып, ағашты өңдеу арқылы бір бұйым жасап шығару.
Оқушылар, ағашты аралау, сүргілеу, бұрғылау осының барлығы ағашты өңдеу болып табылады. Мысалы, бір бұйым жасау үшін, әуелі ағаштың қасиеттерін ажырата білу керек, содан кейін жұмысқа кірісу керек.
Ағаштан мынадай жүк көлігін жасаймыз. Ол үшін қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, ағашты аралауды көрсетейін.
Сүргілеуде мынадай жағдайларды ескерейік: ағаштың өскіні, бағытын бақылаймыз, сосын барып сүргілеуге кірісеміз.
Бұрғылау әдісін былай пайдаланамыз: бұрғыны оңға бұру арқылы орындалады,
V. Жаңа сабақты бекіту.
Сарамандық жұмыс.
Топқа бөлу.
Тапсырма беру: оқушыларға дайын сызбалар (машинаның бөлшектерінің бекіту тәсілдері) таратылады. Тақтадағы технологиялық картаны ескере отырып, тапсырманы орындау.
Жұмыс кезінде «қауіпсіздік» ережесінің қатаң сақталуын қадағалау.
VI. Қортындылау.
А) Ағашты өңдеу дегеніміз не?
Ә) Жарамсыз құралдар болса, не істеу керек?
VII. Үйге тапсырма беру: дайындаған бұйымдарын бояп келу.
VIII.Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |