Сабақтың тақырыбы: Қалай дұрыс тамақтану керек?



Дата27.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#71319
түріСабақ
Байланысты:
Дұрыс тамақтану
Халық биі, Халық биі

Жаратылыстану

Мектеп: №42


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жұмабаева С


СЫНЫП: 1

Қатысқандар :


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Қалай дұрыс тамақтану керек?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.3. Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Адам дамуына қажетті жағдайларды атай алады;

  • Адамға пайдалы, зиянды тағамдарды ажыратады;




Оқушылардың басым бөлігі:




  • Дұрыс тамақтану жолдарын біледі;

Кейбір оқушылар:

  • Адамның өсіп дамуы үшін орындалатын әрекеттер туралы әңгімелей алады




Бағалау критерийі

.-Адамның өсіп дамуына қажетті жағдайларды атайды;

-Адамның өсіп дамуы үшін орындалатын әрекеттерді анықтайды



Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • академиялық тілді қолдана отыра, адам денесінің басты бөліктері мен олардың функцияларын атайды

Негізгі сөздер мен тіркестер:

  • пайдалы тағам, тамақтану пирамидасы

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Бізге дұрыс тамақтану не үшін қажет?

... туралы сөйлесейік\ ...туралы қандай пікіріңіз бар?

Жазылым

Пайдалы,зиянды тағамдарды+,- таңбаларымен белгілейді,пайдалы тағамдарды бояйды;

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану,сауат ашу, математика


АКТ қолдану дағдылары

Интер тақта

Бастапқы білім

Адамның дене мүшелері, өмірінің кезеңдері туралы біледі.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы

Ортасы

Ұйымдастыру кезеңі



Топқа бірігу. Суреттер арқылы топқа бірігу Азық-түлік суреттерін таңдау арқылы сынып төрт топқа бөлінеді.




  1. топ «Сүт өнімдері»

Сүт өнімдеріне қандай азық-түліктер жатады?

  1. топ «Ет өнімдері»

Ет өнімдеріне қандай азық-түліктер жатады?

  1. топ «Нан өнімдері»

Нан өнімдеріне қандай азық-түліктер жатады?


  1. топ «Жемістер»

Жемістерді ата. тапсырмалары аузша орындалады.
Сабағымыздың мақсаты: дұрыс тамақтану жолдарын білетін боласын.Зиянды тағам түрлерімен танысасың.

1-тапсырма:(МК, Ұ) «Дастархан» тақырыбы аясында сурет бойынша жұмыс ұйымдастыру



Суреттер





Оқушылардың назарын суретке аударып, суретке қарап, сөздер айтуды ұсыну Суреттегі барлық тағам түрлерін атайды



( шұжық, қазы, бауырсақтар, шелпектер, жаңғақтар, жеміс-жидектер)Ұлттық құндылықтарды сақтай отырып дастархан басының ережесін атап өту .(Үлкендерді сыйлап төрден орын беру, тамақты бірінші үлкен бастау керек) Әр ұлттың өзінің ұлттық тағамы болады. Қазақтың ұлттық тағамдарын атап шығу.

Қалай дұрыс тамақтану керектігін анықтау үшін топтық тапсырма орындайтын боламыз.


2-тапсырма: Топтық жұмыс

1-топ «Пайдалы тағам»

Тапсырмасы: Ас мәзірін ұсынады. Таңғы асты таңдап, құнарлығы жайлы айтады. Таңғы асқа не таңдар едіңдер? Суреттерден таңдап жапсырмалайды.

Таңғы ас нәрлі болу үшін ботқа және жеміс-жидек жеген дұрыс. Ал кешке жұмыртқа, көгөніс, балықтан жасалған тағамдарды жеген пайдалы.


2-топ Түскі ас

Түскі ас мәзірін дайындайды

Пайдалы тағамдарды таңдайды. Оларға қойылатын сұрақтар:



  • Сен неліктен осы тамақ түрін таңдадың?

  • Сенің ағзаңа бұл тамақтың қандай пайдасы бар деп ойлайсың?

Оқушылардың таңдауы талқыланады.

Газдалған тәтті сусындардың құрамында қант өте көп.

Жылдам әзірленетін тағамдардың құрамында түрлі дәмдеуіштер болады. Олар адам денсаулығына зиян

келтіреді.

3-топ бесін ас мәзірін дайындайды.

Дұрыс тамақтану адамның денсаулығына пайдалы. Әрдайым уақытылы тамақтану керек. Артық тамақ жеу — денсаулыққа зиян. Асты асықпай, жақсылап шайнау қажет. Тамақтанар алдында қолды жуу керек. Жемістер мен көкөністерді жуып жеу керек



4-топ Кешкі ас мәзірін дайындайды

Газдалған сусындар және жылдам әзірленетін тағамдарды жиі пайдалануға бола ма?

Мұғалім білім алушылардың топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну,сыни көзқарасын білдіре алуын,шығармашылық белсенділігін байқайды.

Топ жұмысы тақтаға ілініп, жұлдызша арқылы бағалау.

бббббағалпбағаланады.


Постер суреттер

жұлдызша



Сабақтың соңы


Сергіту сәті

Тамақ ішер алдында,

Сөйлемейміз,күлмейміз.

Астан басқа өзгені,

Елемейміз,білмейміз.
Жеке жұмыс

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқытамын



ҚБ

(Ж) Адамға пайдалы тағамдардың тұсына «+» белгісін, ал зиянды тағамдардың тұсына «-» белгісін қойыңыз.

Адамның өсуі үшін тамақтанудың пайдасы



туралы әңгімелеңіз.



Дескриптор:

- адам ағзасына пайдалы тағамдарды белгілейді;

- адам ағзасына зиянды тағамдарды анықтайды;

- адам үшін тамақтанудың пайдасын түсіндіреді

Оқушылар тақтамен дұрыс жауаптарын тексереді

К.б. «Сигнал » әдісі арқылы кері байланыс орнату.

Барлық оқушыларға сигнал тәріздес белгілер таратылады. Түсінікті болса жасылды, сұрақтары болса қызыл түсті белгіні көтереді.


Қорытынды: Ұ.ж. тамақтану пирамидасын құрастыру
Рефлексия

«Шапалақ» әдісімен

Пайдалы тағамда атағанда шапалақ соғады.
Тосын сый қазақтың ұлттық тағамы құртты сыйлаймын.

Суреттер

Үлестірме материалдар


Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау



1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

Қабілеті жоғары оқушыларға адам қажеттіліктері туралы әңгімелету.



1.Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара

3 шапалақ бойынша жетістіктерін айқындау.

3. Кері байланыс (ауызша)

4. Дайын үлгі жауап

5. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану

5. Рефлексия (ауызша)




Сергіту жаттығуы

қимылмен көрсету:

- жеке бас гигиенасын сақтау

- тазалық сақтау




Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.





Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:



Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Үнемі бір мезгілде тамақтанған дұрыс, мысалы: 8.00 — таңғы ас, (11.00 — жеміс-жидек немесе шырын), 13.00 — түскі ас, 16.00 — бесіндік, 19.00 — кешкі ас.

1-топ «Балық қаңқасы» Пайдалы тағамдар мен зиянды тағамдарды ажырату.

2-топ «Жүзім шоқтары» Ет өнімдерін суреттерін жүзім шоқтарына орналастыру.

3-топ «» Ұн өнімдері



4-топ «» Сүт өнімдері

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет