Сабақтың тақырыбы: Алгебралық өрнектерге қайталау есептерін Шығару



Дата08.09.2017
өлшемі7,25 Kb.
#30411
  • Амангелді жалпы білім беретін орта мектебі
  • Білімділік:Алгебралық өрнектерді түрлендіру,ұқсас қосылғыштарды біріктіру,жақшаларды ашу,ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруға қайталау есептерін шығару
  • Дамытушылық: Өткен материалды қорытындылай ,салыстыра білу дағдыларын дамыту. Өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа,дәлдікке тәрбиелеу,өзін-өзі бағалауға,әділдікке тәрбиелеу
  • Сабақтың түрі: Бекіту,қайталау сабағы
  • Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ, топпен жұмыс,өзін-өзі бағалау,сұрақ-жауап
  • Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,үлестірмелі тапсырма,слайд,флипчарт, маркер ,

Сабақтың барысы

  • 1.Ұйымдастыру кезеңі
  • 2.Үй тапсырмасын тексеру
  • 3. “Ұшқыр ойдан ұтымды жауап”
  • (өткен тақырыпты еске түсіру, пысықтау)
  • 4. “Кім тапқыр”(ауызша есептеу)
  • 5 “Ой толғаныс ( тест жұмысы)
  • 6. “Ойлау мен есептеу логикалық ойлаудың негізі” ( логикалық есеп)
  • 7. Математикалық диктант (сабақты бекіту)
  • 8. Қорытындылау. Үйге тапсырма, оқушыларды бағалау

І.Ұйымдастыру кезеңі: Қайырлы күн балалар! Мен сендермен бірге сабақ өткізуге қуаныштымын. ә)Сыныпты топқа бөлу. Ал енді оқушылар дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазайық. - Балалар, бүгінгі сабақта өзін –өзі бағалау тәсілін қолданамыз. Әр жауаптарға , ,геометриялық фигуралар арқылы бағаланады ІІ. а)Үй жұмысын тексеру.(Оқушылар дәптерлерін алмастыру арқылы тексереді).

3.“Ұшқыр ойдан ұтымды жауап”

  • Алгебралық өрнектер дегеніміз не Алгебралық өрнектер негізгі қасиетін айт Өрнектің қабылдайтын мәндері дегеніміз не Алгебралық қосынды дегеніміз не Алгебралық өрнектің мәні дегеніміз не Жақшаларды қалай ашамыз

№817

  • 1)- 0,8а ·0,45в ·(-с):
  • 2) m(-0,75 n)· (-0,6 k):
  • 3) 3(1,6х-0,7у) – 1,8х+0,1у:
  • 4) -5(0,9m -1,1n) – 1,5m +1,9n.

№ 819

  • 1) 3(а+2в)-а, мұндағы а+3в=1,1:
  • 2) 2,4(3х+5у)-4у, мұндағы 0,9х+у=2:
  • 3) 8(0,5а+3в)+8а, мұндағы а+2в=2,5:
  • 4) 3(0,6m+5n)-3n, мұндағы0,3m+2n=4

Тест

  • 1)1.5х-(6х-12у)
  • А)21х+12у:
  • В)21х-12у:
  • С)9х+12у:
  • Д)9х-12у:
  • 2) 4.6а+(9.7в-5.6а)
  • А)-а+9.7в:
  • В)а-9.7в:
  • С)10.2=9.7в:
  • Д)10.2а-9.7в:
  • 3)2(х+4)+3(15-4х):
  • А)14х-53:
  • В)-10х-53:
  • С)14х+53:
  • Д)-10х+53:
  • 4) а+в-х-у өрнегін алдына “-”таңбасын қойып, жақшаға ал.
  • А) –(а+в-х-у):
  • В) –(-а+в-х-у):
  • С) –(-а-в+х+у):
  • Д) –(-а-в+х-у):
  • 5)Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығар: 5m-10n+25k
  • А) 5(5m-2n+5k)
  • В) 5(m-2n+25k):
  • С) –(-а-в+х+у):
  • Д) –(-а-в+х-у):

Формуламен жұмыс

  • а+(-в+с-d)=
  • а-(в-с+d)=
  • а(в+с)=
  • ас+вс=

Математикалық диктант

  • 1.Жақша алдына “+” таңбасы болса ,жақшаны ашқанда ______________ __
  • 2. Жақша алдына “-” таңбасы болса ,жақшаны ашқанда ______________ __
  • 3. Әріптің берілген өрнектің мағынасы болатын мәндерін әріптің ____________
  • 4 Бірнеше алгебралық өрнектерден “+” және “-”
  • таңбалары арқылы құрастырылған жазу ________
  • 5. Алгебралық өрнектегі әріптің орнына оның қабылдайтын мәнін қойып, көрсетілген амалдарды орындау нәтижесінде шығатын санды
  • ___________________________

Үйге тапсырма

  • №816 №818


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет