Сабақтың тақырыбы: Ауаның жер бетіне таралуы Мақсаты



Дата10.06.2017
өлшемі151,31 Kb.
#18923
түріСабақ


«Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Рахимова Лязят Каженовна

Бастауыш класс мұғалімі

Дүниетану 3 класс

Сабақтың тақырыбы: Ауаның жер бетіне таралуы

Мақсаты:

1.Адам өміріндегі ауаның маңызын түсіндіру.Ауаның орын алатындығын, серпімді, сығымды екенін дәлелдеу.

2.Оқушыларға ауа жайында ғылыми түсінік беру. Тәжірибе жасап, өздіктерінен жұмыс істеуге, қорытынды шығаруға машықтандыру.

3 .Ауаны таза сақтауға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,тәжірибе жасау,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық,Қазақстанның картасы,слайдтар, май шам, колба, шар,инесіз піспек (шприц), карточкалар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық икем

-Балалар, бір-біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен мектепте сабақтамын,

Қазір оқуды бастаймын.

Осыған қуанамын (үзіліс)

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Өте оқығым келеді!

-Балалар, жақында біз қандай мейрамды атап өттік? (Президент күні). - --------Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне неше жыл толады?

- Тәуелсіздік мерекесі қай күні тойланады? (16 желтоқсан)

-Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарымыз біздің сабаққа қалай қатысатынымызды білгісі келеді.

-Біз сабаққа белсенді қатысып, жақсы бағаларымызды осы мерекелерге арнайық.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.№1 слайд. Картаның түрлері.

2.3 қатарға 3 нұсқада Казақстанның картасы бейнеленген карточкалар таратылады.

І нұсқа.Қазақстан қандай елдермен шекараласады?

ІІ нұсқа Қазақстан картасынан өз облысыңды белгіле.

ІІІ нұсқа. Қазақстан картасынан көкжиек тұстарын анықтап, жазып көрсет.

3.Қазақстанның пайдалы қазбалар картасына қарап еліміздегі қазба кен орындарын атап, картадан көрсету.

ІV. Жаңа сабақ

1.Жаңа сабақ оқушыларға әңгіме айтудан басталады. «Көрінбейтін сиқыршы».

Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ, күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты, терезені ашты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың үзіліп, қалықтап барып жерге түскенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алыпбара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көрмесең де күнделікті ісі, мінез-құлқы бізге таныс. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.

-Бұл не?

-Ауа.


2.Экраннан жұмбақтар айтылады

1) Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)


  1. Көзге көрінбейтін, бірақ онсыз өмір жоқ. (Ауа)

3.Тәжірибе жасау.

Әр оқушы жасайды. Экраннан жасалу жолы түсіндіріледі.

1).Шарды үрлеп ауамен толтыру. Оны қолмен ақырындап қысып көру. Не байқадың? Шар оңай қысылды ма?

-Шар серпімді болды да, қысып сығымдауға қиын болды.

2). Инесіз піспекке (шприц) ауа сорып алу. Тесігін саусақпен жауып, ауаны сығып көрейік. Ауаны сығып,қысу мүмкін емес. Тесігін ашқанда оңай сығылады.

Қорытындыны оқушылар жасайды.

5.Жаңа тақырып экраннан видео фильм көрсету арқылы түсіндіріледі.



4.Тәжірибе жасау.Экраннан жасалу жолы көрсетіліп тұрады.

Колбаның түтігінешарды кигізіп, ауа шықпайтындайетіп байлаймыз. Колбаны жайлап қыздырамыз. Біраздан кейін шар ауаға толып, торсияды. Содан кейін колбаны салқындатамыз. Оның ішіндегі ауа сығылып, көлемін кішірейтеді. Колбадағы ауа ортайғандықтан шардағы ауа кері құйылып, шар қалпына келеді.



Қорытындыны оқушылар жасайды. Яғни, ауа қызғанда көлемін ұлғайтып, суынғанда-кішірейтеді.

Сергіту сәті: «Біз бақытты баламыз» әнінің әуеніне би қимылдарын келтіру.

5.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу. Мәтінді оқу барысында дәптерде жұмысты жазу.

-Ауаның қандай қасиеттерін білетініңді жаз. Тапсырманы орындауға саған жұмбақтар көмектеседі.




Ауа



Мөлдір

Түссіз

иіссіз


-Ауаның құрамына не жататынын тінтуір көмегімен көрсет

Сутек азот көмір

Оттегі мыс шаң

Йод тұз көмірқышқыл газы

V. Сабақты бекіту.

Экраннан көрсетілген тест тапсырмаларының жауаптарын перфокарталарда белгілеу.

Тест

а

б

в

№1







+

№2







+

№3

+







№4







+

№5




+




1)Ауаны ластанудан қалай сақтаймыз?

а) Зауыттар мен фабрикалардың жұмысын тоқтату, отын дайындауды тоқтату, Автокөліктерді пайдалануға тыйым салу.

б) Жер шарын ортақ бір қорыққа айналдыру

в) Фабрикалар мен зауыттардың мұржасына шаң-тозаңдар мен зиянды заттарды тұтатын қондырғылар ортату. Көлік түрлерін экологиялық қауіпсіз етіп жасау. Қала маңдарын көгалдандыру, саябақтар отырғызу керек.



2) Құр аязды күндері неге қар астын пайдаланады?

а) Қар астында олар жауларынан қорғанады.

б) Қар желден қорғайды.

в) Қар бөлшектерінде ауа көп, күртік қалың қар құрды қорғайтын көрпе болады.



3) Жылуды сақтау үшін екі қабат терезе қойылады.Неге?

а) Ауа жылуды нашар өткізеді

б) Ауа қызғанда көлемін кішірейтеді.

в) Ауа қызғанда көлемін үлкейтеді.



4) Ауаның құрамына кіретін заттарды көрсет.

а) Сутегі, мыс, цинк.

б) Оттегі, азот, көмірқышқыл газы.

в) Хлор, фтор, йод.



5) Ауаны қыздырғанда не байқайсың?

а) Ауа қызғанда ешбір өзгеріс болмайды

б) ауа қызғанда көлемін үлкейтеді

в) Ауа қызғанда көлемін кішірейтеді



VІ. Сабақты қорытындылау.

  1. Ауасыз тіршілік жоқ.

  2. Ауаны ластаудан қорғау керек.

Бағалау (жалаушалар арқылы жүзеге асады)

Үйге тапсырма: Тақырыпты түсініп оқу.

«Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның маңызы.» тақырыбына әңгіме жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет