Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев. «Ағаштар неге ашуланды?»



Дата25.12.2016
өлшемі64,44 Kb.
#5089
түріСабақ
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев. «Ағаштар неге ашуланды?»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Қазақтың көрнекті жазушысы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармалары туралы тереңірек танысып, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу.
2.Дамытушылығы:Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу,ой-өрісін дамыту,білім,іскерлік дағдыларын қалыптастыру,өзіндік талдау, жинақтау жасау, жеке топтық жұмыста шапшаңдық танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
3.Тәрбиелілігі: Әңгіме арқылы еңбексүйгіштікке, мейірімділікке баулу. Ел намысын қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: Ой қозғау, топпен жұмыс, деңгейлеп оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Бердібек Соқпақбаев суреті, сабаққа қатысты сызбалар.
Сабақтың жүрісі:
I.Психологиялық дайындық, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару. Оқушыларды 4 топқа бөлу.

II. «Бәйге» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.

20 30

50



40 10


1.Ортадағы 50 – Қазақша жыл атауларын ата?
2.Сол жақтағы 20 – Қазақша жыл атауларын неліктен жан –жануарларға байланысты атаған?
3. Оң жақтағы 30- Бір мүшеде неше жыл бар?
4. Сол жақтағы 40- Биыл қандай жыл?
5. Оң жақтағы 30-өзің қай жылы туғансың?

III. Жаңа сабақ.
а)Түсіндіру

Бердібек Соқпақбаев (1924- 1992) Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген. Қазақтың көрнекті балалар жазушысы. Оның «Чемпион», ( Менің атым Қожа», «Жексен», «Жекпе-жек» кітаптары балалардың сүйіп оқитын шығармалары. « Менің атым Қожа» фильмі халықаралық фестивальде арнаулы сыйлыққа ие болған.

1924 -1992 Балалар жазушысы Жұлдыз,балдырған

журналдарында редактор


«Бұлақ» атты Бердібек Соқпақбаев Әдеби кеңесші

өлеңдер жинағы

Менің атым- Қожа Алматы облысы Жекпе- жек

Жексен Райымбек ауданы Чемпион
ә) Мәтінмен жұмыс

Мәтінді мәнерлеп оқу, мәтіннің мазмұнымен оқушыларды таныстыру.
б)Топпен жұмыс. Мәтінді бөлімге бөлгізіп, ат қойғызу. Түсінігін айту, бейнелеу. Әр топ салған суреттерін қорғайды.

I –топ.Алмабектің ағаш отырғызуы.

II- топ.Ағаштардың мұңға батуы

III- топ. Ормандағы оқиға

IV- топ. Ағаштардың бой түзеуі

Әр топ бөлім бойынша жұмыс жасайды, түсінігін айтып әр бөлім бойынша суретін салып, қорғайды.
IV. Деңгейлік тапсырмалар










































































Iдеңгей






































































IIдеңгей






































































IIIдеңгей






































































IVдеңгей






































































Оқушы

номері








































































I-деңгей

1.Еңбек туралы мақал-мәтел айт.

2.Ағаштан жасалған заттардың тізімін айтып шық.

II-деңгей
1.Мәтіннің негізгі идеясы не?

2.Ер еңбегімен озады. Еріншек езілумен тозады. Мақалдың мағынасын түсіндір.
III-деңгей

1.Ағаштың пайдасын жаз.

2. Алмабек туралы өз ойыңды айт
Шығармашылық тапсырма

Көктем туралы өлең шығар немесе шығарма жаз.

Ағаштың пайдасы
Ол-тірі табиғат, жасыл өсімдік. Өздігінен оттегін бөледі және оны отын ретінде пайдаланады, үйлер жасайды. Айналаны көгалдандыру үшін ағаш отырғызады.

Бес жолды өлең
1.Не? Ағаш

2.Қандай? Жас

3.Не істеді? қапаланды, мұңайды.

4.Кім үшін? Алмабек үшін.

5. Жас ағаш қапаланды мұңайды.

V. Үйге тапсырма.

Мәтінді оқып мазмұнын айтып келу.
VI. Қорытынды.
VII. Бағалау
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет