Сабақтың тақырыбы: Балықтар жоғары класы. Сүйекті балықтар. Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата08.09.2017
өлшемі252,51 Kb.
#31147
  1   2
Сабақтың тақырыбы: Балықтар жоғары класы.Сүйекті балықтар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды балықтар класымен таныстыра отырып,олардың сыртқы және ішкі құрылысымен, сулы ортада тіршілік етуіне байланысты биологиялық ерекшеліктерінен мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру,балықтарды өзіне тән ерекшеліктері бойынша ажырата білуге баулу.

Тәрбиелілігі: Балықтар туралы ұғым бере отырып, оларды қорғай білуге баулу


Сабақтың әдісі: Өзін — өзі тексеру, сұрақ — жауап, суретпен жұмыс т. б.
Сабақтың түрі: Жаңа тарауды меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, «Балықтар» суреттері, формат, маркер,стикер
Сабақтың барысы:    

 I. Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу
Оқушы назарын сабаққа аудару, үй тапсырмасын пысықтауға көшу
II. Үй тапсырмасын сұрау:  

Желілілер типі
1. Желі қандай қызмет атқарады?
2. Неліктен тип желілілер деп аталған?
3. Желілілер қандай тип тармақтарға бөлінген?
4. Қандай желілілерде желі мен жүйке түтігі өмір бойы сақталады?
5. Желілі жануарларға тән белгілерді ата?
                                    III. Жаңа сабақты түсіндіру:

  1. Қызығушылықты ояту сатысы.
    Өлеңдегі жасырын сөзді табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу
    Қанаты бар ұшпайтын
    Сусыз жерде тұрмайтын
    Желбезекпен тыныс алатын ол- ?
    Оқушылар жасырын сөздің «балық» екенін айтады.


Балықтар сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы жануарлар. Балықтарды зерттейтін зоология ғылымының саласы — ихтиология деп аталады. Себебі грекше «ихтис» қазақша: «балық» деген сөз.

Жаңа сабақ түсіндіріліп болған соң, оқушылардың өз бетінше меңгеруіне байланысты тапсырмалар беріледі.



                                        IV“Топтастыру” стратегиясы
ІІ мағынаны ажырату
“ЖИГСО” стратегиясы
Тапсырма №1
1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы.
2. Балықтардың денесі қандай бөлімдерден тұрады.
3.Балықтарда қандай жүзбе қанаттар болады, атқаратын қызметі қандай?
Тапсырма №2
1. Сұйекті балықтардың сыртқы құрылысына қандай белгілер тән.
2. Сүйекті балықтардың қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады.
3. Сүйекті балықтардың асқорыту, тыныс алу жүйесін сипаттаңдар.
Тапсырма №3
Қандауырша мен сүйекті  балықтардың құрылыс ерекшеліктерін көрсететін кесте толтыру.


Нені үйрендім?

Нені білгім келеді?

Нені білдім?

1. “Бекіренің басы тасқа тимей қайтпайды”, “Өзен жағалағанның өзегі талмас” деген халық мақал – мәтелдеріне талдау жасау.


2. Елімізде балық шаруашылығының маңызы қандай, өз ойыңды дәлелде.

Тапсырма №4




Сұрақтар

Шеміршекті балықтар

Сүйекті балықтар

1

Денесі (пішіні)







2

Жамылғысы (терісі)







3

Жүзбе қанаттары







4

Желбезегі







5

Торсылдағы







6

Бүйір сызығы







7

Көбеюі







8

Түрлері






Тақтаға жазылған сұрақтар бойынша эстафеталық жарыс.


     

Тапсырма №5

Биологиялық жұмбақтарды шешу.

1.Көздері бар ,қабағы жоқ,

2. Пайдаланып тұрғанда

Әсте кірпік қақапайды

Тастайсың суға лақтырып.

Ол қай жәндік суға салсақ

Пайдаланып болған соң,

Тұншықпайды, батпайды.

Арқалайсың сорғытып.

(балық) (ау)

3. Желілер ішінде,

4. Қай мүшесі балықтың,

Балықтан ғана болатын.

Су түбіне батырар.

Қандай сезім мүшесі,

Қанат болса егерде,

Көзбен шолып табатын.

Су бетіне шығарар.

(бүйір сызық) (торсылдақ)



Тапсырма №6

Қармақпен балық аулау.

1. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы (ихтиология)

2.Сүйекті балықтарда алғаш қай мүше пайда болды (қуық)

3.Аталық безден бөлінетін сұйықтық (шоғал)

4.Шеміршекті балықтардың ми бөлігі қанша (бес бөліктен)

5.Аналық жұмыртқа жасуша не деп аталады (уылдырық)

6. Құйрық жүзбеқанаттардың үстіңгі қалағы астыңғысынана үлкен қай балық

(шеміршекті )

7.Балықтардың дене бөлігін ата (бас,тұлға,құйрық)

8. Денесін қалыпты ұстауға көмектесетін жүзбеқанаттар (арқа, аналь)

9. Балықтар бір-бірімен не арқылы байланысады (дыбыс шығару )

10.балықтардың тыныс алу мүшесі (желбезек)


Тапсырма №7

Балықтардың ішкі құрлысымен танысу.

Шеміршекті және сүйекті балықтардың ішкі құрлысының суреттерін салыстыра отырып, аттарын интерактивті тақтаға жазу.



Тапсырма №8
Балықтарды торға жинау.

Тақтадағы шеміршекті және сүйекті балықтардың тұсына барлық түрлерін жинақтау.



Тапсырма №9
Вен диаграммасын пайдалану.

Балықтардың ортақ белгілері : суда тіршілік етеді, желбезекпен тыныс алады, жүзбе қанаттары болады.

Шеміршекті балық : денесі плакоитпен қапталған, торсылдағы болмайды,іштей ұрықтанады.

Сүйекті балық : денесі қабыршақпен қапталған ,торсылдағы бар, сырттай ұрықтанады.

Ой толғаныс сатысы
Осы берілген тапсырмалар бойынша әрбір топ сызбанұсқа, жоба түрінде қорғайды.
                                                    V.Қорытынды:

Рефлексия


Төмендегі кестені толтыру

        VI.Бағалау.

        VII.Үйге тапсырма беру.
        Тақырыпты  оқу, «Ойыл өзенінде кездесітін балық түрлері» туралы іздену  жұмысы.

Сабақтың тақырыбы: «Балықтар»

    Cабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Оқушылардың балық түрлерін білуге, саны азайып бара жатқан балықтар, балық шаруашылығы, балықты қорғау туралы түсінік беру, білімдерін арттыру.

ә) дамытушылығы: Оқушылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін, зейінін, шығармашылығын дамыту.

б) тәрбиелігі: Оқушылардың экологиялық тәрбие беру, ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты таныстыру

Сабақтың жүру барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқу – құралын тексеру

ә) сынып тазалығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:


  • Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?

Оқушылардан  тақтада жасырынған  ұяшықтарды таңдау арқылы үй тапсырмасын сұрап өту.

  1. ұяшық.        /Қазіргі кезде дүние жүзінде инеліктің неше түрі бар?/

  2. ұяшық         / Жәндіктердің басым бөлігі немен қоректенеді?/

  3. ұяшық.       /Ең қомағай жәндік?/

  4. ұяшық.      /Құстар немен қоректенеді?/

  5. ұяшық.      / Жануарлар неше топқа бөлінеді?/

ІІІ. Жаңа сабақты таныстыру:

Сөз жұмбақ шешу қызығушылықтарын ояту:

1 .Ұшып жүрген гүл көрдім,

Қонғанда ұстап үлгердім.  /көбелек/

2. Еңбегі қатты,

Елегені тәтті.

Тіршілік нәрін,

Гүлдерден тапты. /ара/

3. Өзі айлакер, өзі қу,                                

Жүрген жері айқай да шу. /түлкі/

4. Отырмайды, тұра алмайды,

Түзу жолда бұраңдайды.  /жылан/

5. Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.  /қоян/

6. Адамға серік,

Күзетке берік.  /ит/

7.Орманнан, жалпақ даладан

Бал іздеп бір аң жортады.

Кіп-кішкене арадан

Үп-үлкен боп қорқады./аю/

8.Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ.  /қарға/


  • қандай сөз шықты балалар?

  • Балықтар.

  • Бүгін біз жануарлар әлемінің бір түрі – балықтармен танысамыз.

Дәптерге күн ретін жазып,  сабақтың тақырыбын жазу.

- Оқушылар балықтар қайда тіршілік етеді?

- Суда.


  • Балық туралы не білесіңдер?

  • Балық қайда өмір сүреді?

  • Басқа жануарлардан қандай ерекшеліктері бар?

  • Өздерің білетін балықтың түрлерін атаңдар./сазан, бекіре, алабұға, май шабақ, жалпақ балық, тұқы, көксерке, жайын, шортан, табан балық және т.б./

Оқулықпен жұмыс.

  1. Мәтінді оқу.

  2. Түсінік жұмыстарын жүргізу.

  - Судың қандай түрі бар, есімізге түсірейікші?

Мұхит     Теңіз

Өзен         Көл


  • Біздің Маңғыстау облысында қандай теңіз бар?

  • Ал осы теңізде қандай балықтар бар?

  • Каспий теңізінде – Шоқыр, Каспий итбалығы, Құртпа, Ішті балық, Бекіре.

  • Мұхиттар,теңіздер және басқа да су қоймалары Жердің ¾ бөлігін алып жатыр.Бұл су қоймалары көптеген жануарлардың мекені болып табылады.Жер бетіндегі тіршілік судан бастау алды.Су- мыңдаған түрлі тірі организмдердің мекені.

  • Балықтар осыдан көп жыл бұрын мұхиттарда пайда болған. Ол кезде балықта қанат, жақ сүйек, қабыршақтары болмапты. Олар бірте- бірте пайда болыпты. Осы балықтардың ішіндегі ең үлкен балық- кит деп аталады. Оның салмағы өте ауыр екен, ал аузын ашқанда аузының үлкендігі осы біз отырған бөлменің үлкендігіндей болады екен. Ал, ең кішкентай балық- итбалық деп аталады.

  • Балық барлық өмірін суда өткізеді.Су балықтың аузына еніп,оның желбезегінен өтеді.Балық суда еріген оттегіні жұтқаннан кейін желбезек саңылауларынан қайта шығарылады.Балықтар уылдырық шашады.Сол арқылы көбейіп отырады.Олардың қабақтары жоқ.Балықтардың қабақтары болмағандықтан, олардың көздері үнемі ашық тұрады.

  •   Балықтар – суда тіршілік ететін омыртқалы жануарлар.Олар желбезегімен дем алады.Жер жүзінің теңіздері мен тұщы су қоймаларында балықтардың мыңдаған түрлері бар. Кей балықтардың денесі қабыршақпен, ал енді біреулерінің денесі жалаңаш, қабыршақсыз жылтыр терімен қапталған. Балықтардың басым бөлігі салқынқанды болып келеді.

  • Дүниежүзі бойынша балықтардың 20 мыңнан астам түрі белгілі. Олардың 97-98 пайызы сүйекті балықтарға, қалған 2-3 пайызы шеміршекті балықтар тобына жатады.

  • Олардың пішіндері ұршық, жебе тәрізді,  қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады.

  •  Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Бұл су жәндіктері желбезекпен тыныс алады. Балықтар туралы ғылым «ихтиология» деп аталады.

Балалар, балықтардың дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен?

- Сопақша.

- Балықтардың мынау несі?

- Басы.


- Басында желбезегі болады.

- Несі болады екен?

- Желбезегі.

- Олар осы желбезегі арқылы дем алады. Ал денесінде нелері бар екен?

- Қабыршақтары.

- Дұрыс айтасыңдар. Ал денесіне жалғасқан мынау не екен?

- Құйрығы.

- Денесінің арқасындағы, бауырындағы жүзбе қанаттары.

- Осы жүзбе қанаттары арқылы суда еркін жүзе алады. 

Оқушыларға бейнетаспа көрсету.

- Балалар балықтарды адамдар не үшін пайдаланады?

- Тағам ретінде. Т.б

- Балалар, тағам ретінде пайдаланбайтын, әсемдікке үйде асырайтын балықтардың түрлері де болады екен. Сондай балықтарды көргілерің келе ме? /аквариум/

- Балықтар қандай ыдыстың ішінде жүзіп жүр екен?

- Шыны ыдыста.

- Бұл шыны ыдыс «Аквариум» деп аталады.

- Аквариумдағы балықтар бағана өзіміз аулаған балықтарға ұқсайды ма?

- Ұқсайды.

- Балалар, аквариумдағы балықтардың түрлері қандай екен?

- Әр түрлі.

- Балықтар уылдырық арқылы көбейеді (уылдырық көрсету) Уылдырықты көп шашатын балықтар- сазан, шортан, көксерке. Осы уылдырықты біз біз «патшалар тағамы» дейміз. Мынау міне осы балықтардың уылдырықтары.

- Балықтың пайдасы өте көп. Одан көптеген тамақ түрлерін жасауға болады. Қуырып жеуге, балық сорпасын пісіруге, салаттар жасауға болады. Кейбір балықтарды консерві түрінде де шығарады. Бұл консервіленген балықтар көп уақыт сақталады.

Сергіту  сәті

Оқушыларға балықтардың түрлеріне байланысты бейнетаспа көрсету.

«Балық аулау» ойыны

Әр балықтың артында сұрақтар жазылған, осы сұрақтарға жауап беру керек.

Білгенге-маржан


  •       Дәмдеп қайнатылған балық сорпасын қоспасыз ішкен дұрыс.Ол денеге шаршағанда әл береді.

  • Кепкен етін ұнтақтап,жұмыршақ,өңеш ісігі үшін темекі етіп тартады.

  • Балық етінде қан тамырын қатаюдан сақтайтын қышқылдар көп.

  • Балық өті өт,бауыр,асқазан ауруларына ем.

  • Қатты сырқатты ауырсынғанда балықтың арқа сүйегін отқа қыздырып иіскейді.

  • Уылдырығы денеге қуат береді.

  • Майына кірпі тікенегінің күлін қосып,бала басына түскен жараға жағады.

  • Балықты көзіне ақ түскен,мешел балаларға береді.

Қорытындылау:   Құрастыру  « Балық».

Балықтың әр бөлігіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы, балық құрастыру

1. Бүгін не білдік, не үйрендік?

2. Балықтардың көзі неге үнемі ашық тұрады?

3. Сабақ ұнады ма?  Несімен ұнады?

Үйге тапсырма беру: Оқу, әңгімелеу

Сабақтың тақырыбы : Балықтар әлемі

Сабақтың мақсаты : 1. Оқушылардың алған білімдерін қортындылау

мақсатында сүйекті және шеміршекті балықтың

түрлерін естеріне түсіріп, білімдерін қалыптастыру.

2. Балықтардың тіршілігі,кәсіптік маңызы,құрлысына

тоқталып ,дамыта оқыту.

3. Сабақта экологиялық , экономикалық тәрбие беріп,

балық байлығын қорғау.

Сабақтың түрі : Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі : Баяндау,ойландыру,дидактикалық әдістер

Көрнекілігі : Сипаттайтын балықтардың суреті,нақыл сөздер ,кесте

жұмбақ,интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс : география,экология,әдебиет

Алған білімдерін қортындылап ,сарапқа салу үшін білім сайысына қатысамыз. Сынып екі топқа бөлінеді. Шеміршекті және сүйекті. Сабақта сегіз тапсырма орындалады.

1-тапсырма . Екі команда бір-бірімен танысады. Ұраны айтылады.

Акула командасы : Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Капитан : Өзен көлдің патшасы – Акула балық

Қорегі – тышқан ,бақа және балық.

Жемтігін су айдынынан ұстап алып,

Қылғытып шайнамай-ақ жұтады анық.

Мекенінде жыртқыш жоқ одан өткен,

Сондықтан ұзақ өмір сүреді өктем.

Бекіре : командасы : Туған жерді сүю парыз,

Сүю үшін білу парыз.

Капитан : Ежелден сұлу мүсін –Бекіре балық

Алады одан қара уылдырық

Уылдырығы құнды, әрі дәмді етті...

Өте ертеден келеді тіршілік етіп,

Лай ,тұнба астынана қазып-қазып,

Тұмсығымен өз жемін жейді тауып,ырық.


2. Тапсырма . Тақтаға жазылған сұрақтар бойынша эстафеталық жарыс.




Сұрақтар

Шеміршекті балықтар

Сүйекті балықтар

1

Денесі (пішіні)







2

Жамылғысы (терісі)







3

Жүзбе қанаттары







4

Желбезегі







5

Торсылдағы







6

Бүйір сызығы







7

Көбеюі







8

Түрлері








3 . Тапсырма . Биологиялық жұмбақтарды шешу.

1.Көздері бар ,қабағы жоқ, 2. Пайдаланып тұрғанда

Әсте кірпік қақапайды Тастайсың суға лақтырып.

Ол қай жәндік суға салсақ Пайдаланып болған соң,

Тұншықпайды, батпайды. Арқалайсың сорғытып.

(балық) (ау)

3. Желілер ішінде, 4. Қай мүшесі балықтың,

Балықтан ғана болатын. Су түбіне батырар.

Қандай сезім мүшесі, Қанат болса егерде,

Көзбен шолып табатын. Су бетіне шығарар.

(бүйір сызық) (торсылдақ)


4. Тапсырма. Қармақпен балық аулау.


1. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы (ихтиология)

2.Сүйекті балықтарда алғаш қай мүше пайда болды (қуық)

3.Аталық безден бөлінетін сұйықтық (шоғал)

4.Шеміршекті балықтардың ми бөлігі қанша (бес бөліктен)

5.Аналық жұмыртқа жасуша не деп аталады (уылдырық)

6. Құйрық жүзбеқанаттардың үстіңгі қалағы астыңғысынана үлкен қай балық

(шеміршекті )

7.Балықтардың дене бөлігін ата (бас,тұлға,құйрық)

8. Денесін қалыпты ұстауға көмектесетін жүзбеқанаттар (арқа, аналь)

9. Балықтар бір-бірімен не арқылы байланысады (дыбыс шығару )

10.балықтардың тыныс алу мүшесі (желбезек)


5. Тапсырма. Балықтардың ішкі құрлысымен танысу.

Шеміршекті және сүйекті балықтардың ішкі құрлысының суреттерін салыстыра отырып, аттарын интерактивті тақтаға жазу.


6. Тапсырма. Балықтарды торға жинау.

Тақтадағы шеміршекті және сүйекті балықтардың тұсына барлық түрлерін жинақтау.




7. Тапсырма. Вен диаграммасын пайдалану.

Балықтардың ортақ белгілері : суда тіршілік етеді, желбезекпен тыныс алады, жүзбе қанаттары болады.

Шеміршекті балық : денесі плакоитпен қапталған, торсылдағы болмайды,іштей ұрықтанады.

Сүйекті балық : денесі қабыршақпен қапталған ,торсылдағы бар, сырттай ұрықтанады.




8.ББК - кестесін пайдаланып сабақты қорыту.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет