Сабақтың тақырыбы: Бастауыш сыныптағы техникалық модель жасаудың маңызы. Шырша ойыншықтарын жасау



бет1/3
Дата05.04.2020
өлшемі449,08 Kb.
#61577
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
31.03.20

Ескерту:Жасыл түспен берілген тапсырмаларды орындаймыз.

Үйге тапсырма төменде берілген.

Тапсыру уақыты:06.04.20 ж

Пән: технология және оқыту әдістемесі

Оқытушының аты –жөні: Батырбекова А.Н.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Күні: 31.04. 2020 ж

Топ: ББМ-04

Сабақтың тақырыбы:

Бастауыш сыныптағы техникалық модель жасаудың маңызы.Шырша ойыншықтарын жасау.

Осы сабақта қол жеткізлетін оқу мақсаттары:

Әр түрлі материалдармен модель жасаудың әдіс-тәсілдері жайында түсіну.Шығармашылық жұмыстар орындау арқылы әр білім алушының қабілетін анықтау

Сабақ мақсаттары:

Барлығы:Модель жасаудың әдістерін айтады;
Көпшілігі:Шығармашылық жұмыстар арқылы берілген бағыт бойынша жұмыс жасайды;

Кейбірі:Өз жобасын басқаларға көрсетеді,айтады, үйретеді,қорытындылайды;

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу,талдау,салыстыру,түсіну;

Бағалау критерийлері:

Берілген тақырыпқа сәйкес жұмыс жасайды;
Өз жобасын ұсынады;
Берілген уақытқа жұмысы сәйкес болу керек.

Тілдік мақсат:

Модель,бөлшектердің атаулары

Құндылықтарды дарыту:

Бір-біріне көмектесу,үйрету;

Пәнаралық байланыстар:

Математика,бейнелеу өнері;

АКТ пайдалану дағдылары:


Ғаламтор желісі,смартфон

Бастапқы білім:







Сабақтың басы


Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы


Сабақтың барысы



Ұйымдстыру.

Білім алушылардың сабаққа қатысуларын тексеру. ( 5 мин)


Миға шабуыл .Нақыл сөзін талдау,қайталау.( 5 мин)
С.Көбеев:«Балаларға еңбекті зорлап,күштеп орындатқаннан ешқандай нәтиже шықпайды, оларға еңбектің пайдалы екеніне көз жеткізіп, иландырып, өнімді еңбекті дұрыс ұйымдастыра білуге үйрету қажет»
Оқылым.( 10 мин)

Берілген дәріспен танысу.


Шығармашылық тапсырма. (60 мин)

Бұйымдарды жасау міндеттері:

1.Жасайтын бұйымдарға сай келетін материалдарды таңдай білу.

2.Тапсырылған бұйымдарды жасауға,олардың үлгілерін пайдалана білу.

3.Жасалатын бұйымның қандай мақсатқа,қайда қолданылып,қалай пайдаланатынын түсіндіру.
Тапсырмалар төменде көрсетілген 4 тақырыптың кез келген біреуін аламыз.

Модель

1. Шырпылардан тақырыптық композиция құрастыру.

2.Түрлі түсті қағаздардан үлгіге қарап,гүлдің моделін жасау.

3.Фетрмен жұмыс

4.Табиғи материалмен жұмыс

Үйге тапсырма

Дәрісті жазу.

Конструктор құрастыруға қажетті материалдарды дайындау.
Рефлексия .( 5 мин)

Әр білім алушы өзінің сабаққа қатысу ынтасын күлегішпен көрсетеді.

Көңілді,көңілсіз

Бағалау.( 5 мин)

Бір-бірін бағалау


Қима қағаздар

Үлестірме материалдлар


Дәріс


Оқушы алған теориялық бiлiмiн iс жүзiнде қолдана отырып, оны өмiрiмен, өзiнiң iс-әрекетiмен байланыстыра бiлгенде ғана, өзiне де пайдасын тигiзе алады.

Шығармашылық – бұл адамның өмiр шындығында өзiн-өзi тануға ұмтылуы, iзденуi.

Iс тәжiрибе көрсеткенiндей , технология сабағында оқушылардың шығармашылық, зерттеушiлiк қабiлетiн дамыту мақсатында жүргiзiлген жұмыстар оқушыларды заман талабына сай еңбекке баулу, бiлiм беру, алған теориялық бiлiмдерiн практикада ұштастыра отырып, iс - жүзiнде орындап шығумен бiрге оқушының ой - өрiсiн дамытып, бiлiмдi тереңiрек меңгеруге жәрдемдеседi. Оқушының алған бiлiмдерi алдағы өмiрлерiне жол ашып, олардың қабiлеттерiмен ұштастырып, өз қолдарымен кез - келген нәрсенi жасай бiлудi үйрену, өздерiне керектi заттарды өз қалаулары бойынша, тiптi қажетсiз деген заттың өзiн пайдалы нәрсеге, әдемi сыйлыққа айналдыра бiледi. Адам баласы еңбек ету үстiнде бiр сәт өзiмен - өзi болып, көңiл - күйi орнына түсiп, шаршағаны басылады. Сапалы бiлiм берумен қатар еңбекке баулу, үйрену аса қажет. Оқушылардың өнерлi болуы қоғамдық өмiрге үлкен әсерiн тигiзедi. Сондықтан әр сабақта мысалы, бисермен тоқу, аппликация өнерi ,панно жасау, жұмыртқа қабыршағымен жұмыс iстеу, квиллинг (қағаз), тоқыма тоқу, iс тiгу және т.б. оқушыларды қызықтырады және оның жасалу жолдарын үйренуде жаңа технологияны пайдаланып, әр түрлi әдiс - тәсiлдер арқылы өнер мен бiлiм беру iсiн бiр-бiрiмен ұштастыра жүргiзедi.

Технология сабағы –өнер сабағы . Осы өнердi оқушы бойына кiшкентай сыныптардан бастап дарытуымыз керек, яғни оқушы бойындағы шығармашылықты дамыту - үздiксiз құлшыныс, ол ұдайы өшпей, күннен – күнге дами түсуi қажет.Сонда ғана оқушы бойында бiлiм нұры тасып, оқушы дүние танымы одан әрi арта түсерi анық.

Дьюидiң (жобалаушы) айтуы бойынша : «мәселелерге ерекше көңiл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, сыни тұрғыдан ойлауға итермелейдi, яғни нақты бiр мәселенi қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын iздеу арқылы шешімін табады»- деген.

Технология пәнінде оқушылармен практикалық іс-әрекет жасау кезінде,әр баланың қабілетін,шыдамдылығын ,шығармашылығын анықтауға болады. Сол үшін әр түрлі тақырыпта жобалар беріледі.Мысалы,



Шығармашылық жоба . Шығармашылық жобаның технология пәнiнде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды. Оқушылар санасына жас кезiнен бастап еңбек етуiнiң қажеттiлiгiн, маңыздылығын сiңiру, пайдалы iс жасауға, қандай iс болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға дағдыландырады.Жоба кезінде басшылыққа төмендегі міндеттер алынады.

Жобаның негiзгi бөлiктерi:

1. Мiндеттiң қысқаша анықтамасы:



  • Берiлген бұйым кiмге арналған; (балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты)

  • Бұйымның қажеттiлiгi.(не үшін жасады)

2. Бұйымды дайындауға кiрiспес бұрын:

  • Материалдарды анықтаужобалау керек.( сызба жасау)

3. Бұйымның дайындалуы.

Тапсырмалар түрлері

Оригами. Оригамидiң Отаны - Жапония. Оригами - қағазды белгiленген тәртiптерi бойынша - желiм мен қайшысыз қағаздан бүктеу арқылы әр түрлi модельдер жасау өнерi.

Кестелеу. Кесте өнерi- сәндiк қолданбалы өнердiң кең тараған түрi, көп ғасырлық тарихы бар. Қазiргi уақытта ғылыми- техникалық даму кезеңiнде кесте өнерi ұмытылған жоқ, бұрыннан да танымал бола бастады. Қолмен кестелеу шыдамдылықты талап ететiн шығармашыл iс. Онда өрнек немесе кескiн қолмен ( инемен, бiзбен және де iс машинасымен де ) әр түрлi маталарға алуан түстi жүн, жiбек жiптермен, сондай-ақ моншақтармен кестеленедi. Кестенi киiмдi, тұрмыстық заттарды кестелеу үшiн және сәндiк панно ретiнде қолданады.

Панно. Панно қоғамдық мәдени орындарын, үй iшiн көркемдеу үшiн жасалған өнер туындысы. Панно түрлерiн жасанды, табиғи, матадан, қағаздан жасайды.

Табиғи материалдардан жасалған бұйымдар Табиғат - адам өмiрiндегi ең керектi қазына көзi. Адам жаратылысынан берi табиғатта кездесетiн нәрселердiң-ағаш, тас, құм, шөптер, бәрiн өз керегiне жарата бiлген. Табиғат берген қазынаға ұқыпты қарап, үнемдi пайдалана бiлсек, сонда ғана табиғаттың бiзге берерi көп. Табиғи материалдармен жұмыс бiлiмгерлердiң ой-өрiсiн дамытуға, әсемдiкке және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерiн тигiзедi.

Бисер. Бисер тоқу өнерi ертеде кеңiнен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бiр түрi. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделi түрлi-түстi жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, бiлезiк, белдiк, сөмкелердi де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады.

Төменде берілген үлгілер бойынша келесі сабаққа бір жұмыс жасау



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет