Сабақтың тақырыбы: Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хат»



Дата08.07.2018
өлшемі19,46 Kb.
#48682
түріСабақ
Сыныбы: 7«ә»

Сабақтың тақырыбы: Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хат»

Сабақтың мақсаты:Баубек Бұлқышевтың  өмірінен, шығармашылығынан мағлұмат бере отырып шығарманың жанры,көркемдік ерекшеліктерін таныту

Сабақтың міндеттері:

1.Білімділік:Баубек Бұлқышевтың  өмірінен, шығармашылығынан мағлұмат бере отырып шығарманың жанры,көркемдік ерекшеліктерін таныту.

2.Дамытушылық:оқушылардың шығармашылығын, өздіктерінен ізденуін, танымдық дербестігін арттыру,өзіндік ой-пікірін еркін айтуға дағдыландыру.

3.Тәрбиелік:бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру,ұлттық намысты қалыптастыру,патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, сөздік, көрнекілік әдісі

Сабақтың көрнекілігі: слайд, бейнематериал

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

1) Сыныптағы оқушыларды түгелдеу.
2) Сыныптағы оқушылардың даярлығын тексеру.
3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Білімді күшті ме, білекті күшті ме?» ойтолғау жазу



ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

Сұрақтар

1) Шығармада аты аталған Шығыстан шыққан Хафиз, Низами шайырлар жайында не білесіңдер?
3) Шығармада Ақсақ Темірдің сойқанды жорықтары, қатал әмірші екендігі қалай суреттеледі?
4) Хафиз ақынға қандай баға берді?

IV. Жаңа сабақты меңгерту

Ақын Баубек Бұлқышев – 30-40 жылдар жастарының өкілі. Ол қазіргі Қарағанды облысы, Ұлытау ауданындағы "Аманкелді" аулында 1916 жылы дүниеге келді. Болашақ дәуірдің балғын бесігінен жаңа аттанған шағын Баубек әуелі  шешесінен, артынан әкесінен айырылып, жетім қалады. Немере ағасының қолында тәрбиеленіп, оқып білім алады.

Ол 1930 жылы "Ұлытау" совхозының фермасында есепші болып қызмет істейді. Ал 1937 жыл Алматы сауда-қаржы техникумына оқуға түседі, 1939 жылы "Лениншіл жас" газетінде әдеби қызметкер, кейініректе "Октябрь балалары" газетінің бөлім меңгерушісі болған. 1940 жылы РККА қатарына шақырылады , Москвада сапер училищесінде оқиды. Ол Ұлы Отан соғысында ұрыстарға алғашқы күндерден бастап қатысады. 1940 жылы Финляндиямен арада соғыс өрті лапылдағанда өзі тіленіп, әскер қатарына алынды. Осыдан соң Б.Бұлқышевтің жауынгерлік өмірі басталады.

Б.Бұлқышев қатардағы жауынгерден офицерлік дәрежеге дейін көтеріледі. Ата дәстүріне берік азамат, жалынды публицист, ер жүрек жауынгер Москваны қорғады. Украинаны азат етісті, сөйтіп 1944 жылдың бас кезінде қаһармандықпен майданда қаза тапты.

Б.Бұлқышев көптеген өлеңдер жазып, республикалық баспасөз беттерінде жариялады, "Алматы-менің туған қалам" деген бітпей қалған романы және "Айсұлу" деген поэмасы бар.

Б.Бұлқышев соғыс жылдарында жауынгер -публицист ретінде жарқ етіп көзге түскен. Оның "Өмір мен өлім туралы", "Өмір сүргім келеді", "Заман біздікі", "Шығыс ұлына хат", "Тыңда, Кавказ", "Жауыздық пен махаббат" деген публицистикалық шығармалары майдан жауынгерлерін ерлікке, патриоттылыққа үндеді. Бұл шығармаларының көпшілігі тұңғыш рет "Комсомольская правда" газетіне орыс тілінде басылып шыққан. Кейін оның мақалаларын жазушы Ғ.Мүсірепов қазақшаға аударып, республикалық "Социалистік Қазақстан" газетінде жариялады. Жауынгер қаламынан шыққан жалынды үн жерлестерінің жанын тебірентіп отты жылдарда өз рөлін атқарды, болашақ ұрпаққа айнымас ұран болып қалды.

 

1) Бейнетаспадан 1941 жылғы қанды оқиға жайындағы сюжетті оқиғалардан үзінді көрсету. Соғыс жылдарынан мәлімет беру және хатта кездесетін «Елім - ай» әнін тыңдату.

2) «Шығыс ұлына хат» публицистикалық очерктен үзінді көрсету (бейнеролик).

3)Б.Бұлқышев «Шығыс ұлына хат».  Оқушылар шығарманың мазмұнымен оқып танысады. 

«Шығыс ұлына хат» еңбегінен туған ел, өскен жер, дос,жолдасқа,туған-туысқа деген шынайы сүйіспеншілікті көреміз.Баубек Бұлқышевтың  өмірі,оның күресі,шығармашылық еңбегі –барлық жасқа өнеге.



4) Сөздікпен жұмыс

Блиндаж- ағаштан салынған әскери жертөле.

Артиллерия-зеңбірек

Снаряд-оқ

Тулақ-үстіне жүн сабау үшін жүні алынбай қатырылған шекі тері

Тапсырма

Өлеңді жалғастыр

Отаным ...... кімге

....... кірем бірге.

Қалайша ..... мені

..... төнген күнде.



Оқулықпен жұмыс

Хатта қазақтың қандай қасиетті ұлдарының атын теріп жазу (Шығыс ұлы, Тарғын, Қобыланды, Махамбет, Абайлар ұрпағы).

Шығармадағы мақал-мәтелдер - Өлімнен ұят күшті; Ел намысы-ер намысы;

«Өлімнен ұят күшті» деген халық мақалы арқылы хат иесі не айтпақшы болған? (Қазақ халқы- намысқой; «Өлімнен ұят күшті» дейтін халық).

«Әріптер сөйлейді» «Баубек кім»?
V. Бекіту.

1. Хат кімдерге арналған?

(Хатты қанды майдан кезінде Шығыс ұлына арналып жазылуы, Шығыс ұлымен сырласа жазылуы).

2. Шығыс ұлы кім?

(Хат жазу, яғни «Шығыс ұлына» деп хат жазу себебі-Бейсенәлінің ерліктері, оны командирдің «Шығыс ұлы» деуі).

3. Ана, Отан аманаты туралы не айтылған?

(«Отан деген –бір –ақ сөз». Оған төнген қауіп. Ана аманаты. «Сақтаймыз, ана , өміріңді сақтаймыз!»-деген солдат анты).
VІ. Үйге тапсырма

“Тәуелсіз Қазақстан ұланының атынан” ардагерлерге хат жазу.



VІІ. Бағалау

Белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет