Сабақ жоспары Пәні : Биология
Топ:16 «ә» Сабақтың тақырыбы: Бейімделушілік-эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі.
Сабақтың мақсаты:Өсімдіктер мен жануарлардағы бейімделушіліктің түрлерінен мысалдар келтіріп, бейімделушіліктің табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесі екендігінен студенттерге толық мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: Бейімделушіліктің алуан түрлеріне мысал келтіріп, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы студенттерге түсіндіру. Бейімделушілік, оның түрлері мен пайда болуын түсіндіру. Бейімделушілік туралы түсіндіре отырып, тірі ағзаларға тән ерекшеліктерді сипаттай білуге үйрету.
Дамытушылық: Организмдердегі бейімделушіліктің пайда болған жолдары туралы білімдерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік:Табиғаттағы жануарлардың және өсімдіктердің бейімделу жолдарын анықтап, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.