Сабақтың тақырыбы: Билер сөзі нақылдың көзі Жалпы мақсат



Дата05.06.2017
өлшемі103,27 Kb.
#18151
түріСабақ

17.09.2016 ж.

Қазақ әдебиеті

7 «А» сынып

Сабақтың

тақырыбы:


Билер сөзі - нақылдың көзі

Жалпы мақсат:

Шешендік сөздер туралы мәлімет беру.Үш бидің айтқан шешендік сөздерінің мазмұны мен идеясын меңгерту. Үш бидің өміріне шолу жасау. Шешенге тән қасиеттерді үйрету.


Сілтеме:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

2.Қазақ әдебиеті оқулығы. 7-сынып. Р. Құртқожина, Қ. Бітібаева, Е. Арын.

3.Әдебиетті оқыту әдістемесі.



Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Шешендік сөздер туралы мәлімет алады.Үш биден қалған шешендік сөздердің мазмұны мен идеясын меңгереді. Үш би туралы мағлұмат алады. Шешенге тән қасиеттерді үйренеді.




Негізгі идеялар:

Үш биіміз ардақты, сөздері оның салмақты.



Сабақта қолданылатын материалдар:

Маркерлер

А-3 парағы

Стикерлер

Жетондар


Оқыту әдістері:

  1. Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

  3. Талантты және дарынды балаларды оқыту


Тапсырмалар:

Сұрақ-жауап, миға шабуыл, топтық жұмыс,РАФТ, эссе



Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

5 минут


«Молекула» тренингі арқылы оқушылардың көңіл-күйін көтеру және сыныпты үш топқа бөлу.

Көңіл-күйлерін стикерге смайлик арқылы бейнелеу.

Топ ережесін шығару.


Оқушылар тренингке қатысады.
Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді.
Көңіл-күйлерін стикерге смайлик арқылы бейнелейді.

Барлық топ бірлікте топ ережесін құрады.



Үй тапсырмасын сұрау.

«Сұрақ-жауап»

7 минут


1.Әр топқа өткен тақырып бойынша үш сұрақ дайындату және көрші топтарға сұраққа жауап беруге ұсынуды тапсыру.

2.Сұрақтың жауабының дұрыс-бұрыстығына қарай, жауап берген топты ұсынған топқа бағалату.




1.Оқушылар бірлесе отырып, өз тобында сұрақтар құрастырады. Көрші топқа жауап беруге ұсынады.

2.Сұраққа жауаптың дұрыс-бұрыстығына қарай, жауап берген топты ұсынған топ бағалайды.



Қызығушылықты ояту.

«Миға шабуыл»

3 минут

Шешендік сөздер дегеніміз не?

Қазақтың атақты билері кімдер?


Оқушылар шешендік сөздер және қазақтың билері туралы білгендерін айтады.

Мағынаны тану.

№1-тапсырма

10 минут


Әр топқа шешендік сөздер туралы мәтін беру.

Мәтін мазмұнына байланысты постер қорғау.


« Бағдаршам» арқылы бағалау.

Оқушылар мәтінмен жеке оқып танысады.

«Ортадағы қаламсап» әдісі арқылы баяндап береді.

Оқушылар «Бағдаршам» арқылы бағаланады.


Ой толғаныс

8 минут



РАФТ.

Кітаптағы билер туралы аңыз әңгіме бойынша сахналық көрініс көрсету.




Оқушылар берілген тапсырма бойынша рөлдік ойын құрастырып, рөлге түседі.

Бағалау

3 минут



Оқыту үшін бағалау.

«Екі жұлдыз, бір тілек» айту.






Үйге тапсырма

1 минут


  1. «Билер сөзі – нақылдың көзі» тақырыбында эссе жазу.

  2. Маңғыстау билері

және оның шешендік

өнері туралы ізденіс

тапсырмасы.


Оқушылар үй тапсырмасын түртіп алады.


Рефлексия

2 минут


Сабақтан алған әсерлері

мен ұсыныстарын жазғызу.

Сабақтан алған әсерлері

мен ұсыныстарын стикерлерге жазады.



Сабақтан алған әсерлерін смайлик арқылы бейнелейді не жазады.
Бекітемін:_________________

№5 орта мектеп директоры м.а:

Ж.С. Бөкен

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сержанова Алияның

қысқа мерзімді сабақ жоспары

Тақырыбы: «Билер сөзі – нақылдың көзі»

Мұнайлы ауданы

1-топ

Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр. Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Даудың әрқайсысы бірнешеге (жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал, ар даулары) жіктеледі. Шешендік арнау бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту, т.б. нұсқалардан тұрады. Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер жатады. Ал шешендік дауларда сол қоғамға тән қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтелге, аңыз-әңгімелерге, толғауларға, айтыстарға жақын.

Қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден-бірге жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.

Шешендік сөздердің көпшілігі әуелгі қалпында сақталмаған. Жаттап алып таратушылардың, әр буынның өңдеп өзгертуімен, уақыттың сынынан өтіп, ұзын-ырғасы, тобықтай түйіндері, түйіп айтқан тұжырымдары қалған. Ішінара айтушылардың есімдері де сақталған. Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан тәрбиелік мәні зор халық даналығы.

Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болу қажет.

2-топ
Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған. 
Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері:
 Төле би (1663—1756 жж.) ,Қазыбек би (1667—1764 жж.) , Әйтеке би (1644—1700 жж.) .

Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер. Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады.

Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" - деп сұрайды. Сонда. әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

- Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:
- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді.
Сонда Төле бала:
- Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
- Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.

3-топ
Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.

Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да: 


“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті. 
Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: “Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан.


4-топ
Әйтеке (шын аты Айтық) Байбекұлы-қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан қазақтың атақты шешен – биі.

Әйтекеге шешендік, тапқырлық өнер бала кезінен дарыса керек.

Қозы бағып жүрген жас кезінде Әйтеке үш аттылы жолаушыға жолығады:

- Ассалаумағалейкүм, ағалар?

– Уағалейкумассалам.

Кімнің баласысың?

- Бәйбектің баласымын.

- Бәйбектің баласы болсаң, білетін шығарсың, Қосуақ бидің ауылы қайсы?

- Айтайын, онда не шаруаларыңыз бар еді?

- Ойнап жүрген баламызды осы елдің бір адамының аты теуіп өлтіріп, соған құн даулап Қосуақ биге жүгінгелі келеміз.

- Қосуақ бидің үйі анау тұрған боз үй. Егер балаңызды ат босағада тепсе бүтін құн, жабықта тепсе жарты құн, түзде тепсе төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осылай демесе осып айтар, жолдарыңыз болсын,- депті әлгі бала.

Үш жолаушы Қосуақ бидің үйіне түседі. Әңгіме, билік сөз басталады. Би айыпкерді алдырады. Бүтін құн алмақ болған баланың әкесі:

- Баламды ат босағада тепті,- десе,

екінші даукес:

- Жабықта тепті,- депті.

Би айыпкерге «сөйле» дейді. Сонда айыпкер:

- Атым босағада да, жабықта да тұрған жоқ. Анадай жердегі кермеде байлаулы тұр еді. Біз үйде шай ішіп отырсақ, апыл-тапыл басып жүрген жас бала, аттың артына барып, құйрығынан ұстай бергенде, ат теуіп өлтіріпті. Бұған мен кінәлі емеспін. Баланың шешесі кінәлі.

Сонда Қосуақ би:

- Баланы ат босағада да, жабықта да емес, түзде тепкені анықталды. Айыпкер құнның төрттен бірін төлесін,- деп билік айтыпты.

Сонда өлген баланың әкесі:

- Япырым-ай, осы билікті бізге жолда кездесіп, жөн сілтеген бір қойшы бала айтып еді. Түбінде сол бала елді аузына қаратқан би болар,- деген екен.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет