Сабақтың тақырыбы: Бұлттық технологиялар



Дата06.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#81975
түріСабақ
Байланысты:
Бұлттық технология


Пән атауы: Информатика


Сабақтың тақырыбы: Бұлттық технологиялар

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың даму бүкіл дүниежүзінде ерекше қарқын алып отыр. «Көзді ашып-жұмғанша» жұмыс жасауға мүмкіндік беретін IT технологиялар қолданысын кеңейту, әрине, заман талабы. Ал оның әлемдегі жедел дамумен ілесіп, ақпараттармен алмасып қана қоймай, көптеген аудиториялармен бір жүйеде жұмыс жасау мүмкіндігі бар, озық үлгілерінің бірі – «бұлттық технологиялар» немесе «бұлттық есептеулер».


Бұлттық технологиялар (ағылш. Cloud technology, яғни Cloud – бұлт, technology – технология) – цифрлық деректерді өңдеу технологиялары арқылы интернет-пайдаланушыға барлық қызмет түрлері бір аппараттық жүйеде біріктіріліп онлайн сервис ретінде ұсынылуы.
Б ұлттық есептеулер (ағылш. Cloud computing, яғни cloud – бұлт, computing – есептеулер) – қажетті конфигурацияланған есептегіш ресурстарға (мысалы, деректерді беру желілеріне, серверлерге, деректерді сақтау құрылғыларына, барлығына бурдей немесе бөлек-бөлек) талап бойынша ыңғайлы желілік қол жеткізуді қамтамасыз ету моделі (1-сурет).

Бұл терминдер – компьютерде арнайы программалардың орнатуынсыз, Интернет желіге қосылған жалпыға қолжетімді деректер ортасын өңдеу, жүктеу және сақтау т.с.с. қашықтан басқарудың технологиялық мүмкіндіктерін ұсынатын виртуалды қызмет түрлерінің жалпыланған атауы.


Виртуалды қызмет түрлерін ұсынып, ұйымдастырып, қолайлы жадай жасап отыратын, кез келген деңгейдегі және кез келген қуатты ақпараттық ресурстарға қолжеткізуді қамтамасыз ететін бұлттық қызмет түрлерін провайдер атқарады. Бұлттық провайдер (ағылш. Cloud provider – бұлттық сервистерді жеткізуші) – бұлттық есептеулер негізінде қызмет көрсететін компания, ол әртүрлі виртуалды ресурстың (виртуалды серверлер, виртуалды желілер, виртуалды деректерді сақтау жүйелері) автоматтандырылған басқару түрлерін жеткізуші.
Бұлттық технологиялардың қызмет көрсету модельдері: Инфрақұрылым қызметі ретінде (Infrastructurеas a Service, IaaS) – пайдаланушы өзіне коректі инфраортаны жалға алу мүмкіндігіне ие болады. Мұнда бұлттық провайдер серверді, сақтау қоймасын, желі және виртуалдандыру ресурстарын қамтамасыз етеді, ал пайдаланушы өзінің программалық жасақтамасымен қосымшаларын жүктейді және баптайды. Бұл қызметті пайдаланушы қымбат құрылғылар мен программаларды сатып алу қажеттілігінен құтылады да, тек пайдаланған уақытына сәйкес қаражат төлейді. IaaS түрлеріне Amazon EC2, Google CloudStorage, Microsoft Azure, IBM SmartCloud, IBM Cloud, Oblako.kz және т.б. жатады. Бұл қызмет түрі арнайы кәсіпорындар, мекемелер, компаниялар үшін компьютерлік инфраортаны жалға алу ортасын құрады (2-сурет).

Платформа қызметі ретінде (Platformas a Service, PaaS) – пайдаланушы бұлттық провайдерлермен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Мұнда виртуалдандыру, операциялық жүйелер, серверлер, сақтау қоймалары, желі, программалық жасақтама бұлттық провайдерлердің міндетіне кіреді. PaaS моделі интеграцияланған бір ореада жасалады, ал пайдаланушы өзі басқару мүмкіндігіне ие болады. Пайдаланушы серверді сатып алуға кететін шығындарды үнемдей алады. Осы модельдің мысалы ретінде веб-сайттарға арналған хостинг қызметтерін айтуға болады және Amazon Web Services (AWS), Microsoft Azure, Google App Engine, Jelastic, Apache Stratos, Open Shift түрлері жатады (3-сурет).

Коммуникациялық қызметі (Communicationsas a Service, CaaS) – Интернет желісі немесе кез келген IP-желісі (VoIP) бойынша сигнал беруді, хабарлама (IM) алмасуды, видеоконференцияларды қамтамасыз ететін кәсіпорын үшін бұлтта құрылған коммуникациялық шешім. CaaS үлгісі қосымша төлем жасау арқылы коммуникация құралдарымен қызмет түрлерін ұлғайтуға болады (4-сурет).


Программалық жасақтама қызметі (Softwareas a Service, SaaS) – қолданушы «бұлттарда орналасқан» бұлттық сервис иелерінің меншігіндегі программалармен жұмыс істеу мүмкіншілігіне ие болатын модель түрі. Қолданушы кез келген жерден Интернетке қосылған компьютерлік құрылғы арқылы өз дереккөздерімен жұмыс жасай алады. Программаның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, кететін шығындарды толығымен бұлттарды ұсынушы қызмет иелері өз мойнына алады да, ал қолданушы (егер қызмет ақылы болса) тек сол бұлттық сервисті қолданғаны үшін ғана айлық жарна төлеп отырады. Осылайша, тұтынушы өзіне коректі программаның лицензиясын сатып алуға көп шығындалмайды, ал программа құрастырушылар өз өнімдерінің заңсыз таралуынан және заңсыз пайдалануынан сақтандырылады. SaaS моделінің өзгешелігі – тұтынушы белгілі бір программамен ғана емес, программалар жиынтығымен жұмыс істей алуында. Мысалы: Google Apps, Box.net, icloud.com, Яндекс.Диск, mail.kz және т.б. (5-сурет).

SaaS моделінің тағы бір логикалық жалғасы ретінде соңғы кезде Desktopas a Service, DaaS моделі қолданылып жүр. DaaS моделі пайдаланғанда тұтынушылар өз қызметіне қажетті толығымен стандартталған «виртуалды жұмыс орнын» ала алады. Әр тұтынушы осы ұсынылған «виртуалды жұмыс орнын» өз қажетіне ыңғайлы етіп өзгерте алады (6-сурет).


Жабдықтарды есептеу қуаты (Hardwareas a Service, HaaS) – виртуалдандыру технологиясын пайдалана отырып, жабдықтың есептеу ресурстарын ұсыну (оның уақыты, деректерді сақтау орындарының қуаттылығы, көлемділігі және т.б.). Әдетте, қызметтер серверлер, суперкомпьютерлер және т.б. сияқты нақты есептеу жүйелерінің баламасы ретінде ұсынылады (7-сурет).



Жұмыс кеңістігін құру (Workspaceas a Service, WaaS) – жұмыс ортасын құру және ұсыну қызметі. SaaS сияқты программалық жасақтама қызметін ұсынады, яғни тұтынушыға оңтайлы ортаны қамтамасыз ететін жұмыс ортасын ұйымдастыратын қызмет түрі (8-сурет).


Мониторинг қызметі (Monitoringas a Service, MaaS) – мониторингтеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бұлтта программалық қамсыздандыру мен қызмет көрсету (9-сурет).
Бұлттық технологиялардың артықшылықтары:
• Интернетке қосылған кез келген құрылғы арқылы (ДК, планшет, смартфон және т.б.) басқарылады;
• көптеген программалар тегін (немесе қолжетімді бағада) және үнемі программалардың ең соңғы нұсқасымен жаңарып отырады; арнайыоперациялық жүйелерді талап етпейді;
• кез келген жерде, кез келген уақытта апарат қолжетімді;
• көптеген қолданушылар үшін бірлескен жұмысты жеңілдетеді;
• құжат форматтарының үйлесімділігі;
• егер құрылғы (ДК, планшет, смартфон және т.б.) істен шықса, маңызды апарат жоғалмайды, себебі ол құрылғы жадында сақталмайды;
• ақпараттар автоматты түрде бұлтта сақталып отырады және резервті көшірме жасайды;
• әр қашан жаңа және жаңартылған аппараттық өңдеулер жүзеге асырылады.
Бұлттық технологиялардың кемшіліктері:
• Интернет болмаған жағдайда жұмыс тек құрылғыға жүктелген құжаттармен жұмыс істеу меншектеледі;
• бұлттық программалардың жұмыс жасау жылдамдығы баяу болады;
• ақпараттың зақымдалу қаупі бар;
• көптеген бұлттық сервистер бірнеше гігабайт көлемді ғана тегін ұсынады, ал оны тек қосымша ақы төлеу арқылы кеңейтуге болады;
• кейбір бұлттық технологиялар отандық және халықаралық стандартна сай емес.


Бекіту сұрақтары:
1. Бұлттық технологиялар деген не?
2. Бұлттық есептеулер туралы қандай мәлімет алдыңдар?
3. Бұлттық провайдер деген не?
4. Бұлттық технологиялардың қызмет көрсетудің қандай модельдері бар?


Тапсырмалар
1. Интернет желісін пайдаланып, бұлттық технологиялардың қызмет көрсету модельдері ұсынатын мүмкіндіктеріне кластер құрыңдар (IaaS, PaaS, CaaS, SaaS, HaaS, MaaS, WaaS, DaaS).

2. Бұлттық технологиялардың қызмет көрсету модельдерінің айырмашылықтарын талдап, салыстырыңдар.



3. Бұлттық технологиялардың артықшылықтары мен кемшіліктерін кестеге толтырыңдар және кемшіліктерді жою үшін не істеуге болатынын талқылаңдар.





Ар­тық­шы­лық­та­ры

Кем­ші­лік­те­рі­

...

­ ...

...

­ ...


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет