Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру.
«Талқылау»
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
Дыбыстық файлды өңдеу дегеніміз не?
Қалай ойлайсыз «Windows Media Player» программасыңда дыбысты өңдеуге болама?
Дыбыс эффектілерін пайдалану
AUDACITY дыбыстық редакторындағы аудио файлға түрлі қызықты әсерлерді қолдануға болады.
Барлық әсерлер «Әсерлер» (эффекты) мәзірінде көрсетілген.
Кез-келген әсерді қолдану үшін дыбыстық файлдың фрагментін (немесе бүкіл файлды) бөліп алып, «Әсерлер» мәзірінен қажетті команданы таңдаңыз.
Дыбыс деңгейін біртіндеп нөлге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Дыбыс файлының соңында қолданылады.
Көлемді біртіндеп арттыруға мүмкіндік береді. Көбінесе дыбыстық файлдың басында қолданылады.
Бір әннен екіншісіне біркелкі өту.
Екі әнді біріктіру өнері «Тегіс қабаттау» деп аталады. Басқаша айтқанда, бір әннің соңы екінші әннің басымен біріктіріледі.
Бұл сүзгі жазылған сигнал деңгейін теңестіру үшін пайдаланылады.
Фильтр сигналдың таңдалған бөлігін кері тәртіпте жазады.
Сергіту сәті
Мұғалім оқушылармен бірге орындайды.
https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU
Практикалық тапсырмаларды орындамас бұрын мұғалім оқушыларға дыбысты жазу, өңдеу және ойнату үшін негізгі қауіпсіздік ережелерін естеріне салады.
Практикалық жұмыс
Практикалық жұмысты орындамас бұрын, мұғалім оқушылармен бірге бағалау критерилерін есіне түсіріде. Тапсырма беру үшін мұғалім дескриптор тұжырымдау ұсынады.
Дескрипторлар:
1. дыбысты өңдеуге арналған компьютерлік программаны іске қосады;
2. дыбысты ойнату үшін белгілі бір файлды ашады;
3. арнайы әсерлер арқылы дыбысты өңдейді;
4. Файлды жаңа атаумен сақтайды.
1-тапсырма:
«Атамекен» атты файлды ашыңыз. Ең жуан дауыс жиілігін күшейту әсерін қолданыңыз. Бастапқы 15 секундта дыбыстың әсерін тегіс күшеюге (наростание), ал соңғы 15 секундта әлсіреуге (затухание) қойыңыз. Жаңа атаумен сақтаңыз. Аудио жолды мұғалімге ойнатыңыз. Әннің соңындағы дыбыссыз кеуектікті алып тастаңыз.
Оқушылар дифференциация ретінде өз дауысымен авторды әнге қосады.
2*-тапсырма: әннің авторы мен музыкасын жазған композиторды әннің соңында қосыңыз. Әсер(эффект) мәзір қолданып (удаление шума) шуды жою қолданыңыз
Оқушылар бір-бірінің жұмысын тыңдайды.
Бір-бірінің жұмысын бағалайды.
|