Сабақ мақсаты Кез-келген шеңберге оның қасиеттерін қолданып жанама жүргізуді үйрену. Күтілетін нәтиже



бет1/6
Дата10.05.2023
өлшемі46,68 Kb.
#176363
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Шеңберге жанама және оның қасиеттері. Геометрия 7 сынып


Қысқа мерзімді жоспар. Геометрия – 7 сынып.
Пән мұғалімі- Ержанова Н.Т. Аңқаты ЖОББМ.

Сабақ тақырыбы

Шеңберге жанама және оның қасиеттері

Сабақ мақсаты

Кез-келген шеңберге оның қасиеттерін қолданып жанама жүргізуді үйрену.

Күтілетін нәтиже

А) Шеңбер және оның элементтерін анықтайды,
жанама жүргізе алады, қасиетін түсінеді .
В) Шеңбердің қасиетін (1-теорема )есептер шығаруда қолданады.
С) 1-теореманы әртүрлі тәсілдермен дәлелдеп, талдайды.

Оқытуда қолданылатын
әдіс-тәсілдер

Жоғары және төменгі деңгейлік сұрақтар,
«сұpaқтap шеңбері» үй тапсырмасын тексеруде,
Диалог(пікірталас,топтық әңгіме),ассоциация,
«ойлан,жұптас, бөліс»
Белсенді тақта«activstudio»
электрондық оқулықпен жұмыс



Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы

Бірлесіп топтық ереже құрастыру,
сергіту сәті(фигуралар арқылы топқа бөлу)
жеке, жұптық, топтық жұмыстар,Жигсо,
деңгейлік тапсырмалар.
Кері байланыс парағы



Үйрену барысын бағалау

«Екі жұлдыз,бір ұсыныс», критерийлер арқылы өзін-өзі бағалау, топта өзара бағалау, топтардың бір-бірін бағалауы, сенім білдіру, мадақтау, кеңес беру



Негізгі дереккөздер, құрал-жабдықтар

1.7 сынып оқулығы Ә.Н.Шыныбеков. Алматы. «Атамұра» -2012.
2.7 сынып оқулығы К.Бүкүбаева Алматы. «Атамұра» -2012.
3.7 сыныпқа арналған «Есептер мен жаттығулар жинағы»А.Абдиев.
4.Электронды оқулық 7сынып
Дидактикалық үлестірме материалдар,
презентация,
Флипчарт, түсті маркерлер, желім, түсті қағаздар, бағалау парағы.






Мұғалім

Оқушы

Кіріспе


Оқушылармен амандасамын.

Оқушыларды ортаға шаттық шеңберіне тұрғызып сергіту сәтін өткіземін.


Барлығы бірге:
Қайырлы таң достым, қайырлы күн болсын, Бүгінгі күннің әр кезі, сәттілікке толсын,
Үй тапсырмасын тексеру
Оқушыларға өткен тақырыпты бекіту мақсатында
«сұрақтар шеңбері» тәсілін қолданамын.

Топқа бөлу. Түрлі-түсті жұлдызшалар арқылы 3 топқа бөлемін.


Сынып ережесін құруды ұсынамын. Әр топ өзінің ережесін шығарып алды да оны постерге жазып қорғады. Содан соң сол ережелерді қорытып топтың жалпы ережесін шығарып алдық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет