Сабақ мақсаты Кез-келген шеңберге оның қасиеттерін қолданып жанама жүргізуді үйрену. Күтілетін нәтиже



бет6/6
Дата10.05.2023
өлшемі46,68 Kb.
#176363
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Шеңберге жанама және оның қасиеттері. Геометрия 7 сынып

Шеңбер тақырыбын қорытындылау.

Сабақ мақсаты

Шеңбер тақырыбы бойынша алған білімдерін есеп шығаруда қолдануды үйрену .

Күтілетін нәтиже

А)Шеңбер мен түзудің,екі шеңбердің орналасу сызбаларын жасайды, формуланы қолданып есеп шығарады
В)Осы тақырып бойынша алған білімдерін айқын тұжырымдайды.
С)Осы тақырып бойынша алған білімдерін тұжырымдайды,
жалпылайды

Оқытуда қолданылатын
әдіс-тәсілдер

Геометриялық толықтыру диктанты, 5 жолдық өлең,Тыңдайтын үшбұрыштар, жоғарғы және төмен дәрежелі сұрақтар, тест,
белсенді тақта,
кеңейтілген деңгейлік тапсырма.

Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы

Сергіту сәті,
Геометриялық толықтыру диктант, 5 жолдық өлең жазады,жеке кеңейтілген деңгейлік тапсырмалар,тест
Кері байланыс
«интервью алу



Үйрену барысын бағалау

Суммативті бағалау,
критерийлер арқылы бағалау.



Негізгі дереккөздер, құрал-жабдықтар

Дидактикалық үлестірме материалдар,
белсенді тақта, электрондық оқулық




Мұғалім

Оқушы

Кіріспе


Оқушылармен амандасамын.

Оқушыларды ортаға шаттық шеңберіне менің оң жағымнан бастап туған күндері бойынша тұрғызып сергіту сәтін өткіземін.


Оқушыларды 3-еуден топтаймын.
«Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісімен өткен тақырыптарды бекіттіремін.Спикер( жауап береді)
Интервьюер( тыңдайды, сұрақ қояды)
Хатшы( кері байланыс жасау керек)

Орындарынан тұрады.

Шеңберге тұрып, кезекпен бір сөзбен жақсы тілектерін айтады.


Өз рөлдерін бөліп алады, сұрақ қояды, жауап береді, кері байланыс жасайды.



Тұсаукесер

Хатшылар басқа топтарға өз тобында талданған тақырыпты айтып береді.



Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Негізгі бөлім

Суммативті бағалау үшін жеке жұмыстар беремін.

  1. Геометриялық толықтыру диктанты.

1.Шеңбердің барлық нүктелерінен бірдей қашықтықта жатқан нүкте.
( ).
2.Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі болатын түзуді шеңберге ...................... деп атайды.
3. Шеңбермен екі ортақ нүктесі болатын түзу .................................... деп аталады.
4. Хорданың ортасы арқылы өтетін диаметр оған ...........................болады.
5. Центрлері ортақ шеңберлер.................................. шеңберлер деп аталады.
6. Шеңберге жүргізілген жанама жанасу нүктесіне жүргізілген ......................................... перпендикуляр болады.
7. Центр арқылы өтетін хорда......................................деп аталады
8. Шеңбердің екі радиусының арасындағы бұрыш-............................................

  1. Тест орындау(электрондық оқулықтан.)

  2. Өздік жұмыс( кеңейтілген деңгейләк тапсырмалар)

1.Радиустары 9см және 15 см екі шеңбер іштей жанасады. Шеңберлер центрлерінің арақашықтығын тап.
2. а түзуінде А нүктесі берілген. а түзуімен А нүктесінде жанасатындай етіп радиусы 2,5 см тең шеңбер сызыңдар.
3.Егер радиустары 12 см және 15 см болатын екі шеңбердің центрлерінің арақашықтығы 28 см болса, олар қалай орналасады.
4. А және В нүктелері берілген және а түзуі А нүктесінен өтеді. а түзуімен А нүктесінде жанасатын және В нүктесінен өтетін шеңбер сыз.

Оқушылар жеке тапсырмаларды орындайды, өздерін және бір-бірін критерий бойынша бағалайды.



Қортынды

Маған не ұнады? Мен не үйрендім?Мен үшін жаңалық болды? Мен мынаны түсінбедім? сұрақтарға жауап бере отырып рефлексия парағын толтыру арқылы алған білімдерін тексеріп, кері байланыс орнату.(5мин)

Сабақ бойы жұмыстану бойынша оқушыларды формативті бағалаймын. Оқушылар өзін-өзі бағалайды





Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін қағазға мына сұрақтар бойынша жазып береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет