Шеңбер мен түзудің өзара орналасуы
Сабақ мақсаты
|
Шеңбердің радиусы мен оның центрінен түзуге дейінгі қашықтықты салыстыра отырып шеңбер мен түзудің орналасуын үйрену.
|
Күтілетін нәтиже
|
А) Түзу мен шеңбер жанасатынын,қиылысатынын және қиылыспайтынын біледі, хордаға перпендикуляр диаметрдің осы хордаға перпендикуляр болатынын түсінеді.
В)Шеңбер центрінен түзуге дейінгі қашықтық пен радиусты қолданып есептер шығара алады.
С) Шеңбер мен түзудің орналасуын өзара талдап, қорытынды жасайды.
|
Оқытуда қолданылатын
әдіс-тәсілдер
|
Графикалық тест,
(Жоғары және төменгі деңгейлік сұрақтар).Ыстық орындық,10 сұрақ,
постер құру, топтық әңгіме,
белсенді тақта интернеттен мәлімет, Жигсо,
10 түйінді сөз
|
Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы
|
Сергіту сәті(би), конфеттер арқылы топқа бөлу, Графикалық тест,
(Жоғары және төменгі деңгейлік сұрақтар).Ыстық орындық тәсілін қолданып үй тапсырмасын тексеру,
топқа бөлу, постер қорғау
топтық, жұптық, жеке жұмыстар, , Кері байланыс
|
Үйрену барысын бағалау
|
Басбармақ, ламинат, «Екі жұлдыз,бір ұсыныс»
топтарда өзін-өзі бағалау;
мадақтау, сенім білдіру, қолдау
|
Негізгі дереккөздер, құрал-жабдықтар
|
1.7 сынып оқулығы Ә.Н.Шыныбеков. Алматы. «Атамұра» -2012.
2.7 сынып оқулығы К.Бүкүбаева Алматы. «Атамұра» -2012.
3.7 сыныпқа арналған «Есептер мен жаттығулар жинағы»А.Абдиев.
4.Электронды оқулық 7сынып
Дидактикалық үлестірме материалдар,
презентация,
Флипчарт, түсті маркерлер, желім, түсті қағаздар, бағалау парағы.
|
|
Мұғалім
|
Оқушы
|
Кіріспе
|
Оқушылармен амандасамын.
Оқушыларды ортаға шаттық шеңберіне тұрғызып сергіту сәтін өткіземін.Сергіту сәтіне би билетемін.
Үй тапсырмасын тексеру.
Графикалық тест.
10 сұрақты өзім оқимын.
1.Шеңбер дегеніміз жазықтықтағы бір нүктеден бірдей қашықтықтағы нүктелер жиыны.
2.Радиус шеңбер бойындағы 2 нүктені қосады.
3.Диаметр ең ұзын хорда.
4.Диаметр 2 радиусқа тең.
5.R=3см, D=6см.
6.Жанаманың шеңбермен 1 ортақ нүктесі бар.
7.Хорда мен диаметр еш уақытта перпендикуляр болмайды.
8.D=58м, R=29м
9.R=18 мм, D =54мм
10.Шеңбер хордасын қақ бөлетін диаметр осы хордаға перпендикуляр.
Дұрыс жауабын тақтаға сызамын.
--^--------^--^--
«Ыстық орындық» әдісі. Ортаға бір орындық қойып оқушылардың қалаулары бойынша бір оқушыны отырғызып, қалғандары өткен тақырып бойынша төмен және жоғары деңгейлі сұрақ қояды.
Топқа бөлу.
Конфеттер арқылы 3 топқа бөлемін.
Сынып ережесін еске түсіреміз.
|
Мұғаліммен амандасады.
Шеңберге тұрып,бәрі біргеинтербелсендітақтаға қарап биді қайталайды, сосын орындарына отырады. Оқушылар дәптерлерінде орындайды иә немесе жоқ деп жауап береді. Иә болса --,жоқ болса^ белгісін қояды.
Оқушылар дәптерлерін көршілерімен ауыстырады, тақтаға қарап тексереді.
Оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақ қойып,соған жауап береді. Оқушылар өз ойларын ұсына отырып, анықтамаларды талдайды, түсіндіреді немесе өзгелердің жауаптарын дәйектейді. Бір-бірлерінің жауаптарын тыңдап , толықтырады Оқушылар конфеттер арқылы 3 топқа бөлінеді. Әр топ өз орындарына жайғасады.
Ережелерді еске түсіреді.
|
Тұсаукесер
|
«10 сұрақ» әдісі.
Ортаға өз қалауларымен 2 оқушыны шығарамын. Стикерге Шеңбер және түзу сөздерін жазып оқушының маңдайына жапсырамын.
Оқушылар сөздерді тапқаннан кейін, мен неге осы сөздерді жасырдым , бүгінгі тақырыбымыз қандай болуы мүмкін деген сұрақ қоямын.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын.
|
Оқушы топтарға сұрақтар қояды, оқушылар иә немесе жоқ деп жауап береді. 10 сұрақ қою арқылы маңдайындағы жауапты табады.
Оқушылар өз ойларын айтады.
|
Негізгі бөлім
|
Жигсо стратегиясы.
1,2,3 ,4 нөмірлерге бөліну.
Қонаққа бару.
Қонақтан оралу
«ойлан,жұптас,бөліс,» әдісі
Постер салып, қорғаймыз
1 нөмірлілер түзу мен шеңбердің жанасуы,
2 нөмірлілер –қиылысуы,
3 нөмірлілер- қиылыспауы,
4 нөмірлілер интернеттен мәлімет алу.
Қолпаштап,ынталандырып отырамын.
«10 түйінді сөз» жазу.
|
Оқушылар өздері оқиды.Жұпта бір-бірімен диалог арқылы ой бөліседі. Топ болып және жұпта бір бірімен диалог арқылы талқылайды, не білетіндері жөнінде постерге жазып, бір оқушы қорғайды
Қалған оқушылар «екі жұлдыз бір ұсыныс» айту, басбармақ, ламинат арқылы бағалайды.
Жазған түйінді сөздерін оқиды.
|
Қортынды
|
Маған не ұнады? Мен не үйрендім?Мен үшін жаңалық болды? Мен мынаны түсінбедім? сұрақтарға жауап бере отырып рефлексия парағын толтыру арқылы алған білімдерін тексеріп, кері байланыс орнату.(5мин)
|
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін қағазға мына сұрақтар бойынша жазып береді.
|
Сабақ тақырыбы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |