Сабақтың тақырыбы: Джаз оркестрі Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері



Дата04.08.2017
өлшемі68,03 Kb.
#22990
түріСабақ

Бекітемін:




Пәні :

Музыка

Сыныбы:

3 «а»

Уақыты:

31.01.2017

Тоқсанның тақырыбы:

Бүгінгі заман музыкасы 10

Сабақтың тақырыбы:

Джаз оркестрі

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Оқушылардың білім деңгейін көтеру, джаз өнеріне қызықтыру.

Джаз оркестрі туралы білімдерін жетілдіріп, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету; сузыкалық сөздік қорын молайту

Джаз өнерінің шеберлерін қадір тұтуға,өз заманымыздың озық ойлы,кең өрісті, мәдениетті азаматын тәрбиелеу.





Б)Коммуникативтік




В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Түрі:

Ашық сабақ,жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, ырғақтық-қимылдар,тапсырмалар, сұрақ- жауап,ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Музыка әдебиеті

Пайдаланылған көрнекілігі:

Үнтаспа, оқулық,суреттер.




Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу:

Сәламатсыздар ма балалар?



2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;



3.Дауыс жаттықтыру:


1.Оқытушымен амандасу:

Үлкендерге біз,

Кішілерге сіз.

Құрметпенен бас иіп ,

Сәлем бердік біз.

Сәламатсыз ба ұстаз?



2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды:


Оқушы бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға дайын



ІІ. Үй тапсырмасы.

Тест сұрақтары арқылы үй тапсырманы тексеру.


Оқушы үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

Сергіту биі

«Hit the Road Jack»

Джаз (ағылш.jazz) – негрлер халық музыкасының негізінде пайда болған музыкалық жанр.Джазды музыканттардың аяқ астынан орындайтын импровизациялық музыка деп атауға болады. Импровизация-негізгі әуенді өзгеше етіп түрлендіру,құбылту,ойдан шығару. 19-20 ғғ шегінде еуропалық және африкалық музыканың тоғысуынан пайда болды.Джаз музыкасының түп негізі негрлердің тұрмыс-салт билерімен ,еңбек әндерімен, спиричуэл және блюздарымен астасып жатады.Спиричуэл-діни,рухани болса ал блюз-мұңды,көңілсіз музыка болып таблады.Джаз музыкасындағы көп ырғақтылық, негізгі әуеннің сан рет қайталануы, вокалдық мәнерлілік,өрнектілік-африкалық халық музыкасына тән белгілер. Джаз музыкасының алғашқы орталығы - АҚШ-тың Нью-Орлеан қаласы.1910-1915 жылдары «джаз бэнд» деген атпен негрлердің үрмелі аспаптар оркестірі пайда болып, орындаушылық өнердің өзгеше мәнері қалыптасты.

Джаз қазіргі заман оркестрі болып табылады. Ол басқа оркестрлерге мүлде ұқсамайды.Оркестр әр түрлі музыкалық аспаптардан тұрады.Соның ішінде төрінен орын алатын басты аспап – ұрмалы аспаптар тобы.Ұрмалы аспаптар қатары әр түрлі ұлттық барабандар, маракас және тарелкалармен толықтырылған.Бұл ұрмалы аспаптар тобына контрабас аспабы да енгізілген.Контрабас аспабын ысқышсыз саусақтың басымен ойнайды.Кейде оркестрден гитара аспабын да көруге болады.

Джаз оркестрінде жеке ойнайтын аспаптар: саксофон, труба, тромбон және рояль.Кейде оркестрден скрипка аспабының да үнін естуге болады. Джаз оркестрінің осындай ешбір оркестрге ұқсамайтын құрамы бар.

Джаз өнері Қазақстанда да кең қанат жаюда.Жылда Қазақстанда джаз фестивальдері өткізіліп тұрады.Бұл фестивальге бүкіл әлемнен джаз ұжымдары келіп, өнер көрсетеді.

Алматы қаласында Тагир Зариповтың жетекшілік етуімен арнайы балалар музыкалық джаз мектебі ашылды.№7 музыкалық джаз мектебі Қазақстанда өтетін джаз фестиваліне қатысып, көптеген шет мемлекеттерде өнер көрсетіп келеді.

Қазақстанның джаз стилінде орындайтын өнер қайраткерлері-Жанна Сатарова-джазалық әнші, Батырхан Шукенов –саксафон орындаушы,Жанна Орынбасарова- джазалық әнші және т.б.



Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүиелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Музыкалық сауаттылық:

Джаз,Импровизация, Спиричуэл, Блюз.




Сөз қорына жаңа сөз қосылады

Ән жаттау:

Б.Бисенова «Қасиетті домбыра»



Мұғалім пианинода айтып көрсетеді .

1/ Бабамыздың көзіндей қара домбыра

Данамыздың сөзіндей дара домбыра

Асқақататып рухымды ағыл домбыра

Әр қазақтың төрінен табыл домбыра


Қ-сы

Шанағыңда ойнаған Үніңе еш тоймаған

Қасиетті домбыра,Күмбірлегенкүйіңе Әрдайым мен сүйінем .Қасиетті домбыра


Әнді қайталау.

Музыка тыңдау:

«Big Shender» әні,

Mack_the_Knife


Жанна Орынбасарованың орындауындағы «Big Shender» әні, Луи Армстронг Mack_the_Knife


Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

Қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту



«Қызықты музыка» джаз музыкасына байланысты қате сұрақтар қойып , дұрыс жауабын табуына ықпал ету .

- Джаз оркестрініндегі ұрмалы аспаптар қатары: дабыл, даңғыра,тұяқтас?Дұрыс па ?Жауабы қандай?

-Джаз оркестрінде жеке аспап ретінде:гитара,барабан, маракас орындалады ма?

-Джаз өнері неміс музыкасының ұлттық өнері ме?




Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

-Барабандар, маракас және тарелкалар

- Саксофон, труба, тромбон және рояль

-Афро-американдық халық музыкасы



Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы, жаңа материалды қорытындылайды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру; Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды. Баға алған оқушы күнделіктеріне бағаларын қойғызады.




Үй тапсырмасы

Ақша қар әнін жаттау . Тақырыпты түсінгенін айту .

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады


Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет