Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
Ембі қаласы
Дене шынықтыру
7 класс
Тақырыбы: «Доппен микротоп болып жаттығулар орындау»
Өткізген: Нұғманов Ізбасқан,
дене шынықтыру пәні мұғалімі
2012-2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Доппен микротоп болып жаттығулар орындау»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың қозғалысын арттыру, доппен жаттығу түрлерін орындай отырып доптың әр түрлі бағытта ұшып келуін қадағалай отырып серіктесіне тура жіберу.
Аяқ қозғалысының жетілуіне, қол күшінің жетілінуіне саусақтарының қатаянуына әсерін тигізеді.
Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыра отырып жаттығу түрлерін дамыту, волейбол ойынын жетілдіру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты бекіту, түсіндіру. ВОЛЕЙБОЛ
Спорттық жабдықтар:журнал, волейбол доптары, ысқырық.
Өткізілетін орны: Спортзал (Гигиеналық тазалық) температура +15о +20о
Сабақты өткізген: Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Нұғманов Ізбасқан
Сабақтың бөлімдері ж/е олардың уақыты
|
Сабақтың мазмұны
|
Уақыт мөлшері
|
Ұйымдастыру және әдістемелік нұсқаулар
|
Кіріспе бөлім 12минут
|
1.Сапқа тұрғызу,оқушылармен амандасу 2.Түзел,тік тұр,рапорт қабылдау 3.Оқушыларды түгелдеп формаларын тексеру 4.Сабақтың тақырыбын хабарлау
а). Жүгіру жаттығуларын орындау
1.1 - шеңбер жай жүгіріс
1.2 - шеңбер оң жақ қапталмен жүгіру
1.3 - шеңбер сол жақ қапталмен жүгіру
1.4 - шеңбер отырып секіру
1.5 - шеңбер жай жүгіріс
1.6 - шеңбер жай жүріс(тереңдемалу)
б)Жалпы дене қозғалыс жаттығулары 1.Бас және мойын жаттығулары 2.Иық алға – арқа ж/е қолды жоғары көтеру 3.Қайшы ж/е қолды кеуде бойында жазу жаттығулары 4.Белде оң,сол жаққа иелу 5.Белді оң - сол жаққа айналдыру (толық 360о) 6.Аяқты оң ж/е сол жаққа жазу 7.Аяққа қолды апару,оң ж/е сол жақ апару 8.Алақанды қосып, аяқты алмастырып секіру 9.Приседание (20-25 рет) Отжимание
|
2 мин
5мин
5 мин
|
Оқушылардың сабаққа дайындағын ж/е денсаулығын қадаға-лау. Киімдерін сайкесі
Бір қалыпты жүгіру, мұрынмен терең демалу, еден құрғақтығына назар салу. 1метр арақашық-тық сақтау.
Жаттығу орындау кезінде бастапқы қалыпқа тұру жаттығуды оң жақтан бастап 4-рет қайталау, бірдей орындау.
|
Негізгі бөлім 28минут
|
1.Негізгі тұрысты көрсету, аяқты жартылай отырыспен қалыпта ұстау, қолды тізе бойында ұстау. А) оқушыларды микротопқа бөліп 2, 3 оқушыдан тұрғызып, допты төменнен қабылдау әдісін үйрету жаттығуын орындау, б) 2, 3 оқушыны орналастырып жартылай отырыспен тұрыпдопты екі қолмен жоғарыдан қабылдау.
2. оқушыдан қарама-қарсы орналасып топтық жаттығуын орындау. А) допты жоғарыдан лақтырып беру, жоғарыдан қабылдау, б) негізгі тұрыспен орындау, барлық оқушы допты тура қабылдап тіке бағыттау.
|
28мин
|
Әр жаттығу түрін 5-6 рет қайталау, қателеріне назар салу, тәртіпті қадағалау
|
Қорытынды бөлім
мин
|
1.Сапқа тұрғызу, сабақты қорытындылау 2.Оқушыларды бағалау, мадақтау 3.Үйге тапсырма беру: жартылай отырыс.
|
5мин
|
Жаттығу кезіндегі қателерге назар салу, қоштасу
|
Микро топтық кесте
ХАБАРЛАНДЫРУ
Пән: Дене шынықтыру
Ашық сабақ: 7 «а» класс
Сабақ тақырыбы: «Доппен микротоп болып жаттығулар орындау»
Өткізетін: Нұғманов Ізбасқан
Өтетін күні: 05.03.2013
Достарыңызбен бөлісу: |