СабақТЫҢ тақырыбы: Ең суық айлар сабақТЫҢ мақсаты



Дата29.01.2018
өлшемі25,5 Kb.
#36183
түріСабақ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Ең суық айлар

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

  • Жыл мезгілдері, ай атауларының қазақша аттарын сипаттайтын жаңа сөздер, сөз тіркестерімен таныстыру.

  • Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білімдерін толықтырып, мезгілді сипаттай білуге үйрету.

  • Өзіндік ой-пікірін, көзқарасын білдіруге жағдай жасау, тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту.

САБАҚ ТҮРІ: аралас сабақ

САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: қайталау, түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, жұптық, топтық жұмыс.

САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: слайд, аудио-бейне материалдар, үлестірмелі карточкалар, суреттер.

САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАР:

Күтілетін нәтиже:

  • Жыл мезгілдерінің атауларын, төрт жыл мезгіліндегі ай атауларын біледі, жыл мезгіліндегі ауа райын сипаттай алады

  • Грамматикалық құрылымдарды пайдалана отыра , жазылым,тілдесім әрекеттерін жүзеге асыра алады.

САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу

  • Шаттық шеңбері(лента ұстау арқылы). Оқушыларға жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

Оқушыларды топқа бөлу

Оқушыларды «Лента түстері» стратегиясы арқылы 3топқа бөлемін.(лентаның түсі сары, тоқсары, көк)



Үй тапсырмасын тексеру («Кім тапқыр» ойыны)

Тақтада өткен сабақтағы жаңа сөздер тұрады, қарама-қарсысында аудармасы берілген. Сәйкестендіру арқылы дұрыс аудармасын табу керек. (қыс, қар, мезгіл, жылы, тон, етік, киім, құлақшын, қолғап)



ІІ. Жаңа сабақ

-Балалар, қазір қай мезгіл? (қыс)

-Ауа-райы қандай? (суық)

-Қыс несімен ерекшеленеді?

-Енді сабағымыздың тақырыбын ашу үшін келесі тапсырманы орындауымыз қажет.

Оқушыларға «Адасқан сандар» ойынының кестесі таратылады. Сол кестедегі сандарды дұрыс орналастыра отырып сабақтың тақырыбын ашамыз.



«ЕҢ СУЫҚ АЙЛАР»

-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, біздің мақсатымыз қандай? Не істеуіміз керек? Нені білуіміз керек ?

ТОП АТТАРЫН ТАРАТУ. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)

Дәптерге күннің атын, тақырыпты жазамыз.



БАҒАЛАУДЫ АЙТЫП КЕТУ.
Сөздік жұмысы. Желтоқсан, қаңтар, ақпан, боран, аяз, суық.

  1. Мұғалімнің оқуы

  2. Хормен оқу

  3. Тізбектей оқу

  4. Дәптерге жазу

-Сонымен, жаңа сөздерді бекіту мақсатында мынандай КЛАСТЕР құрастырамыз.


Қыс айлары

Кластерлерін қорғайды, бағалау.



Дәптермен жұмыс.

Карточкалар тарату.

Қыста (снег) жауады. Қыста (мороз болады). Қыста (день) қысқа.



СЕРГІТУ СӘТІ (видеоклип)

-Келесі тапсырмада кітабымызды ашып, 148 беттегі 4 тапсырмаға көңіл аударайық.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС.

  1. Мұғалімнің оқуы

  2. Кезекпен оқу, аудару

  3. Түсінгендерін тексеру мақсатында мен орысша сөйлем айтам, олар қазақшасын табады.

  4. Коллаж құрастыру.

  5. Әр топ өз жұмысын қорғайды.

Диалог құрастыру тапсырмасы «Қар шоғы» ойынымен өткізіледі. Сұрақтар жазылған қағаздар әр оқушыға беріледі. Топ ішінде бір-біріне сұрақ қою арқылы диалог құрастырады.

Бекіту. «Сұрақтар шеңбері» ойыны арқылы өтеді. Бағалау. Үйге тапсырма.

148 бет, 5 тапсырма, жаттау.

Рефлексия. «Чемодан»

-Сонымен сабақ аяқталды. Сау болыңдар!
Каталог: uploads -> doc -> 1069
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1069 -> Сабақтың тақырыбы: § 47. Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі Сабақтың мақсаты
1069 -> Күні: Бекітемін:№26 Пәні: Биология Сыныбы : 9
1069 -> Қысқа мерзімді жоспар: Сынып: 9 Күні
1069 -> Сабақ: қазақ әдебиеті Сынып: 11 «а» сынып Уақыты: Шаяхметова А. Е
1069 -> Өмірбаянымен, Д. Мацуциннің «Зырлайды шанамыз»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет