Сабақтың тақырыбы Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күші, кернеу



бет1/2
Дата13.01.2020
өлшемі1,11 Mb.
#55782
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
docx1545845906

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3А Тұрақты электр тогы

Мектеп: №24 Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Раззақова Шолпан Пердехожақызы

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күші, кернеу


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.4.2.2 - электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;

8.4.2.3 – кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру



Сабақ мақсаттары

Электр тізбегі, электр тізбегінің белгіленулері жайлы білу

Схемада шартты белгілерін қолдануда түсіну, қарапайым электр тізбегін құрастыру

Кернеудің физикалық мағынасын білу, өлшем бірліктерін түсіндіре отырып, формуласын есептер шығаруда қолдану

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану


Бағалау критерийі

  • Электр тізбегі, электр тізбегінің белгіленулері жайлы біледі;

  • Схемада шартты белгілерін қолданып қарапайым электр тізбегін құрастыруды біледі

  • Кернеудің физикалық мағынасын біледі, өлшем бірліктерін түсінеді. Формуласын есептер шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және термонология:

Электр тізбегі, ток күші, кернеу, ресостат, резистор, шам, жалғағыш сымдар, ток көзі, амперметр,вольтметр.

Кернеу – бірлік заряд өткізгіш бойымен орын ауыстырғанда электр өрісінің қандай жұмыс жасайтынын көрсететін физикалық шама.

Ток күші – өткізгіштің көлденең қимасынан бірлік уақыт ішінде қандай заряд өткенін көрсететін физикалық шама.



Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Электр тізбегі ....... деп

Электр тізбегі бойымен өтетін токтың әсерін атаңыздар...

Ток күшінің өлшем бірлігі......

Кернеудің өлшем бірлігі.......


Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру және инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Мемлекетіміздің экономикасын көтеру жолында еңбек ететін, елін, жерін құрметтейтін тұлға қалыптастыру.Электр тізбегінің шартты белгілерін біле отырып, ғылым саласының мүмкіндіктерін пайдаланып, электр энергиясын үнемді және тиімді пайдаланатын құрылғылар ойлап табу және кәсіби маман ретінде қалыптасу үшін шығармашылық ізденіске, білім алуға бағыттау.

Пәнаралық байланыс

Информатика – АКТ қолдану (интербелсенді тақта, интернет желісі, слайд)

Математика – есептер шығару(амалдар қолдану)



Бастапқы білім

Физика 7 сынып. Энергия. Энергияның түрлері

8 сынып Электр тогы .Электр тогының көздері



Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5минут

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу

1.Ынтымақтастық орта орнату.

«Жүректен- жүрекке» әдісі арқылы оқушылармен шаттық шеңберін құра отырып, бір-біріне деген тілегін бір ауыз сөзбен жеткізу.

2. Топқа бөлу. Физикалық шамалардың белгіленулерімен 3 топқа бөлемін ( I, U, R )

3. «Миға шабуыл » әдісі

Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылар интербелсенді тақтадан кезектесе отырып жауап береді.

1. Денелердің электрленуі дегеніміз не?

2. Тізбекте ток жүру үшін қандай шарттар орындалуы қажет?

3. Өткізгіштегі электрондар қозғалысының бағыты қандай?

4. Бөгде күштер деп нені айтады?

5. Электр тізбегін қосу үшін ток көзінің рөлі қандай?

6. Ток көзін сипаттайтын шама қандай?

7. ЭҚК нің физикалық мағынасы қандай?

8. Электр энергиясын қалай түрлендіреміз?

9. Өзіміз тұрмыста қолданатын қандай электр құрылғысын білеміз?


Смайликтер беру арқылы бағалау. Бұл бағалаудың түрін оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын ояту мақсатында қолданамын.

Интербелсінді тақта


Слайд

смайлик


Сабақтың ортасы

30 мин


« Ой қозғау» әдісі

Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтын тақырыбын ашамын.


1. Электр қыздырғыш құралдардың жұмыс істеу принципін ата?

2. 24В адам өміріне қауіптіме?

3. Тұрмыстағы ток күшің қызметін ата?
«Джигсо» әдісі(топтық жұмыс)

Тапсырма №1

3 топтың оқушылары өз тақырыптарына байланысты оқулықтағы мәтіндер бойынша топтық талқылау жасайды.


1- топ. Кернеудің өлшем бірлігімен, формулаларын жіктеп түсіндіру
2- топ. Ток күшінің өлшем бірлік, формулаларын жазып түсіндіру
3 – топ. Электр тізбегі және оның шартты белгілерін, қосу ережелерін түсіндіру

Дескриптор :

1-топ - кернеудің мағынасын біледі;

- кернеудің өлшем бірлігін, формуласын

түсіндіреді.
2-топ - ток күшінің мағынасын біледі;

ток күшінің өлшем бірлігін, формуласын түсіндіреді.


3-топ - электр тізбегі туралы түсіндіреді;

электр тізбегіндегі шартты белгілерді өзара

қалай қосуды біледі
«Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау Бұл бағалау арқылы сабаққа деген ынтасын арттыра отыра,көмек қажет ететін оқушыларға түрткі сұрақтар, нұсқаулықтар беру арқылы қолдау көрсетемін.
«Жұптас» әдісі (жұптық жұмыс)

Тапсырма №2

І топ

Жұптаса отырып суретпен жұмыс жасаңдар.Белгілерді атап көрсетіңдер




ІІ топ

Электр тізбегін жинау оның әр түрлі бөліктеріндегі кернеуді өлшеу





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет