Химия пәні бойынша 9 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары I тоқсан Сабақтың нөмірі: 11 Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару
«Әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер». Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдау «Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Мақсаты:
9.2.3.1 -әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу
Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).
1. Есептің шартын қысқаша өрнектеу.
2. Реакция теңдеулерін жазып теңестіру.
3. Теңдеу бойынша берілген және есептеп табуға қажетті заттардың сандық сипаттамаларын (ν, Mr, M, m, V) тауып, теңдіктің астына жазу.
4. Есептің шартына сәйкес заттардың зат мөлшерлерін есептеу.
5. Қай заттың артық берілгенін табу.
6. Аз мөлшерде берілген зат бойынша реакция нәтижесінде түзілген заттың массасын (көлемін, зат мөлшерін) есептеу.
7. Есептің жауабын жазу.
Есеп. Массасы 20 г мыс сульфаты бар ерітіндісін массасы 8 г натрий гидроксидінің ерітіндісімен араластырғанда қанша мыс гидроксидінің тұнбасы түзіледі?
Шешуі: Екі затты қосқанда жүретін химиялық реакцияның теңдеуін және есептеуге қажетті заттардың мөлшерлерін жазамыз:
1) CuSO4 + 2NaOH = Na2SO4 + Cu(OH)2↓ 2) ν, моль 1 2 1
М, г/моль 160 40 98
m, г 160 80 98
ν = ν(CuSO4) = 0,125 моль; ν(NaOH) =0.2 моль
3) Eсептің шартында беріліп тұрған екі заттың мөлшерлерін салыстырамыз:
ν(CuSO4) < ν(NaOH)
4) Реакция барысында зат мөлшері аз зат толық жұмсалады. Олай болса, реакция мыс сульфаты бойынша жүреді. Реакция өнімінің зат мөлшері де соған тең болады.
5) Зат мөлшері бойынша түзілген тұнба мыс (II) гидроксидінің массасын табамыз:
m(Cu(OH)2) = ν(Cu(OH)2) * М(Cu(OH)2) = 0,1 моль * 98 г/моль = 9,8 г.
Жауабы: 9,8 г. Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).
http://bilimdiler.kz/himia/27377-sandyk-esepter.-arekettesushi-zattardyn-bireui-artyk-alyngandagy-himiyalyk-reakciya-tendeuleri-boyynsha-esepteuler.html
Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).
1-тапсырма Массасы 15г калий гидроксиді бар ерітінді мен массасы 30г алюминий хлориді бар ерітіндіні араластырғанда неше грамм алюминий гидроксиді түзіледі
2-тапсырма 104 гр барий хлоридімен 24,5 грамм күкірт қышқылы әрекеттескенде түзілген тұнбаның салмағы қанша, қай зат қанша артық қалды?
3-тапсырма Оқулық 52бет, № 2 есеп шығару
4-тапсырма Оқулық 52бет,№3 есеп шығару
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.
Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.