Бекітемін_________
Күні: 6.04.2017
Сынып: 7
Пән: геометрия
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Есептер шығару барысында бұрыштардың қасиеттері қолдана білу.
Дамытушылық: Өткен материалды естеріне түсіріп, оларды іс жүзінде қолдана білу биімділіктерін қалпына келтіру
Тәрбиешілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке және өзін-өзі басқаруға үйрету.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру
Өткенді қысқаша қайталау. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру
Өзіндік жұмыс
Үйге тапсырма беру: Сұрақтарға жауап жазу.
Қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру
Өткенді қысқаша қайталау. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру
Өзіндік жұмыс
1-нұсқа
Теориялық бөлім
Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді?
Қандай бұрыш сүйір, доғал, тік және жазыңқы деп аталады?
Қандай бұрыштар сыбайлас деп аталады және олардың бұрыштарының қосындысы неге тең?
Вертикаль бұрыштардың қандай қасиеттері бар?
Үшбұрыштың медианасы деген не?
Жарты түзу дегеніміз не?
Дәлеледеу қажет етпейтін математикалық сөйлем?
Тік бұрыш неше градусқа тең?
Үш қабырғасы әртүрлі болатын үшбұрыш?
Бір жазықтықта жататын қиылыспайтын екі түзу?
Негізгі геометриялық фигуралар?
Бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген жазықтықтың бөлігі?
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы?
Шеңбер дегеніміз не?
Хорда дегеніміз? Доға дегеніміз не?
Практикалық бөлім
а және в түзулері параллель ме?
Екі түзу қиылысында пайда болған бұрыштардың біреуі130 градус. Қалған бұрыштарды табыңдар.
Үшбұрыштың қабырғаларын ұзындығы 7 см, 8 см, 15 см. Периметрін тап.
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 15,6 м. Табан қабырғасы бүйір қабырғасынан 3 м-ге кем болса, қабырғаларын табыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |