Сабақтың тақырыбы Етістік 1 6 жаттығу Сілтеме



Дата11.01.2017
өлшемі1,42 Mb.
#7300
түріСабақ

Қазақ тілі

3 сынып

Сабақтың тақырыбы

Етістік 1 – 6 жаттығу

Сілтеме

Жоспар. Қазақ тілі оқулығы. «Атамұра». Қазақ тілі оқыту әдістемесі. Интернет желісі

Жалпы мақсаты

Етістік туралы 2-сыныпта берілген білімді еске түсіріп, ол заттың әр алуан іс-әрекетін, қимыл порцесін білдіретін сөз табы екендігі,оған қойылатын сұрақтар, етістіктің зат есіммен байланысы жөнінде берілген түсініктері кеңейеді.

Күтілетін нәтиже

Етістік туралы білімдері кеңейді, сауатты жазуға дағдыланады

Негізгі идеялар

Етістікті меңгерту

Тапсырмалар

Сурет бойынша сөйлеу, «Үн қатпа» ойыны,

жұптық жұмыс, топтық жұмыс, «Жалғасын тап» ойыны



Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Класс оқушыларына жағымды ахуал туғызу, сабаққа назарын аудару.

Қазақ тілін бастаймыз,

Білімнен біз қашпаймыз.

Ойға түйіп әр сөзін,

Кілең бестік жинаймыз.

Топқа бөліну («Асық» ойыны арқылы бөліну)

І топ Зат есім

ІІ топ Сын есім

ІІІ топ Етістік

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

«Мен мұны білемін» өткен сабақты пысықтап, жаңа сабаққа дайындық жасау.

«Мен сені таңдадым» әдісі арқылы оқушылардан үй тапсырмасын сұрау

56 – жаттығу

Ребусты дұрыс шешсең, төмендегі жұмбақтың жауабын табасың. Жұмбақтың шешуіндегі сөзді үш жақта, жекеше, көпше түрде тәуелдеп жазып, шағала тақырыбына мәтін жазып келу

Ойын. «Үш қапта»

Әр топта бір-бір оқушы шығып, қимылды көрсетеді, ал бір оқушы сол қимылды сөзбен тақтаға жазады. (Биледі, жүгірді, отырды, секірді, жазды, оқыды,тұрды)

Ережені еске түсіріп, айту.

ІІІ.Мағынаны тану.

-Балалар бүгін біз жұмыс парағымен жұмыс жасайтын боламыз. (жұмыс парағын таратып беру)

Оқулық материалдарымен жұмыс.

1 - жаттығудағы суретпен жұмыс жасалады. Оқушылар орындайтын тапсырмалары:

Суреттердің мазмұны бойынша қандай тақырыпқа әңгіме құрауға болады?

Әңгімеге ат қой

әңгімеден етістіктерді тауып, астын сызу;



• етістіктерге сұрақ қою;

Әнуар балықтарға жем шашты.

Қай сөз не істеді? сұрағына жауап беріп, етістік болып тұр?


  • Электронды оқулықтан етістіктің ережесін тыңдап, қайталау.

Ізден, ойлан, тап”

2 – жаттығуда жұмбақты оқып, шешуін табу. Ішінен етістіктерді теріп жазып, сұрақ қою. Сөйлемді етістіксіз айтып көр. Етістік не үшін керек екен?

Қалқиды, үйілген, иілген, тарайды, қарайды.

Жұмбақтың шешу: аққу. Аққу туралы оқушылардан білетіндерін сұрау.

Мысалы: Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. 


Жұптық жұмыс:

Сөздерді оқып, сипатына қарай екі бағанға бөліп жаз

Ата, ойнады, іні, балық, жинады, қуды, түйе, жарысты, шортан, айтты, терезе, келді, ойнады, ұшақ


Зат есім

Етістік

Ата

Ойнады

Іні

Жинады

Балық

Қуды

Түйе

Жарысты

Шортан

Айтты

Терезе

Келді

Ұшақ

Ойнады


Сергіту кезеңі. «Жалғасын тап» ойыны

Әр топ өз аттарына байланысты сөз айтып, сөйлемдер құрайды.

І топ Зат есім - мысық

ІІ топ Сын есім - үлкен



ІІІ топ Етістік - болады т.б
5 - жаттығу бойынша берілген малдардың қайсысы қалай төлдейтінін жазыңдар. (Оқушылар тақтаға шығып орындайды.)

Бие құлындайды.

Қой қоздайды.

Түйе боталайды.

Сиыр бұзаулайды.

Ешкі лақтайды.


  • Етістіктердің астын сыз. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт



Топтық жұмыс

І топ Түйе

ІІ топ Жылқы

ІІІ топ Сиыр

Әр топ оқушылары осы ірі қара мал туралы білетіндерін жазады және қорғайды.
Сендер оны орындай алатындарыңа мен сенімдімін

6 – жаттығу Дұрысы қайсы, бұрысы қайсы?

Бие мөңірейді. Бие кісінейді.

Түйе мияулайды. Түйе боздайды.

Қой үреді. Қой маңырайды.

Сиыр қыт – қыттайды. Сиыр мөңірейді.

Ешкі кісінейді. Ешкі бақырады.

Ит бақырады. Ит үреді.

Тауық маңырайды. Тауық қыт – қыттайды.

Мысық боздайды. Мысық мияулайды.



Сабақты қорытындылау:

Жеке жұмыс

“Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?”




Сұрақ

Шындық

Жалған

1

Зат есімнің сұрақтары: Не істеді? Неғылды? Қайтты?







2

Көптік жалғаулары: -лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер







3

Туынды зат есім түбірге жалғау жалғану арқылы жасалады.







4

Тәуелдік жалғаулары төрт жақта, негізгі және көпше түрде айтылады.







5

Әнші, биші, суретші - жалпы есім







6

Етістіктің сұрақтары:Не істеді? Неғылды? Қайтты?







7

Заттың қимылын, іс – әрекетін білдіретін сөздерді етістік деп атаймыз.







8

Алматы, Жансұлу, Сырдария, Париж – жалқы есім







9

Етістік дара және күрделі болып екіге бөлінеді.







10

Етістік сөйлем мүшесінде бастауыш қызметін атқарады.







Сұрақтар:

1. Қандай сөздер етістікке жатады?

2. Етістікке қандай сұрақтар қойылады?

3. Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?



VІІ. Рефлексия. Кері байланыс


Мадақтау. Бағдаршам арқылы, жұлдызшалар арқылы, жетондар тарату арқылы.


Кейінгі тапсырмалар

4- жаттығу

Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрау, ереже жаттау.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет