Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі



бет1/4
Дата15.09.2017
өлшемі0,58 Mb.
#32708
түріСабақ
  1   2   3   4



Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Ф дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.Сөйлем ішінен ф әрпі бар сөздерді тауып жазу, ф дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіру,басқа дыбыстардың айтылуымен салыстыру, дыбыстық талдау жасату.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп , кеспе буын, суреттер, әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру , сұрақ-жауап, жеке жұмыс

Күтілетін нәтиже: ф дыбысы мен әрпін біледі. Дыбыстық талдау жасай алады.

Сабақтың барысы:






Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт

1.

Ұйымдастыру

1.Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық.

«5»болсын алар бағамыз.

Біліммен бақыт табамыз

Өнерменен өрістеп

Өсе берсін санамыз

Мақсатымыз білім алу,

Міндетіміз еңбек ету.

-Жарайсыңдар,балалар, көңіл-күйіміз жақсы болса, көңілді отырып сабағымызды бастаймыз.


Хормен айтады. Жауап айту.

1 минут

2

Өткен сабақтан алған білімін тексеру

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбысты таңбалап жазсақ не болады?

-Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?


Жеке-жеке тұрып жауап бергізу.

Сөйлем құрату.



1 минут

Негізгі кезең



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт

3


Жаңа сабақ материалы

(оқулықпен жұмыс)





-Оқушылар жұмбақ шешкіміз келе ме?

Қыста дем алып,жазда тынбайды,

Көкке атылып, жерге құлайды. (фонтан)

Өңкей сығай екі топта,



Таласып жүр бір допқа. (футболшы)

-Фонтан,футболшы сөздері қандай дыбыстан басталған?

-Ф дыбысынан

-Ендеше біз бүгінгі сабағымызда Ф дыбысымен және әрпімен танысамыз.
Ф Бұл-дауыссыз дыбыс.Себебі созылып айтылмайды. Айтылуына қарай қатаң дауыссыз дыбыс.Орыс тілінен енген

дыбыс.


Ф дыбысының дұрыс артикуляциясы мынандай: үстіңгі ерін сәл көтеріңкі қалыпта болады да тіске тимейді, иек сәл төмендейді, астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады.Тіл ауыз қуысында еркін жатып,дем үстіңгі тіспен астыңғы ерін арқылы дауыс қосыла шықса Ф дыбысы жасалады.

-Ф дыбысын хормен айту.

-Қандай дыбыс?

-Дауыссыз дыбыс

-Қандай текшемен белгігейміз?

-Көк дөңгелекшемен

Тақтамен жұмыс.(Суретпен жұмыс жүргізу)

-Оқушылар тақтаға назар аударамыз.

Мынау Ф әрпінің баспа түрі.Оны оқулықтардан,газет журналдардан көреміз.

Ал жазба түрін жазу жазғанда қолданамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет