Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
9.1.4.5 -галоген молекулаларының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтау
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:
-галоген молекулаларының электрондық формулаларын құрастырады. Кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтайды
Oқушылардың көпшілігі орындай алады:
- галогендерді периодтық жүйеден табады, молекулаларының кристалдық тор түрі мен байланыс типін құрастырады.Физикалық қасиеттерін айтады.
Кейбір oқушылaр орындай алады:
-Тұрмыстық химиялық заттардан галогендерді анықтайды және олардың формулаларын құрастырады.
Бағалаукритерийі
-галогендерді периодтық жүйедентаба алады,молекулаларының электрондық формулаларын құрастыра алады.Кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтай алады
-галоген молекулаларының кристалдық тор түрі мен байланыс типін түсіндіре біледі
-тұрмыстық химиялық заттардан галогендерді анықтай алады және олардың формулаларын құрастыра алады.
Зайырлы қоғам және жоғары руханият,денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарттарын топтық жұмыста өзара құрмет көрсету, қарым – қатынас жасау дағдысын қалыптастыру, ынтымақтастыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу
Пәнаралықбайланыс
-биология,математика,физика, ағылшын тілі
Алдыңғы білім
- 7.2.1.3.периодтық кестенің кестенің құрылымын білу және сипаттау: топтар және периодтар;
- 8.2.1.6. химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру;
Мақсаты:Оқушылардың көңіл күйін көтеру, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
Топқа бөлу
Мақсаты:Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, бір-бірінің ойын тындауға үйрету.
Нұсқау: 1-топ «Хлор», 2- топ «Бром», 3 топ «Йод»
Оқушылар топқа топ атауы жазылған кеспе қағаздарды алу арқылы бөлінеді.
«Доп лақтыру» әдісі (топтық жұмыс) Әр топ мүшелері допты лақтыру арқылы өткен тақырып бойынша сұрақ таңдап жауап береді, жауап бере алмаған жағдайда топ мүшелері көмектеседі.
(үй тапсырмасы тексеріледі)
Мақсаты:Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тексеру. Сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.