Сабақтың тақырыбы: Географиядағы аудандастыру әдістері



Дата21.09.2023
өлшемі2,07 Mb.
#181978
түріСабақ
Байланысты:
Географиядағы аудандастыру әдістері
123, ҚМЖ Тасболатов Ж, ҚМЖ Тасболатов Ж, 14 лекция каз Общ. социология, 4 лекция каз Общ. социология, Силлабус ежелгі және хандық д. әдебиеті, pdf 20230313 112609 0000

Сабақтың тақырыбы:

Географиядағы аудандастыру әдістері

«Аудан, аудандастыру дегеніміз..............»

- Географиялық аудандастыру әдістерін қолдану;


Сіздердің меңгеретіндеріңіз:
Сіздердің білетіндеріңіз:

Аудандастырудың ғылыми негіздері ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында қалыптасты. Аудандастыру арқылы аумақтағы географиялық жағдайлары ұқсас бөліктер жүйеленіп, өзіндік әркелкіліктері бар аумақтық жүйелер айқындалады. Аудандастыру негізінде географиялық кеңістік жіктеледі.

Географиялық аудандастыру - аумақты географиялық жағдайларының біртектілігі бойынша кеңістікті жіктеу

Географиялық аудандастырудың мақсаты – өзіндік белгілер жиынтығы бар аумақтық жүйелерді анықтап, кеңістіктегі шекараларын белгілеу, сипаттау

Географиялық кеңістік – белгілі бір аумақта орналасқан және уақытқа сәйкес дамитын географиялық нысандар арасындағы қатынастардың жиынтығы

Ареал – жер бетінде белгілі бір құбылыстың, нысандардың немесе ұқсас жағдайлардың ағзалар қауымдастығының таралу аумағы

Географиялық кеңістікті аудандастыруда зерттеу нысанына байланысты ареалдарға жіктеледі


Ареалдар
Біртекті ареал
  • Аудандастырылатын нысан немесе құбылыс ареалдың барлық бөлігінде бірдей қасиеттерге ие және таралу жиілігі бірдей болады;
  • Ареал ішіндегі байланыстар тығыз, тұрақты сипатта болады;

Торапты ареал
  • Аудандастырылатын нысан немесе құбылыс арелдың орталық (ядро) бөлігінде неғұрлым айқын көрінеді, шеттеріне қарай жиілігі төмендейді;
  • Шегаралары көршілес ядроның ықпал ету ареалы арасындағы өтпелі аумақтар арқылы жүргізіледі;

Біртекті ареалдарды анықтауда нысандар екі түрлі тәсілмен біріктіріледі: қосу және бөлу

Физикалық географияда табиғи жүйелерді аудандастырудың екі негізгі әдісі қолданылады:


Экономикалық және әлеуметтік географияда аудандастырудың негізгі екі әдісі қолданылады:
Сапалық талдау әдісі
Аумақтардың нақты даму мәселелері мен өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіледі
Сандық талдау әдісі
Аумақтар статистикалық және басқа есептеу көрсеткіштері негізінде маңызды белгілеріне қарай топтастырылады

1-тапсырма. Қазақстанның физикалық географиялық аудандастыруға қатысты картамен жұмыс.


а) Қазақстанда 9 физикалық- географиялық аудан бар. Картада берілген сандарды физикалық- географиялық аудан атауларымен сәйкестендіріңіз.
b) Карта бойынша аудандастырудың қандай тәсілдері қолданылғанына түсінік беріңіз.

Жауап

Географиялық нысандар

 

Сауыр Тарбағатай

 

Шығыс Еуропа жазығы

 

Жоңғар (Жетісу) Алатауы

 

Тұран жазығы

 

Алтай-Саян

 

Тянь-Шань

 

Солтүстік қазақ жазығы

 

Мұғалжар

 

Сарыарқа

Бағалау дискрипторы: - Картада берілген сандарды физикалық- географиялық аудан атауларымен сәйкестендіреді. - Карта бойынша аудандастырудың қандай тәсілдері қолданылғанына түсінік береді.

2-тапсырма Дүниежүзінің физикалық картасымен жұмыс. Дүниежүзін геоморфологиялық тұрғыдан аудандастырыңыз;


Таулар

Жазықтар

Аласа таулар

Орташа биік таулар

Биік таулар

Ойпаттар

Қыраттар

Үстірттер

Бағалау дискрипторы: - Геоморфологиялық аудандастыруды біледі; - Тауларды биіктігі бойынша аудандастырады; - Жазықтарды жіктейді; - Аудандастыру ареалдардың қай тобына жататынын анықтайды; - Аудандастыруда қандай тәсіл қолданылатынын түсіндіреді;

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Географиялық аудандастырудың басты мақсаты не?
  • Аудандастыруда ареалдардың қандай негізгі топтары ажыратылады?
  • Физикалық және экономикалық географияда аудандастырудың қолданылатын әдістерін ата;


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет