Сабақтың тақырыбы: Графикалық редакторының сурет салу құралдары. Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі26,59 Kb.
#30501
түріСабақ
Сабақ жоспары «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

__________________________

Пән аты: Информатика

Күні: 26.12.2015ж

Cынып: 5 «Ғ»
Сабақтың тақырыбы: Графикалық редакторының сурет салу құралдары. 
Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Түзу сызықтар салу дағдыларын қалыптастыру. Тік төртбұрыштар мен дөңгеленген тікбұрыштарды салу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сызықтардың түсін, қалыңдығын өзгертуді, 
эллипстер, шеңберлер және қисық сызықтар салғанда, олардың 
түсін,қалыңдығын өзгерте білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. 
Сабақ түрі: Аралас сабақ. Практика.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме. Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:АКТ құрылғылары, үлестірмелер

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй жұмысынтексеру
III. Үй тапсырмасын бекіту
ІV. Жаңа сабақ
V. Практикалық бөлім
VI. Қорытындылау 
VІII. Үй тапсырмасын беру
IX. Бағалау 
II. Үй жұмысын тексері

1. Paint графикалық редакторы туралы ұғым;
2. Графикалық деректерді енгізу және шығару үшін қандай құрылғылар қолданылады? 
3. Графикалық редактор дегеніміз не? 
4. Растрлық графиканың кемшілігімен артықшылығын ата?
5. Қандай тәсілмен файлды ашуға және файлды құруға болады? 
6. Суретті салу мен толтыру үшін түстерді қалай таңдаймыз?
7.
III. Үй тапсырмасын бекіту
1. Paint грфикалық редакторы қалай іске қосылады ?
Жауабы: Іске қосу – Бағдарламалар – Стандартты – Paint графикалық редакторы.

2. Графикалық редактордың мүмкіндіктерін ата:


Жауабы: Бұл бағдарлама әртүрлі суреттерді салуға, түрлендіруге мүмкіндік береді. 
3. Графикалық редактор терезесінің элементтерін ата:
Ақпараттық диктант
Жаңа сабақ
- ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
- белгілеу құралы бұл суреттің тіктөртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
- өшіргіш құралы, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған құрал.
- құю (заливка) құралы, бұл кескіннің немесе тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.
- түс таңдау, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез – келген нүктесінің түсіне өзгертеді.
- масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.
- карандаш құралы, бұл кез – келген сызықты әртүрлі жуандықта сызуға арналған.
- кисть құралы, бұл ерікті сызықтарды салуға арналған. Оның қажетті түрін таңдап алуға болады.
- бүріккіш құралы, бұл эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.
- жазу құралы, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.
- сызық құралы, бұл түзу сызық салуға арналған.
- қисық құралы, бұл тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.
- тіктөртбұрыш құралы, бұл тіктөртбұрыш салуға арналған.
- көпбұрыш құралы, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.
- эллипс құралы, бұл шеңбер немесе эллипс салуға болады.
- бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш немесе квадрат салуға арналған.

І тапсырма. Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып, үйшіктің суретін салыңыз.


1І - тапсырма. Жұмбақтардың шешуін тап, суретін сал
Жаңбыр жауса нөсерлеп,
Әрі-сәрі болмаймын.
Алып жүрсең қолыңа,
Су болудан қорғаймын
. (Қолшатыр)
Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста. (Шырша)

Күндіз кірер «інге»,


Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Болам дейді күндей. (Ай)

Көктем сайын жайқалып,


Жаңбыр суын ішемін.
Күз болғанда сарғайып,
Қурап-қурап түсемін
ІІІ - тапсырма. Еңбек құралдары мен ыдыстарды Түзету – Көшіру, Түзету – Қиып алу командалары арқылы екі топқа бөліп жинақта.
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма:
1) Әр құралдың міндетін жатқа білу
2) «Сиқырлы дастархан» суретінің эскезин жасап келу.
Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет