Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция типтері және химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару



Дата06.02.2022
өлшемі7,91 Kb.
#27470
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция типтері және химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару.

Мақсаты.

  • Оқыту : химиялық реакция типтерін салыстыруға анализ жасауға химиялық теңдеулер құра білуге, теңдеу бойынша есеп шығаруды үйрету.
  • Дамыту : химиялық теңдеулер бойынша білім- білік дағдыларын дамыту арқылы алған білімдерін іс- жүзінде пайдалана білуін қалыптастыру.
  • Тәрбиелік : өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге адамгершілікке тәрбиелеу.
  • Түрі: Ойын сабақ.

Ойын: “Мықты химик” “Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар”

Жоспар:

  • Бәйге (ауызша сұрақтар)
  • “Қыз қуу”
  • Жүгірген озар, қуған жетер
  • Химиялық баспалдақ.
  • Нысанаға дәл тигіз.
  • Мықты химик.

Бәйге

Ауызша сұрақтар.

  • Химиялық реакциялардың теңдеулері
  • дегеніміз не?
  • Химиялық реакциялардың типтерін ата.
  • Қосылу реакциясы қандай заттардың арасында жүреді мысал келтір.
  • Айырылу реакциясы қалай жүреді мысал келтір.
  • Орынбасу реакциясы туралы не білесің?
  • Алмасу реакциясы қандай заттар арасында жүреді мысал келтіре

“Қыз қуу”

Жүгірген озар, қуған жетер

  • Есептер шығару.
  • Массасы 3,2 г. мыстағы зат мөлшерін, атом санын анықтаңдар.
  •  
  • Массасы 6,6 г.көмір қышқыл газының (қ.ж) алатын көлемін, зат мөлшерін, молекула санын анықтаңдар.
  •  
  • Зат мөлшері 0,25 моль күкірт (IV) оксидінің массасын, (қ.ж) алатын көлемін , молекула санын анықтаңдар.
  •  
  • Молекула саны 3,01*1023 Na2CO3 массасын зат мөлшерін есептеңдер.
  •  

Мен саған, сен маған.

  • Химиялық теңдеулерді құруға жаттығулар.
  • I –Нұсқа .Теңдеуді аяқтап валенттілік бойынша формула құрастыр реакцияның қандай типіне жататынын анықта.
  • Na2О +H2O = Cu(OH)2=
  • CH4 + O2=CO2+H2O
  • V II
  • P + ? = P O
  • Ае(ОН)3 = Ae2O3+ H2O
  • II – Нұсқа N2 + ? =NH3
  • Mg + H2SO4 =
  • CaO + CO2 = Ae2O3 + H2SO4 =…+…
  • Ca(OH)2 + HCI =

Тапсырма № 1 .

  • Теңдеуді аяқтап,коэффициенттер қойып теңестіріп химиялық реакция типін анықта.
  • H2O + SO3= …
  • MgCO3=... + …
  • C+? = CO2
  • … + CI2= AeCI3
  • N2 + …= NH3
  • CuO + H2SO4= CuSO4 + …

Химиялық баспалдақ.

  • Mg + O2 =
  • H2O =
  • Zn + HCl =
  • P + O2 =
  • H2SO4 + KOH=
  • Fe2O3 + H2 =

2Mg + O2 = 2MgO (қосылу.)

  • 2Mg + O2 = 2MgO (қосылу.)
  • 2H2O = 2H2 + O2 (айырылу.)
  • Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2 (орынбасу.)
  • 4P + 5O2 = 2P2O5 (қосылу.)
  • H2SO4 + 2KOH = K2SO4 + 2H2O (алмасу.)
  • Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O (орынбасу.)

Нысанаға дәл тигіз.

  • Оттегінің 2 молі берілген, оттегінің массасын,көлемін(қ.ж) және молекула санын табыңдар?
  • Массасы 92 г. натрий хлормен әрекеттескенде неше г.натрий хлориді (ас тұзы) түзіледі?

Есептің жауабы.

  • Берілді : Шешуі :
  • n(O2) = 2 моль N(O2) = n ∙ NA =
  • 2 моль ∙ 6,02 ∙ 1023 моль-1 =
  • N, m, V (O2) - ? 12,04 ∙ 1023 молекула
  • m (O2) = n ∙ M = 2 моль ∙ 32 г/моль = 64 г
  • V (O2) = n ∙ Vm = 2 моль ∙ 22,4 л/моль = 44,8 л
  • Жауабы : 12,04 ∙ 1023 молекула,
  • 64 грамм, 44,8 литр.

Мықты химик.

  • Сабақты қортындылау . Тапсырма №3.
  • Жұмыс дәптері 30-31 беттегі химиялық теңдеулер бойынша есептер шығару. №81,82,83
  • Сабақты бекіту 36 беттегі тест жұмысы.
  • Бағалау , үйге тапсырма 17,18,19 тапсырмалар.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет