Зат мөлшері а деңгейі Көмірқышқыл газының 3,01*1023 молекуласының (қ. ж.) алатын көлемін есепте



Дата29.10.2022
өлшемі15,55 Kb.
#155622
Байланысты:
ЗАТ МӨЛШЕРІ (1)


ЗАТ МӨЛШЕРІ
А деңгейі
1. Көмірқышқыл газының 3,01*1023 молекуласының (қ.ж.) алатын көлемін есепте.
2. Массасы 28 г литий суда ерігенде сутектің (қ.ж.) қанша көлемі түзілетінін есепте.
3. Зат мөлшері 3 моль күкірт қышқылының массасы неге тең?
4. Сынаптың 0,5 молінде канша атом болады?
5. 3 моль алюминий оксидімен 294 г күкірт қышқылы әрекеттескенде түзілетін тұздың зат мөлшерін тап.
6. Массасы 460 г азот(IV) оксиді қалыпты жағдайда қандай көлем алады?
7. 5 м3 метанды CH4 толық жағу үшін қанша көлем(қ.ж.) оттек газы қажет?
8. Оттек бойынша тығыздығы 2 болатын газдың салыстырмалы массасын анықтаңдар.
9. Көлемі 250 л(қ.ж) хлордың массасы мен зат мөлшерін есептеңдер.
10. Массасы 196 г күкірт қышқылындағы сутектің зат мөлшерін, атомдар санын, массасын табыңдар.

В деңгейі
1. Массасы 8 г газ (қ.ж.) 5,6 л көлем алады. Газдың молярлық массасын анықтаңыз.
2. Массасы 320 г күкірт (ІV) оксиді (қ.ж.) алатын көлемі.
3. Құрамында 18,06∙1023 молекуласы бар судың (40*С және 1 атм қысымдағы) көлемі.
4. Көлемі 1,5 л (қ.ж.) көмір қышқыл газында болатын молекула санын анықтаңыз.
5. 7,1 кг фосфор(V) оксидіндегі молекулалар саны.
6. Қалыпты жағдайдағы 5 л оттектің массасы 5 л метанның массасынан неше есе үлкен?
7. Берілген температурадағы күкірттің ауамен салыстырғандағы тығыздығы - 8,83. Осы күкірт молекуласындағы атом санын есепте.
8. Массасы 90 грамға тең:
а) темір, ә) су, б) ас тұзы, в) иіс газы, г) ас содасы берілген.
Осылардың әрқайсысының зат мөлшерін табыңдар.
9. Әрқайсысының мөлшері 3,5 мольге тең:
а) аммиак;
ә) көмірқышқыл газы;
б) оттек молекуласы берілген.
Осылардың қайсысының массасы ауыр екенін табыңдар.
10. Зат мөлшері 18 моль ас содасының NaHCO3 молекула санын анықтаңдар.


С деңгейі
1. Құрамында 36 г судағыдай молекула саны бар хлорсутектің HCl массасын табыңдар.
2. Таразының сол жақ иініндегі табақшада құрамында 1,2*1023 атомы бар мырыш түйіршіктері салынған. Таразының оң жақ иінідегі табақшасына:
а) 13 г мыс;
ә) 2 моль темір;
б) құрамында 0,15*1024 атомы бар күкірт салынды.
Мырыштың, темірдің, күкірттің массаларын есептеп, салыстырыңдар.
3. Оттектің 1,5*1024 молекуласының зат мөлшері қандай болады? Күкіртсутектің H2S қандай массасында осынша молекула болатынын табыңдар.
4. Массасы 15 г болатын бір ас қасық суда судың қанша молекуласы және сутектің неше атомы болатынын табыңдар.
5. Қыз бала тамақ пісіріп жатқанда абйсызда массасы 40 г бір ас қасық қантты C12H22O11 жерге шашып алды. Ол қанттың қанша молекуласын шашып алғанын есептеңдер.
6. Темір үлгісінде 21,2*1024 атом бар. Осы темір үлгісінің зат мөлшері мен массасын есептеңдер.
7. Зат мөлшері 50 моль метан СН4 газының молекла санын және көлемін есептеңдер.
8. Массасы шамамен 5 грамға тең бір шай қасық қантта қанша молекула болатынын табыңдар.
9. Бір шөлмек 0,5 л судың молекуласын есепте.
10. Құрамында 64 г күкірттегідей атом саны бар оттектің массасын табыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет