№ 158 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Кетепова Жаухар
ҰМЖ тарауы
2 - бөлім.
Тәрбиенің қайнар бұлағы
|
Мектеп:
158 орта мектебі
|
Күні: 2-тоқсан
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 5 - сынып
қазақ әдебиеті
|
Қатысқандар: 26
|
Қатыспағандар: 0
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ы.Алтынсарин "Атымтай жомарт".
Жомарттық пен сараңдық
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5 А/И 1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар: әдеби шығармадағы екі нәрсе салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулер туралы түсінік алады, өз ойымен сәйкестендіреді.
Оқушылардың көпшілігі: әңгімедегі қарама-қайшы ұғымдарды салыстырады, ажыратады, сөз мағыналарын түсіндіреді.
Кейбір оқушылар: әдеби шығармадағы байлық пен кедейлік, жомарттық пен сараңдық секілді ұғымдарды ажыратып, өмірмен байланыстыра талдап, қорытынды пікірлерін дәлелдейді.
|
Бағалау критерийлері:
|
*Салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеулерді әдеби шығарма арқылы нақтылайды.
* әңгімедегі қарама-қайшы ұғымдарды салыстырады, айырмашылығын түсінеді.
* жомарттық, сараңдық секілді ұғымдардың мағынасын ажыратып, өмірмен байланыстырады, талдайды, тұжырымды пікір айтады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |