Сабақта жаңа технологиялық әдістерді қолданып, оқушылардың математикалық білімін өмірмен байланыстыра білуге тәрбиелеу. Алтын Қосымбай Жауынқызы Онды орта мектебі



бет1/8
Дата18.05.2017
өлшемі465,09 Kb.
#16302
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Сабақта жаңа технологиялық әдістерді қолданып , оқушылардың математикалық білімін өмірмен байланыстыра білуге тәрбиелеу.

Алтын Қосымбай Жауынқызы

Онды орта мектебі

Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолданып ,жан-жақты ойланып. түрлендіріп өткізілген сабақта білім тереңділігі , іскерлігі қамтамасыз етіледі, сонымен қатар оқушылардың ойлануына , өз беттерімен еңбектенулеріне , шығармашылықпен жұмыс жасауларына , өз ойларын ашық айта білулеріне мүмкіндік береді. Сабақ беру кезінде басты мақсат оқушыларға білімді беру ғана емес , осы алған білімді өмірде қолдана білуге үйрету.Күнделікті өмірде қолданатын , тұтып ұстайтын заттарыңды сатып апу үшін де , жеке кәсіпкерлікпен айналысу үшін қанша пайыз пайда тауып, қанша пайыз шығынданатыныңды есептеу үшін де т.б. математиканың алатын орны ерекше. Әрбір тақырыпты өткенде оны өмірмен ұштастырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту үшін сабақты қызықты да ,түрлендіріп өткізу керек.Оқушылардың білімін көтеру, оқуға деген ынтасын арттыру әрбір ұстаздың міндеті. Сабақ беру кезінде АКТ-ны қолдана отырып,сын тұрғысынан ойлау, диалог, топпен жұмыс болса онда оқушылардың есте сақтау қабілеттері, өз беттерімен ойлануы дамиды . Сонымен бірге оқушылар арасында өзара түсіністік , ұйымшылдық, сыйластық , адамгершілік , бірі-бірінің пікірін құрметтей білу дамиды.Осы мақсатта 8-сыныпта өткізген ашық сабағымды ұсынып отырмын.

1.

Сабақ жоспары

Пәні: Алгебра

Сынып : 8

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер

Мақсаты : Оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеп,

ойлау дағдыларын жетілілдіріп, қабілеттерін дамыту,жинақтау.

Математикада есеп шығаруға деген қызығушылығын арттыру

Адамгершілікке ,ұйымшылдыққа, шапшаң ойлауға ,

жауапкершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.


Міндеттірі: Пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушылардың ерекше

қабілеттерін шығармашылықпен дамыту.



Оқу нәтижесі: 1.Топпен жұмыс жасауда бір-бірінің ойын сыйлауды,

тыңдауды үйренеді.

2. Топпен жұмыс жасау кезінде ойларын ашық айтулары ,

еркін сөйлеулері қалыптасады.

3. Сыныптпа диалогтік әңгіме дамиды. Өзін-өзі бағалай

алады.Өз пікірін басқаларға дәлелдей алады



Туындайтын идеялар: Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді ажырата

білу және есеп шығару тәсілдерін үйрену.



Модуль: Сын тұрғысынан ойлау , диалог, топпен жұмыс,шығармашылық

жұмыс, ақпараттық технология , өзін-өзі және өзара бағалау.



Көрнекіліктер: 8-сынып оқулығы, дидактикалық оқу құралы, АКТ,

смайликтер, стикерлер, маркер, тапсырмалар жазылған

үлестірмелі карточкалар,т.б. қажетті ресустар


Кіріспе:

1. Сәлемдесу. Психологиялық тренинг:

Допты бір-біріне ұстату арқылы жақсы тілек айтып сыныпта психологиялық ахуал туғызады.

2 мин


2. Топқа бөліну.Оқушылар екі түрлі тәттілерді таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.

2 мин

Сабақтың барысы

Кезең .

Берілетін уақыт .

(45 минут)

Сабақтың өту барысы

Оқушы жүмысы

Жабдықтар

Ой қозғау

5 мин

1- тапсырма: "Қайталау -оқу анасы" Слайд арқылы тапсырмалар беріледі. Әр топқа сұрақтар беріледі.


1. Әр топ суретке қарап отырып өз ойларын айтады.

2. Әр топ өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді.



1. Интертақтада сурет беріледі.

2. Интертақтада әр топқа сұрақтар жазылған.





Мағынаны ашу

15 мин

2- тапсырма: "Кім жылдам?"

Ә топқа жеке тапсырмалар үлестірме қағаздар арқылы және слайдтан көрсету арқылы тапсырмалар беріледі.



2-тапсырма бойынша әр топ оқушылары есепті жеке-жеке оқып , танысып, пікірлеседі , талқылайды , шығарады. Топтар бір-бірінің есептерін тексереді . Дәптерлеріне шыққан есептерді жазып отырады.

Интертақтада әр топтың тапсырма есептері жазылған.

Әр топта бағалау парағы бар. Топтың басшылары бағаларын жазып отырады.





3-тапсырма : Оқулықтан екі топқа әр түрлі есептер беріледі.

3-тапсырма бойынша 1-топ 2-топтың есебін тақтада түсіндірсе ,ал

2-топ 1-топтың есебін тақтада түсіндіріп шығарады және дәптерлеріне жазады

Әр топ бір-бірін бағалайды және топ басшысы жазып отырады.


Оқулық

№195, №196 есептер.



Сергіту сәті

3 мин


Оқушылар әуен арқылы сергиді




АКТ

Өзіндік жұмыс
6 мин

Тарихи мағлұматтар:

Квадрат теңдеуді шешу әдістері



Әр топ берілген ресустармен танысады. топтарымен өзара пікірлесіп, талқылайды.

Оқулық

Ой қорыту

Шығармашылық жұмыс

6 мин





Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша постер қорғайды

постер

Үйге тапсырма

2 мин



Берілген тапсырманың ішінен қалаған есебін шығару

Оқулық

№199



Бағалау

2 мин

Екі топ бір-біріне "Екі жұлдыз ,бір тілек"айтады

Топ басшылары жиынтық бағасын айтады

Бағалау парағы

Рефлекция

2 мин




Смайликтермен өз көңіл күйлерін білдіреді және стикерге жазып қалдырады.

Смайликтер, стикерлер



1- тапсырма
Толымсыз квадрат теңдеу


1- слайд:
Келтірілген квадрат теңдеу



Толық квадрат теңдеу



Квадрат теңдеулер



Бөлшек рационал теңдеу



Биквадрат теңдеу


2-слайд:

І топ

1.Қандай теңдеуді квадрат теңдеу дейміз?

2.Квадрат теңдеуді шешу тәсілдері.

3. Толымсыз квадраттық теңдеудің әр түрінің неше түбірі бар болады?



ІІ топ

1. Квадрат теңдеудегі а,в,с сандары қалай аталады?

2. Толымсыз квадрат теңдеудің неше түрі бар?

3. Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?



2-тапсырма

І топтың есебі:







теңдеуін аламыз

+10а+24

+10а



бұдан 1)

2) -10 , д, теңдеудің шешімі жоқ.

Жауабы:0;-5

ІІ топтың есебі:







, бұдан



, бұдан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет